ҚЫЗМЕТ АЯСЫ

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі — ҚМГ, Компания) Қазақстанның тігінен интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы болып табылады. ҚМГ активтерді барлық өндірістік цикл бойынша басқарады — көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және сервистік қызметтер көрсетуге дейін. Компания 2002 жылы құрылған және еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді.