Макроэкономика және жаһандық трендтер
Жаһандық үрдістер және олардың ҚМГ стратегиясын іске асыруға әсері
2020 жылы сұйық отынды жеткізу және тұтыну балансының динамикасы екі түрлі кезеңмен ұсынылды. Негізгі факторлар – жаһандық COVID-19 пандемиясы, оның экономикаға әсері және ОПЕК+ үйлестірілген іс-әрекеттері.
2020 жылғы қаңтардан бастап мамырға дейін мұнайға деген сұраныстың төмендеу қарқыны мұнай өндірісінің төмендеу қарқынынан асып түсті. Қорлардың едәуір өсуі мұнай бағасының төмендеуіне ықпал етті. 2020 жылдың екінші жартысында мұнай тұтынуды қалпына келтіру, ОПЕК+ келісімі аясында өндірісті қысқарту, АҚШ-та шикі мұнай өндіруді төмендету мұнай бағасын қолдады.
АҚШ энергетикалық ақпарат басқармасының (The U.S. Energy Information Administration, EIA) 2021 жылғы 12 қаңтардағы алдын ала бағалауына сәйкес 2020 жылы сұйық отынды әлемдік тұтыну, өткен жылмен салыстырғанда, тәулігіне 9 млн баррельге төмендеді. Бұл 1980 жылдан басталатын EIA мәліметтері бойынша жыл сайынғы ең маңызды төмендеу болып табылады.
2020 жылы орташа есеппен Dated Brent маркалы мұнай бағасы 41,84 АҚШ доллары деңгейінде саудаланып, 2019 жылмен салыстырғанда, 34,8%-ке төмендегенін көрсетті, пандемияның әлемдік экономикаға әсерін, карантиндік шектеулердің салдарынан мұнайға деген сұранысты көрсетті. ОПЕК+ келісімі шеңберінде өндіруді қысқарту жөніндегі шаралар және нарықтың елдерде жаппай вакцинациялауға назары 2020 жылдың аяғында және 2021 жылдың басында мұнай бағасына қолдау көрсетті.
Энергияға деген әлемдік сұраныс дамушы елдердегі өмір сүру деңгейінің жақсару салдарынан ұзақ мерзімді перспективада өсуін жалғастырады. Бірақ нарықта көмірсутекті энергия көздерінің ролінің төмендеуіне және жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) үлесінің артуына байланысты энергияға деген сұраныс құрылымының айтарлықтай өзгеруі күтіледі. Дегенмен, Әлемдік энергетиканың даму болжамындағы British Petroleum (BP) бағалауына сәйкес, даму сценарийіне байланысты 2050 жылға қарай 20-дан 50%-ке дейін өзгеретін үлесі бар энергияға деген сұраныс құрылымында мұнай мен газдың маңызды ролі ондаған жылдар бойы сақталады (EnergyOutlook, 2020).
- Жылдам ауысу сценарийі (Rapid) аясында энергия тұтынудан көміртек шығарындылары 2050 жылға қарай шамамен 70%-ке азаяды. Бұл 2100 жылға қарай жаһандық температураның индустрияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда 2°C-тан төмен деңгейге көтерілуіне сәйкес келеді.
- Net Zero сценарийі қоғамдық мінез-құлық пен қалаулардың өзгеруіне негізделген көміртек шығарындыларын жедел азайтуды көздейді. 2050 жылға қарай жаһандық көміртек шығарындылары кем дегенде 95%-ке қысқарады. Бұл температураның 1,5°C дейін көтерілуін шектеуге сәйкес келеді.
- "Әдеттегідей бизнес" (Business-as-usual) сценарийі 2020-шы жылдардың ортасындағы көміртек шығарындыларының ең жоғары мөлшерін және 2050 жылы шығарындыларды 2018 жылғы деңгейден 10%-ке төмен болады деп болжайды.
