ОМБУДСМЕН ҚЫЗМЕТ
Омбудсмен қызметінің (бұдан әрі — омбудсмен) негізгі функцияларының бірі: ертерек даулар мен жанжалдардың алдын алу және оларды реттеу; жүйелі сипатқа ие және шешімді талап ететін проблемалық мәселелерді тиісті органдар мен лауазымды тұлғалардың қарауына шығару; жанжалды жағдайларды тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар беру арқылы ҚМГ рейтингі мен имиджін арттыру болып табылады. ҚМГ Іскерлік этика кодексінде ҚМГ қызметкерлері мен лауазымды тұлғалардың нәсілдік, діни, ұлттық, жыныстық, саяси немесе өзге де тиесілілігі, әлеуметтік шығу тегі, мүліктік және лауазымдық жағдайы, қарым-қатынас тілі және басқа да мән-жайлар негізінде біреуге қатысты кемсітушілікке жол бермеу, сондай-ақ жекелеген қызметкерлердің көрсетілген белгілер негізінде қандай да бір артықшылықтар беру туралы қағидаттары нақты жазылған. Өз қызметін іске асыру кезінде ҚМГ омбудсмені Қазақстан Республикасының заңнамасын және ҚМГ ішкі құжаттарын басшылыққа алады.
Омбудсменнің қызметі туралы есептер тұрақты негізде ҚМГ Тағайындау және сыйақы жөніндегі комитет пен Директорлар кеңесінің қарауына ұсынылады.
2020 жылы ҚМГ іскерлік этика кодексінің талаптарымен, омбудсменнің функцияларымен және міндеттерімен танысу мақсатында ҚМГ, ЕТҰ блоктарының басшылығымен, кәсіподақтардың және ЕТҰ келісу комиссияларының өкілдерімен, кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, заң қызметтерінің қызметкерлерімен, ЕТҰ инженерлік-техникалық қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылды.
ҚМГ омбудсмені COVID-19 пандемиясына байланысты карантин кезеңінде даулар мен жанжалдарды шешу мақсатында көптеген іс-шаралар өткізді:
- ұйымшылдыққа, түсіністікке және жауапкершілікке шақыратын ҚМГ қызметкерлеріне үндеу жолданды;
- омбудсменнің этникалық нормаларды түсіндіру жөніндегі үндеуі-бейнеролик шығарылды;
- «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-мен бірлесіп «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлеріне «Кәсіби шебер» модульдік бағдарламасының ҚМГ корпоративтік құндылықтары бойынша тренинг өткізілді;
- жанжалды жағдайлардың туындау тәуекелін төмендету мақсатында ҚМГ қызметкерлеріне зерделеу және жедел қолдану үшін Іскерлік этика кодексінің этикалық нормалары бойынша жаднама әзірленді және жіберілді;
- ҚМГ қызметкерлерін оқыту және ШКСБ-ны іске асыру шеңберінде күндізгі оқу бағдарламасының негізінде электрондық форматта «Барлық қызметкерлер үшін іскерлік этика кодексін зерделеу бағдарламасы» курсы әзірленді. Бұл курс бейімделу курсы аясында жаңадан қабылданған қызметкерлерді зерттеу үшін, сондай-ақ жаңа қызметкерлерді құндылықтармен және ішкі этика нормаларымен таныстыру үшін қол жетімді болды;
- жанжалды жағдайларды болдырмау мақсатында омбудсмен адами ресурстарды басқару департаментіне құрылымды оңтайландырумен байланысты қызметкерлерді қысқарту кезінде жәрдем көрсетті.
Есепті кезеңде омбудсменнің атына 44 өтініш келіп түсті, оның ішінде:
- 32 — алдын ала қаралғаннан кейін кураторларға жіберілді;
- 12 — омбудсмен қарады.
Келіп түскен өтініштер бастапқы кезеңде туындаған проблемалық мәселелерді реттеу бойынша барынша мүмкін болатын шараларды қабылдай отырып, ұсынымдық сипаттағы, оның ішінде бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдай отырып қаралды. Нәтижесінде сот және басқа да мемлекеттік органдарға қайталанған шағымдар, өтініштер жіберілген жоқ.