ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ, ЕҢБЕКТІ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОРНЫҚТЫ ДАМУ КОМИТЕТІ

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ, ЕҢБЕКТІ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОРНЫҚТЫ ДАМУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Миллер Тимоти Глен
Миллер Тимоти Глен
Еңбек қауіпсіздігі, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму комитетінің төрағасы, тәуелсіз директор

Комитет өз қызметін 2019 жылы Компанияның денсаулық, қоршаған орта қауіпсіздігі және орнықты даму мақсаттарына бейілділігі шеңберінде бастады.

Есепті жылы Комитет төрт отырыс өткізді, онда еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау (ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ), ESG аспектілерін стратегиялық басқару (Environmental, Social, Governance – экология мәселелері, әлеуметтік мәселелер, корпоративтік басқару мәселелері), сондай-ақ орнықты даму саласындағы есептілік туралы 40 мәселе қаралды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аудару аясында Комитет біздің әр кәсіпорында, сондай-ақ мердігер ұйымдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету көрсеткіштері мен әдістерін терең зерттеді. 2020 жылы ҚМГ компаниялар тобында еңбек қызметін жүзеге асыруға байланысты бірде-бір өлім оқиғасы тіркелмегенін атап өткім келеді. Есепті жылы Комитеттің ұсынымы бойынша Директорлар кеңесі ҚМГ-нің ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы мердігерлік ұйымдарын басқару жөніндегі корпоративтік стандартты бекітті. Қазіргі уақытта оны өндірістегі тиісті инциденттердің санын азайту үшін ҚМГ компаниялар тобына енгізу жүзеге асырылуда. Жүргізілген жан-жақты талдау менеджменттің қауіпсіздік көрсеткіштерін жақсарту үшін қалай шаралар қолданатыны және бүкіл бизнес аясында қауіпсіздік мәдениетін қалай жақсартуға болатындығы туралы түсінік берді.

Комитет ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ (deep dive questions) бойынша негізгі мәселелерді отырыстарда егжей-тегжейлі қарау практикасын енгізді. 2020 жылы климаттың өзгеруіне (парниктік газдар шығарындыларына), Сarbon Disclosure Project (CDP), Water Disclosure Project (WDP) есептілігіне, ҚМГ компаниялар тобында ілеспе мұнай газының пайдалы қолданылуын арттыруға, ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы мердігерлік ұйымдарды басқаруға және ҚМГ экологиялық рейтингісіне байланысты мәселелер қаралды.

Сонымен бірге, Комитет COVID-19 бойынша ҚМГ-дегі жағдай және ҚМГ компаниялар тобында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есептерді үнемі тыңдап отырды.

Өткен жылдың маңызды фокустарының бірі орнықты даму мәселелері бойынша есептілікте ашықтыққа ұмтылу болды. Компания орнықты даму туралы есеп шығаруды жалғастыруда. Орнықты даму туралы есеп ҚМГ 2019 жылғы жылдық есептер мен орнықты даму туралы есептер конкурсында «Орнықты даму туралы үздік есеп» номинациясында екінші орын алды. Кодекске және ҚМГнің даму стратегиясына сәйкес ұзақ мерзімді орнықты даму ҚМГнің негізгі стратегиялық мақсаттары мен міндеттерінің бірі болып табылады, ол «Самұрық-Қазына» АҚ-тың көзқарасына, Қазақстан Республикасының даму стратегиясына және әлемдік инвестициялық қоғамдастықтың күн тәртібіне сәйкес келеді.

Есепті жылда Комитет ҚМГ үшін орнықты дамудың алты басым мақсатын келісті:

  • салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жастағы барлық адамдар үшін әл-ауқатқа ықпал ету;
  • арзан, сенімді, орнықты және заманауи энергия көздеріне жалпыға бірдей қол жетімділікті қамтамасыз ету;
  • үдемелі, жан-жақты қамтылатын және тұрақты экономикалық өсуге, толық және өнімді жұмыспен қамтуға және барлығына лайықты жұмыс істеуге жәрдемдесу;
  • тұрақты инфрақұрылым құру, барлығын қамтитын және тұрақты индустрияландыру мен инновацияларға жәрдемдесу;
  • климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдау;
  • құрлық экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, орманды ұтымды пайдалану, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің тозу процесін тоқтату және кері қайтару және биоалуантүрлілікті жоғалту процесін тоқтату.

Осы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған іс-шараларды іс жүзінде іске асыруға 2021-ші және одан кейінгі жылдар арналады.

