ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Кристофер Уолтон
Кристофер Уолтон,
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы

ҚҰРМЕТТІ ИНВЕСТОРЛАР, АКЦИОНЕРЛЕР, ӘРІПТЕСТЕР МЕН СЕРІКТЕСТЕР!

Барлығымыз үшін 2020 жыл COVID-19 пандемиясының жаһандық сынағымен ерекшеленді және қиын жағдайда командалық жұмыстың беріктігі мен тиімділігін тексеруге айналды. ҚМГ өзінің орнықтылығын растап, біздің барлық стратегиялық маңызды бағыттардағы көпжылдық күш-жігеріміз осы күрделі кезеңде Компанияға жақсы қолдау көрсеткенін сіздерге хабарлауға қуаныштымын. Сондай-ақ, осы жылы бүкіл команданың Компания қызметін халықаралық нарықтар мен ел ішіндегі жағдайда жаңа шынайылықтарға және түзетілген үміттерге бейімдеу бойынша атқарған орасан зор жұмысын атап өткім келеді.

Дағдарысқа қарсы стратегия

Мемлекет мүдделерін білдіретін Қазақстанның мұнай-газ саласының көшбасшысы және маңызды әлеуметтік міндеттемелерге ие бола тұра, ҚМГ пандемия мен оның салдарының іс жүзінде барлық бағыттарындағы қызметіне теріс әсерін ерекше сезінді. Бұл – мұнай бағасының құлдырауы да, ОПЕК+ келісімінің шеңберінде өндіруді қыс қарту бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерде, мұнай өнімдеріне деген сұраныстың төмендеуі де, көмірсутектерді тасымалдау көлемінің азаюы да, карантиндік шектеулер де, сондай-ақ басқа да келеңсіз факторлар. Компанияның өндірістік және адами әлеуетін сақтай отырып, мұнайдың төмен бағаларына бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында ҚМГ Директорлар кеңесі қысқа мерзімде 2020 және 2021 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы кешенді шараларды әзірледі, Компания оларды кідіріссіз орындауға кірісті. Дағдарысқа қарсы шаралардың бес негізгі бағыты айқындалды: операциялық модель, операциялық тиімділік, қаржылық орнықтылық, инвестициялық қызмет пен цифрлық трансформация.

ҚМГ орталық аппаратының ұйымдық құрылымы оңтайландырылды, оның саны 34%-ке қысқартылды, ал департаменттердің саны үш есе азайды.

Қаржылық орнықтылықты арттыру аясында Компанияның шоғырландырылған борыш деңгейі 341 млн АҚШ долларына төмендеді. Сондай-ақ, оларды қайта қаржыландыру есебінен еурооблигациялар бойынша 907 млн АҚШ доллары сомасына біржолғы төлемдер кестесі тегістелді.

2020 жылы қоржындық және жобалық басқару бойынша тәсілдерді инвестициялық жобаларды іске асыруға енгізу процесі сәтті басталды. Қоржынды басқару жобаларды саралау арқылы жүзеге асырылады, соның есебінен жоғары тиімді стратегиялық маңызды жобаларға басымдық беріледі. Жобалар қоржынының басымды ғына сондай-ақ цифрлық трансформация бойынша дағдарысқа қарсы шаралар енгізілді, оның таза пайдасы 2020 жылы жоспарлы мәндерден 127%-ке асып, 9,3 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, активтердің дивестициясы үшін тізім кеңейтілді.

Дағдарысқа қарсы қабылданған шаралардың нәтижесінде, біз мұнай бағасы күрт құлдырағанда, дағдарысқа қарсы шараларды енгізбестен, бастапқы болжаммен салыстырғанда жыл қорытындылары бойынша неғұрлым жақсы қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізе алдық. EBITDA көрсеткіші 2,8 млрд АҚШ долларына жетті. Еркін ақша ағыны оң нәтиже көрсетіп, 213 млн АҚШ долларын құрады, ал пандемия басталған кезде ол теріс болады деп болжанған.

