ГЕОЛОГИЯЛЫҚ-БАРЛАУ

ҚМГ геологиялық-барлау және қорлардың өсімін қамтамасыз ету бойынша бұрын әзірленген стратегияны ұстанады

Органикалық және бейорганикалық өсу есебінен қорларды толықтыру
  • Қолданыстағы келісімшарттық учаскелерде геологиялық барлау жүргізу
  • Өндіруші активтерге қосымша барлау жүргізу
  • Перспективалық жобаларды бағалау және сатып алу
Геологиялық-барлау жобаларын бірлесіп іске асыру үшін стратегиялық әріптестерді тарту
  • Шетелдік инвестицияларды тарту
  • Білім және технологиялар трансфері
  • Тәуекелдерді оңтайландыру
Жүргізілетін геологиялық-барлау жұмыстарының тиімділігін арттыру
  • Ағымдағы технологияларды жетілдіру және жаңа технологияларды енгізу
  • Процестерді цифрландыру
  • Барлау процестерін жобалық басқару жүйесін енгізу

2020 жылы геологиялық-барлау жұмыстарына жұмсалатын шығындар 18 млрд теңгені (үлестерді есепке алмағанда) құрады, бұл 2019 жылғы шығындардан 29 млрд теңгеге төмен. Бұл ретте бөлінген қаражат өндірудің ағымдағы деңгейін ұстап тұру және орта мерзімді перспективада қорлардың орнын толтыру үшін жеткілікті болып табылады. Шығындардың азаюы негізінен COVID-19 пандемиясынан туындаған дағдарысқа қарсы шаралар шеңберіндегі күрделі салымдарды оңтайландырумен байланысты.

2020 жылы көмірсутек шикізаты қорларының өсімі негізінен "Ембімұнайгаз" АҚ, "Өзенмұнайгаз" АҚ, "Қазақтүрікмұнай" ЖШС мен бас қаларының кен орындарын жете барлау және қайта бағалау есебінен 16 млн тоннаны құрады.

Геологиялық-барлаудың қолданыстағы жобалары бойынша 2020 жылдың маңызды оқиғаларының бірі – Шығыс Бектұрлы учаскесіндегі іздестіру ұңғымасынан тәулігіне 85 тоннаға дейін дебитпен юра шөгінділерінен сусыз мұнайдың бұрқақты ағынын алу.

2020 жылы жұмыс істеп тұрған жобаларды жете барлаудың басты оқиғасы "Ембімұнайгаз" АҚ Сағидолла Нұржанов кен орнының солтүстік-батыс қанаты ауданындағы НСВ-11 ұңғымасынан тәулігіне 70 тонна көлеміндегі дебитпен триас шөгінділерінен сусыз мұнайдың бұрқақты ағынын алу болды.

Маңызды жаңа кен орындарын табу тұрғысынан Каспий жағалауы өңірі зор әлеуетке ие, Қазақстанның көмірсутек шикізаты қорының шамамен 90%-ті осы өңірде орналасқан. 2020 жылы ҚМГ қоржыны 15 геологиялық-барлау жобасынан (сегізі — теңізде және жетеуі — құрлықта) тұрды, оның алты жобасы carry-қаржыландыру шарттарында іске асырылып жатыр.

2020 жылы сейсмикалық-барлау деректерін өңдеу және түсіндіру бойынша жұмыс жүргізілді. Жұмыстардың нәтижелері бойынша алты жоба бойынша геологиялық ресурстық әлеует м.б. 2 млрд. тоннадан артық болды, осы жобалар бойынша далалық сейсмикалық-барлау жұмыстары 2019 жылы жүргізілді.

ҚМГ мұнай-газды әлеуетін бағалау және жер қойнауын пайдалану мәніне перспективалы блоктар қоржынын дайындау мақсатында тұрақты негізде Қазақстан Республикасының шөгінді бассейндерін кешенді зерттейді. Мәселен, 2020 жылы 15-тен астам жобаның перспективалылығына геологиялық бағалау жүргізілді.

