МҰНАЙ ТАСЫМАЛДАУ
ҚМГ көмірсутектерді экспорттық нарықтарға жеткізу бойынша мұнай тасымалдау инфрақұрылымының құрылысын аяқтады. Орта мерзімді перспективада мыналар басым болады:
- ҚМГ мұнай тасымалдау жүйелері бойынша мұнай тасымалдау маршруттарының тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы құрылған қуаттардың жүктемесін арттыру;
- операциялық шығындарды бақылау.
Көрсеткіші | Магистральдық құбырлармен тасымалдау | Теңіз флотымен тасымалдау | |||
---|---|---|---|---|---|
Басқарушы компания | "ҚазТрансОйл" (ҚТО) | Қазақстан-Қытай құбыры (ҚҚҚ) | МұнайТас (МТ) | Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) | Қазақтеңізкөлікфлоты (ҚТКФ) |
ҚМГ үлесі | | ҚТО: 50% | ҚТО: 51% | ҚМГ: 20,75% | ҚМГ: 100% |
Негізгі бағыттары | Еуропа мен Қытайға Экспорт, ішкі нарық | Қытайға Экспорт, ішкі нарық | Қытайға Экспорт, ішкі нарық | Еуропаға экспорттау | Еуропаға экспорттау |
Негізгі бағыттар | Қазақстан мұнай өңдеу зауыттары; Өзен-Атырау-Самара; Ақтау порты; мұнайды КҚК және Атасу - Алашанькоу жүйелеріне ауыстырып тиеу | Атасу — Алашанькоу; Кеңқияқ-Құмкөл | Кеңқияқ-Атырау | Теңіз — Новороссийск | Қара теңіз; Жерорта теңізі; Каспий теңізі |
Жалпы ұзындығы, км | 5 372 | 1 759 | 449 | 1 510 | н/п |
Қуаттылығы, жылына млн тонна | | 20 | 6 | 67 | н/п |
ҚҰБЫР ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстанның құбыр инфрақұрылымы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық оператор – "ҚазТрансОйл" АҚ-қа, оның екі бірлескен кәсіпорнына ("Қазақстан-Қытай құбыры" ЖШС мен "МұнайТас" СБТК ЖШС), сондай-ақ Каспий құбыр консорциумына тиесілі. Қазақстанның қолданыстағы құбыр инфрақұрылымы перспективалы жобалардан мұнай тасымалдау көлемін ұлғайту үшін жеткілікті әлеуетке ие.
"Қазақстан-Қытай құбыры" ЖШС (ҚҚҚ) Атасу-Алашанькоу (ұзындығы 965 км) және Кеңқияқ-Құмкөл (ұзындығы 794 км) мұнай құбырларының иесі болып табылады. ҚҚҚ қазақстандық және транзиттік ресейлік мұнайды Қытай Халық Республикасына (ҚХР), сондай-ақ Қазақстанның ішкі нарығына тасымалдауды жүзеге асырады.
"Каспий құбыр консорциумы" (КҚК) — ұзындығы 1 510 км магистральдық құбыр салу және пайдалану үшін құрылған (оның ішінде 452 км — қазақстандық учаске) Ресей, Қазақстан, сондай-ақ саланың жетекші ойыншыларының қатысуымен халықаралық мұнай тасымалдау жобасы. КҚК мұнай құбыры қазақстандық мұнайды экспорттық жеткізудің басым бағыттарының бірі болып табылады және Қазақстандық Теңіз мұнай кен орнын Қара теңіздегі (Новороссийск портына жақын) "Южная Озереевка" мұнай терминалымен байланыстырады. КҚК мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау 15 мұнай айдау станцияларымен, жалпы көлемі 1,3 млн м3 мұнай сақтауға арналған резервуарлық паркпен және үш шығарылатын айлақтық құрылғымен қамтамасыз етіледі.
Теңіз бен Қашағанда алдағы уақытта мұнай өндірудің ұлғаюына байланысты 2019 жылы КҚК акционерлері қазақстандық мұнайды тасымалдау көлемін 72,5 млн тоннаға дейін ұлғайту үшін құбыр жүйесінің тар жерлерін жою жобасын іске асыру туралы шешім қабылдады. Жобаны іске асыру мерзімі 2019-2023 жылдар, жобаның құны — 600 млн АҚШ долл. Қаржыландыру КҚК өз қаражаты есебінен көзделеді.