Іске асырылып жатқан шаралардың табысты болуының маңызды көрсеткіші 2017- 2019 жылдары борыш деңгейін бақылау және қысқарту, біржолғы ірі өтеуді уақытылы қайта қаржыландыру, ковенанттар пакетін жақсарту, өтімділікті бас қаруды арттыру, шығындарды оңтайландыру және тұтастай алғанда Компанияның қаржылық орнықтылығын нығайту жөніндегі жұмыстың арқасында Moody's, Fitch және S&P-ден Компанияның кредиттік рейтингтерін сақтау болып табылады.

Қауіпсіздік

2020 жылы ҚМГ-де еңбек қызметіне байланысты өліммен аяқталған жазатайым оқиғалар болмағанын қуана хабарлаймын. Бұл көрсеткішке ҚМГ тарихында алғаш рет қол жеткізілді. Бұл жетістік еңбекке қабілеттілікті уақытша жоғалтумен жарақаттар санының 27%-ке қысқаруымен ілеседі. ҚМГ IOGP-ге кірген сәттен бастап алғаш рет ҚМГ-дегі жарақаттану деңгейі IOGP орташа көрсеткіштерінен төмен болды. Біз ҚМГ-нің әрбір қызметкері әрбір жұмыс күнінің соңында өз отбасына аман-есен оралуы үшін елеулі қадамдар жасаймыз. Басшылық пен қызметкерлерге осы жағдайды жасауға бағытталған күш-жігері үшін шынайы алғысымды білдіремін.

Орнықты даму

Биылғы жылы біз орнықты даму саласындағы өткен жылдардың оң нәтижелерін сақтап қана қоймай, бұл үшін, аса қолайсыз жағдайларға қарамастан, осы салада елеулі прогреске қол жеткіздік. Корпоративтік басқару және орнықты даму саласындағы үздік тәжірибелерді енгізу Компанияның стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады. ҚМГ БҰҰ Жаһандық шартының 10 қағидатын және орнықты дамудың 17 жаһандық мақсатын ұстану бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда. Анағұрлым тиімділік үшін біз 2020 жылы орнықты даму қағидаттарын 2028 жылға дейін Компанияның күнделікті өміріне үш кезеңдік енгізу жөніндегі кешенді жоспарды әзірледік. Бірінші кезеңде алты басым мақсат таңдалды, оларға ҚМГ таяудағы бес жыл ішінде шоғырланатын болады, оның ішінде адамдардың денсаулығы, энергия тиімділігі, экономикалық өсу, экология, инновациялар және климаттың өзгеруіне қарсы күрес.

Алғаш рет Директорлар кеңесі 2020 жылы Басқарма мүшелері қызметінің негізгі корпоративтік көрсеткіштеріне ESG рейтингі бойынша көрсеткішті енгізді. Осылайша, әрбір қызметкер өз қызметінде орнықты даму мақсаттарын іске асыруға уәжді түрде тартылуы үшін Компанияның стратегиялық мақсатын менеджмент деңгейіне каскадтау қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, есепті жылы CDP (Carbon Disclosure Project) есептілігі кеңейтілгенін атап өткім келеді. Су ресурстарын басқару жөніндегі деректер алғаш рет 2019 жылдың қорытындылары бойынша су қауіпсіздігі жөніндегі сауалнама шеңберінде CDP алаңында жарияланды. Бұл ретте біз қатарынан екі жыл бойы CDP Климаттық сауалнамасы шеңберінде парниктік газдар шығарындылары бойынша есепті жариялап жатырмыз, оған парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындыларының көлемі туралы деректер, парниктік газдар шығарындыларын басқару мәселелері, негізгі тәуекелдер мен мүмкіндіктер кірді.