Сонымен қатар, Компания шөгінді бассейндердің модельдерін құру және жаңарту жұмыстарын жалғастыруда. Бассейндік модельдеу шеңберінде қолда бар барлық тарихи деректерді ескере отырып, блоктардың перспективалылығына кешенді талдау жүргізіледі, бұл одан әрі геологиялық-барлау жұмыстары туралы шешімдер қабылдау кезінде тәуекелдерді айтарлықтай төмендетеді. 2020 жылы Компания Үстірт-Бозащы, Маңғышлақ және Каспий өңірі шөгінді бассейнінің борттық аймақтарының (Солтүстік, Шығыс және Оңтүстік) модельдерін жаңартты, сондай-ақ Оңтүстік Торғай мен Шу-Сарысу шөгінді бассейндерінің модельдерін жасады.

2020 жылдың басында ҚМГ мемлекетпен геологиялық-барлау саласындағы ынтымақтастық шеңберінде 16 геологиялық-барлау жобасын Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекске сәйкес Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына (МЖҚҚББ) және жеті аумақты Мемлекеттік жер қойнауын геологиялық-зерттеу тізбесіне (МЖГЗ) енгізу жөніндегі процеске бастамашылық жасады. Алайда, энергия көздерінің әлемдік бағасының төмендеуіне байланысты және Компания әзірлеген дағдарысқа қарсы шаралар аясында жобалар тізбесі оңтайландырылды, нәтижесінде 2020 жылы МЖҚҚББ-ға жаңа үш жоба кірді.

Геологиялық-барлау жұмыстары 2018 2019 2020
2D-сейсмобарлау, км бойы 1 000 240
3D-сейсмикалық-барлау, км2 1 253 6 928 347
Бұрғыланған ұңғымалар саны, бірл. 55 39 19

СЕРІКТЕСТІК ЖОБАЛАРДЫ КЕҢЕЙТУ

2020 жылы ҚМГ геологиялық-барлау саласында халықаралық мұнайгаз компанияларымен ынтымақтастықты кеңейту бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.

  • Стратегиялық серіктестерді тарту мақсатында барлау жобалары бойынша геологиялық-геофизикалық ақпаратқа қашықтықтан қол жеткізуді ұсыну үшін деректердің виртуалды бөлмесі сәтті іске қосылды. 2020 жылы Chevron, CNOOC, CNPC, BP, Equinor, Eni, ЛУКОЙЛ, "Татнефть" сияқты компанияларға виртуалды деректер бөлмесіне кем дегенде 15 рет қол жеткізді.
  • ҚМГ мен British Petroleum (BP) қолданыстағы активтердің қолда бар технологиялық деректерін бірлесіп зерттеу шеңберінде Жамбыл блогының перспективалылығына жалпы бағалау жүргізді.
  • Бірлескен өңірлік зерттеу туралы келісім шеңберінде ҚМГ Еquinor, "Татнефть" және ЛУКОЙЛ серіктестерімен бірлесіп жұмыс жүргізуді жалғастыруда.
  • 2020 жылғы 7 қазанда ҚМГ мен ЛУКОЙЛ "Әл-Фараби" жобасы бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту шеңберінде келісімге қол қойды (бұрынғы I-P-2 жобасы, атауы 2020 жылғы тамызда өзгерді). Әл-Фараби учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан. Келесі қадам көмірсутектерді барлауға және өндіруге келісімшарт жасасуды көздейді.
  • ҚМГ "РН-Эксплорейшн" ЖШҚ-мен ("Роснефть "ҰК" АКҚ еншілес қоғамы) және Энергетика министрлігімен бірлесіп жер қойнауын пайдалану құқығын беру және Құрманғазы учаскесі бойынша келісімшарттық аумақты кеңейте отырып, 2021 жылдан 2026 жылға дейін барлау кезеңін ұзарту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
  • 2020 жылы Өріктау кен орнының сейсмикалық деректерін ENI компаниясымен бірлесіп 3D-өңдеу жөніндегі пилоттық жоба аяқталды, сондай-ақ Exxon Mobil компаниясымен Қашаған (шығыс) кен орнының сейсмикалық деректерін 3D-қайта өңдеу жөніндегі бірлескен жоба аяқталды.
Халықаралық компаниялармен ғылыми-техникалық ынтымақтастық