Директорлар кеңесі экология және қоршаған ортаны қорғау, Компания қызметкерлері мен мердігерлерінің оның барлық өндірістік объектілеріндегі өмірі мен денсаулығы, кадрлық әлеуетті дамыту мәселелерінің жоғары басымдылығын және осы мәселелерді еңбек қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму комитетіне беру арқылы орнықты даму саласындағы жалпыға танылған жаһандық мақсаттарға бейілділікті растайды.

Біздің 2021 жылға арналған күн тәртібіміз, 2020 жылғы сияқты, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау, орнықты даму жүйесін енгізу секілді негізгі тақырыптарға шоғырланатын болады. Сондай-ақ, біз ESG рейтингінің компоненттерін жақсарту бойынша жұмысты жалғастырамыз.

2020 ЖЫЛЫ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ, ЕҢБЕКТІ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОРНЫҚТЫ ДАМУ КОМИТЕТІ ҚАРАҒАН НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР

  • Климаттың өзгеруі туралы мәселелер (парниктік газдар шығарындылары, CDP (Carbon Disclosure Project), WDP (Water Disclosure Project) есептілігі.
  • ESG (Environmental, Social, Governance) ҚМГ рейтингі.
  • Біріккен Ұлттар Ұйымының ҚМГ үшін орнықты даму саласындағы басым мақсаттарының тізбесін келісу.
  • ҚМГ еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша есептер.
  • ҚМГ-дегі COVID-19 бойынша жағдай туралы есептер және ҚМГ компаниялар тобында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау бойынша қабылданып жатқан шаралар. COVID-19.
  • ҚМГ компаниялар тобында ілеспе мұнай газын пайдалы қолдануды арттыру.
  • ҚМГ компаниялар тобының экологиялық рейтингісі.
  • Ықтимал қауіпсіздік қатерлерін тіркеу, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін жоғары қауіпті оқиғалардың алдын алу.
  • ҚМГ компаниялар тобында еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша мердігерлік ұйымдарды басқару.
  • ҚМГ мен оның бизнес-бірліктерінде орнықты даму жүйесін енгізу және орнықты даму қағидаттарын негізгі бизнес-процестерге енгізу
  • Тұрақты дамуды енгізумен байланысты Компанияның жекелеген басшылары үшін ҚНК (қызметтің негізгі көрсеткіштерін) белгілеу.
  • Өлім жағдайларын, жол-көлік оқиғалары мен қауіпсіздік инциденттерін зерттеу және алдын алу, болған инциденттер үшін басшыларды жауапкершілікке тарту.
  • ҚМГ компанияларының тобында жүргізілетін әлеуметтік саясат, ҚМГ кәсіпорындарында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және ҚМГ компаниялары тобының әлеуметтік жауапкершілігі мәселелері.
  • ҚМГ ішкі аудит қызметі 2019 жылы жүргізген ҚМГ компаниялар тобындағы қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша анонимді сауалнама нәтижелері.
  • Этикалық рәсімдер мен қағидаттар бойынша дағдылар мен құзыреттерді дамытуға бағытталған ҚМГ қызметкерлері үшін өткізілген оқыту.

Еңбек қауіпсіздігі, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму комитетінің құрамына (2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) мыналар кіреді:

  1. Миллер Тимоти Глен – 2020 жылғы қыркүйектен бастап Комитет төрағасы;
  2. Уолтон Кристофер Джон – 2018 жылғы желтоқсаннан бастап Комитет мүшесі;
  3. Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы – 2019 жылғы мамырдан бастап Комитет мүшесі.

2020 жылы Комитет келесі құжаттарды қарап, мақұлдады:

  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобындағы еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі» корпоративтік стандарты»;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару жөніндегі корпоративтік стандарт»;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында орнықты даму саласындағы басқару жүйесі жөніндегі басшылық».
Комитет мүшелерінің 2020 жылғы отырыстарға қатысуы
Отырыстың нөмірі мен күні Комитет мүшесі
Миллер Т.Г. Уолтон К.Д. Қарабалин Ұ.С. Дайер Ф.Д. Уайт С.Д. Палья Л.М.
1/2020
11.02.2020
+ + + + +
2/2020
02.04.2020
+ + + + +
3/2020
05.10.2020
+ + + Құрамнан шығарылды Құрамнан шығарылды Құрамнан шығарылды
4/2020
07.12.2020
+ + + Құрамнан шығарылды Құрамнан шығарылды Құрамнан шығарылды
Қатысу үлесі, % 100 100 100 100 100 100