МҰНАЙДЫ МАГИСТРАЛЬДЫҚ ҚҰБЫРЛАР АРҚЫЛЫ ТАСЫМАЛДАУ
Компания | 2018 | 2019 | 2020 |
---|---|---|---|
ҚазТрансОйл (100%) | 45 309 | 44 463 | 42 298 |
экспорт | 19 135 | 17 591 | 16 699 |
транзит | 10 025 | 9 989 | 9 989 |
ішкі нарық | 16 149 | 16 883 | 15 610 |
Қазақстан-Қытай Құбыры (100%) | 15 997 | 16 200 | 15 883 |
экспорт | 1 506 | 859 | 571 |
транзит | 9 979 | 9 979 | 9 979 |
ішкі нарық | 4 512 | 5 362 | 5 333 |
МұнайТас (100%) | 3 878 | 3 232 | 3 321 |
экспорт | 2 697 | 1 998 | 1 595 |
ішкі нарық | 1 181 | 1 234 | 1 726 |
Каспий Құбыр Консорциумы (100%), экспорт | 61 084 | 63 256 | 59 027 |
Компания | 2018 | 2019 | 2020 |
---|---|---|---|
ҚазТрансОйл (100%) | 38 040 | 37 658 | 35 899 |
Қазақстан-Қытай Құбыры (100%) | 14 607 | 14 590 | 14 368 |
МұнайТас (100%) | 1 522 | 1 232 | 1 322 |
Каспий Құбыр Консорциумы (100%) | 80 549 | 82 997 | 77 207 |
Компания | 2018 | 2019 | 2020 |
---|---|---|---|
ҚазТрансОйл (100%) | 38 040 | 37 658 | 35 899 |
Қазақстан - Қытай Құбыры (50%) | 7 304 | 7 296 | 7 185 |
МұнайТас (51%) | 776 | 628 | 674 |
Каспий Құбыр Консорциумы (20,75%) | 16 714 | 17 222 | 16 020 |
2020 жылы магистральдық құбыржолдары арқылы мұнай тасымалдаудың шоғырландырылған көлемі ҚМГ үлесіне 3 156 мың тоннаға төмендеп, 64 181 мың тоннаны құрады. Көрсеткіштердің төмендеуі 2020 жылғы қаңтарда мұнайдағы хлорорганикалық қосылыстардың шектен тыс асып кетуінің анықталуына байланысты СНПС-Ақтөбемұнайгаз АҚ-нан мұнай жеткізілімінің шектелуіне, Құмкөл кен орындары тобының мұнай өндіруінің табиғи құлдырауы және ОПЕК+ келісімі шеңберінде мұнай өндірудің шектеулі болуы себебінен жүк жөнелтушілердің мұнай құбырлары жүйесіне мұнай тапсыру көлемінің төмендеуіне байланысты болды.
Тарифтік саясат
Қазақстанның ішкі нарығына мұнай тасымалдау тарифтері мемлекеттік реттеуге жатады.
Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №204-VI Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзит және Қазақстан Республикасынан тыс жерге экспорттау мақсатында мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтер табиғи монополиялар саласына кірмейді.