Іске асырылып жатқан іс-шаралардың дұрыстығын растау үшін біз Sustainalytics халықаралық рейтингтік агенттігінің бағалауынан 100- ден 69 балл деңгейінде сәтті өттік, бұл Компанияның орнықты даму саласындағы айтарлықтай жоғары көрсеткіштерін көрсетеді. ҚМГ ESG-рейтингісін құраушылар бөлігінде мынадай бағалар алды: экологиялық құраушы 69, әлеуметтік – 70, корпоративтік басқару – 67 деңгейінде.

Бұдан басқа, ҚМГ 34,5 балл ESG тәуекел -рейтингісін алды, бұл басқарылмайтын ESG тәуекелінің жоғары деңгейін көрсетеді. Компания тәуекел деңгейі бойынша бес санаттың төртіншісіне кірді. Sustainalytics сарапшылары ҚМГ-дегі ESG-тәуекелдерді басқаруды "мықты" деп бағалады.

Компанияның даму перспективалары

Өткен жыл мұнай компанияларының мұнай бағасының құбылмалылығына жоғары тәуелділігін тағы да көрсетті. Тігінен интеграцияланған компания ретінде ҚМГ мұнай бағасының құлдырауының теріс салдарын азайта алды. Алайда, ұзақ мерзімді перспективада, қазіргі даму бағыттарымен қатар, Компанияның құнын арттыратын және ақша ағындарын тұрақтандыратын қызметтің жаңа бағыттарын дамытуға стратегиялық орындылығы мен дайындығы туындайды.

World Oil Outlook 2045 есебінде мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) бағалауына сәйкес болжамды кезеңде сұраныстың ең жоғары өсім мұнай тұтыну құрылымының мұнай-химия секторында. ҚМГ қазірдің өзінде мұнай-химия өнімдерін (бензол мен параксилолды) өндіруді игеруде, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" АҚ сенімді басқарушысы ретінде мұнай-газ химиясы бойынша жобаларға (KPI, KLPE) полиэтилен және полипропилен өндіру бөлігінде қатысады. Мұнай және газ-химия өнімдерінің басқа түрлерін өндіруді ҚМГ перспективалық даму жобалары ретінде алдын ала зерделейді.

2020 жылғы дағдарыс мұнай-газ саласындағы энергетикалық компанияларға жаңартылатын энергия көздері мен декарбонизация жобаларын дамыту арқылы көміртек ізін азайту бойынша стратегияларын қайта қарау үшін қосымша серпін берді. Еуропалық Одақ әзірлейтін "Жасыл мәміле" (Green Deal) бағдарламасы шеңберінде, Еуропалық Одаққа импортталатын көміртек ізі үлкен өнімге көміртек салығын енгізуді к өздейтін Трансшекаралық к өміртекті реттеу тетігін (Carbon Border Adjustment Mechanism, CBAM) ескере отырып, ҚМГ жаңғыртылатын энергия к өздері (ЖЭК) және декарбонизация технологиялары жобаларын іске асыру, сондай-ақ парниктік газдар шығарындыларына көміртек бірліктерінің саудасы арқылы жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту және қоршаған ортаға шығарындыларды азайту перспективаларын зерделеуге кірісті.

Компанияның қаржылық орнықтылығын сақтай отырып, өз құнын ұлғайту ниеті перспективалы жобаларды қаржыландырудағы маңызды құрамдас бөлік болып табылады. Бұл Компанияның шығыстар деңгейі оның кірісімен өтелуі керек екенін, ағымдағы борыштық жүктеменің азаюы тиіс екенін білдіреді, ал қосымша борыштық қаражатты пайдалану жоғары табысты жобаларды, ЖЭК дамыту және қоршаған ортаға шығарындыларды азайту жобаларын, оның ішінде біріктіру мен сатып алу мәмілелерін қаржыландырумен ғана мүмкін болады.

2020 жылды қорытындылай келе, дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру шеңберінде қойылған міндеттер мен сын-тегеуріндерді жеңе алатын Компания Басқармасының маңызды жұмысын атап өткім келеді.