Барлық үш сценарийде энергияға деген жаһандық сұраныстың өсуін толығымен дамушы елдер белгілейді, бұл әл-ауқаттың өскенін және энергияға қол жетімділіктің жақсарғанын көрсетеді. Бұл ретте дамыған елдерде энергия тұтынудың төмендеуі күтілуде. Әлемдік энергетиканың даму болжамындағы BP бағалауына сәйкес, барлық үш сценарий бойынша, 2018 жылғы 58%-пен салыстырғанда, 2050 жылға қарай энергияға деген сұраныстың шамамен 70%-ті экономикасы дамып келе жатқан елдерге тиесілі болады деп күтілуде.
Газға деген сұранысты Азияның дамушы елдерінің (Қытай, Үндістан, Азияның басқа да елдері) экономикалары қолдап отыр. Газ ЖЭК-ке көшу кезеңінде пайдаланылатын отын ретіндегі позицияда. Қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымының виртуалды Бас Ассамблеясында Қытай парниктік газдар шығарындыларын азайту мақсатын қатайту арқылы 2060 жылға қарай көміртекті-бейтарап тепе-теңдікке қол жеткізуге ниет білдірді. Бұл елдің көмірден табиғи газға ауысуын тездетеді деп күтілуде. Bloomberg мәліметтеріне сәйкес, Қытайда отынды тұтынуда көмірді пайдалану 2009 жылғы 71,6%- тен 2019 жылы 57,7%-ке дейін төмендеді, ал табиғи газдың үлесі 3,5%-тен 8,1%-ке дейін өсті.
World Oil Outlook 2045 есебінде Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) бағалауына сәйкес мұнай-химия секторы болжанатын кезеңде мұнай тұтыну құрылымының сұраныстың ең жоғары өсетін сегменті болып табылады. Сұраныстың болжамды өсуі тәулігіне 3,7 миллион баррельді құрайды – 2019 жылы тәулігіне 13,7 млн барр. бастап, 2045 жылы күтілетін деңгей – тәулігіне 17,3 млн баррельге дейін. Осы сұраныс өсімінің негізгі бөлігі Азияға, ОПЕК елдеріне және ЭЫДҰ-ға тиесілі болады деп күтілуде. Мұнай-газ химиясының перспективалары негізінен дамушы елдердегі кірістің өсуін көрсететін пластмассалар мен тоқыма өнімдеріне тұтынушылық сұраныспен қамтамасыз етіледі.
2020 жылы COVID-19 пандемиясы мұнай ұңғымалары мен мұнай өңдеу зауыттарын қашықтан бақылауды қолдау үшін датчиктерді, интернетті, заттарды және бұлтты есептеулерді қолдануды жеделдетті. Bloomberg деректеріне сәйкес көптеген компаниялар мұнай платформалары мен кәсіпорындарының интерактивті үш өлшемді модельдері болып табылатын цифрлық қос технологияны қолдана бастады, бұл инженерлерге үйден виртуалды қол жеткізуге мүмкіндік береді. Есептеу технологияларын, үлкен деректерді, бұлтты технологияларды және машиналық оқытуды қолдану активтердің өнімділігін оңтайландыруды және қашықтағы операцияларды орындауды қамтамасыз етеді.
2015 жылғы қыркүйекте 193 елдің көшбасшылары БҰҰ-ның "Біздің әлемді қайта құру: 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған орнықты даму саласындағы күн тәртібі" немесе Орнықты даму мақсаттары атты өршіл кешенді бағдарламасын мақұлдады. Bloomberg бағалауы бойынша, шамамен 26 ел 2021 жылдың басындағы жағдай бойынша парниктік газдардың толық азаюына қол жеткізу мақсаттарын жариялады.
Климаттың өзгеруімен күрес инвестициялық стратегияларды өзгертеді. Bloomberg бағалауы бойынша ESG-ге шоғырландырылған ETF-тегі таза ағындар 2015 жылғы 3,3 млрд АҚШ долларымен салыстырғанда, 2020 жылы 76,8 млрд АҚШ долларын құрады. Ірі мұнай компаниялары ESG-ді ұстануға ұмтылады және шығарындыларды азайту және отынның баламалы түрлерін инвестициялау бойынша өршіл жоспарларын жариялады.