Компания | 2018 | 2019 | 2020 |
---|---|---|---|
ҚазТрансОйл | 4 292 | 4 722 (01.01.2019 б –31.08.2019) 4 717 (01.09.2019 б –31.12.2019) | 4 110 |
Қазақстан - Қытай Құбыры | 6 507 | 7 158 | 6 456 (01.01.2020 б –31.01.2020) 7 158 (01.02.2020 б –31.12.2020) |
МұнайТас | 5 698 (01.01.2018 б –30.06.2018) 5 724 (01.07.2018 б –31.12.2018) | 5 724 (01.01.2019 б. –30.06.2019) 5 912 (01.07.2019 б. –24.12.2019) 5 457 (25.12.2019 б. –31.12.2019) | 5 457 (с 01.01.2020–24.12.2020) 5 912 (25.12.2020 б. –31.12.2020) |
Компания | 2018 | 2019 | 2020 |
---|---|---|---|
ҚазТрансОйл, 1 мың км-ге шаққанда, тонна үшін теңге | 6 399 | 6 399 | 6 399 (01.01.2020 б. –29.02.2020) 7 359 (01.03.2020 б. –31.12.2020) |
Қазақстан-Қытай құбыры, 1 мың км-ге шаққанда, тонна үшін теңге | 6 799 | 6 799 | 6 799 |
МұнайТас, тонна үшін 1 мың км | 5 912 | 5 912 | 5 912 |
Каспий Құбыр Консорциумы, тонна үшін АҚШ долл. | 38 | 38 | 38 |
Компания | 2018 | 2019 | 2020 |
---|---|---|---|
ҚазТрансОйл | 3,11 | 4,23 | 4,23 |
Қазақстан - Қытай Құбыры | 8,25 | 10,77 | 10,77 |
МҰНАЙДЫ ТЕҢІЗБЕН ТАСЫМАЛДАУ
Тасымалдау активтері
"Қазтеңізкөлікфлоты" ҚТКФ" ЖШС (ҚТКФ) ұлттық теңіз тасымалдаушысы болып табылады. ҚТКФ активтерінің құрамына мыналар кіреді:
- сауда флоты: жеке мұнай құю танкерлері — "Астана", "Алматы" мен "Ақтау" (әрқайсысының дедвейті 12 мың тонна); сондай-ақ "Афрамакс" – "Алатау" мен "Алтай" типті мұнай құю танкерлері (әрқайсысының дедвейті 115 мың тонна);
- теңіз операцияларын қолдау флоты (ТОҚФ) — жүк көтергіштігі 3,6 мың тонна бойынша ҚМГ сериясының сегіз баржа-алаңы;
- "Теңізшевройл" ЖШС болашақ кеңейту жобасына қатысуға арналған флот: MCV класындағы үш кеме – "Барыс"," Бүркіт" пен "Сұңқар" жүк көтергіштігі 5,2 мың тонна, үш буксир – "Талас", "Ембі" мен "Ырғыз" (гактағы тартым 40 тонна).
Мұнайды теңіз арқылы тасымалдаудың негізгі маршруттары
- Каспий теңізінің акваториясындағы маршруттар
- Қара және Жерорта теңіздерінің акваториясындағы бағыттар
Тасымалдау көлемі
2019 жылмен салыстырғанда, 2020 жылы мұнайды теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі айтарлықтай төмендеп (16,2%-ке), 8 990 мың тоннаны құрады. Мұнайды теңіз арқылы тасымалдау көлемінің азаюы негізінен Жерорта теңізіндегі көлемдердің төмендеуімен, сондай-ақ қолайсыз метеожағдайлармен түсіндіріледі.
Теңіз | 2018 | 2019 | 2020 |
---|---|---|---|
Қара және Жерорта | 4 339 | 10 186 | 8 361 |
Каспий | 2 738 | 543 | 629 |
Барлығы | 7 077 | 10 729 | 8 990 |
Теңіз | 2018 | 2019 | 2020 |
---|---|---|---|
Қара және Жерорта | 4 122 | 9 676 | 7 942 |
Каспий | 887 | 165 | 197 |
2020 жылдың наурызында ҚМГ қолдауымен ҚТКФ Оңтүстік-Шығыс Азиядан Қазақстанға ірі көлемді жүктерді тасымалдау бойынша COSCO Shipping еншілес компаниясымен шарт жасасты.
2020 жылдың сәуір-маусымында жалпы салмағы шамамен 3,6 мың тонна болатын 25 бірлік ірі көлемді жүк Румынияның Констанца портынан Атырау қаласында KPI мұнай-химия кешенін салу үшін қазақстандық Атырау портына сәтті тасымалданды. ҚТКФ жеке және жалға алынған флотты іске қосты: барлығы 42 бірлік — бұл алты баржа, 24 өзен және 12 теңіз буксирі.
ТШО БКЖ жобасын іске асыру шеңберінде 2018-2020 жылдардың навигациялық маусымдары ішінде ҚТКФ кемелері шамамен 90 ірі көлемді модульді (57 мың тонна) тасымалдады. 2020 жылы ҚТКФ-тің жобаға қатысуының аяқталуына байланысты контейнер таситын көлікке — MCV – "Барыс" бір кемесін жаңғырту бойынша шешім қабылданды. 2020 жылдың 3-тоқсанында MCV — "Барыс" кемесін жаңғырту жұмыстары басталды, оны контейнерлерді тасымалдау үшін "Ақтау-Баку-Ақтау" фидерлік желісінде іске қосу жоспарлануда.