Директорлар кеңесі
Директорлар кеңесі ҚМГ қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Директорлар кеңесінің шешімдері заңнамада және ҚМГ Жарғысында белгіленген тәртіппен қабылданады. Заңнамада және ҚМГ Жарғысында белгіленген шешімдерді қабылдау үшін қажетті кворум мен Директорлар кеңесі мүшелерінің көпшілік дауысына қарамастан, Компания анағұрлым маңызды мәселелер бойынша шешімдердің іштей отырыстарда қабылдануына, Директорлар кеңесінің барлық мүшелерінің шешімдер қабылдауға қатысуына ұмтылады және шешімдерді дайындау мен келісу үшін олардың Директорлар кеңесінің барлық мүшелерінің пікірі ескеріліп, қабылдануы үшін барлық ықтимал күш-жігерді жұмсайды.
Өзгелерден басқа, Директорлар кеңесі ҚМГ қызметінің басым бағыттарын белгілейді және ҚМГ даму стратегиясын бекітеді, әлеуетті сатып алу мәселелері және қаржылық сипаттағы басқа да елеулі мәселелер (оның ішінде ҚМГ облигациялары мен туынды бағалы қағаздарын шығару шарттары туралы), жасалуына мүдделілік бар мәмілелер мен мәмілелер сомасы бойынша, жер қойнауын пайдалану құқығын алу, беру (қайта табыстау) мәселелері бойынша елеулі мәмілелер жасасу туралы шешімдерді қарайды және қабылдайды, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жобаларды бірлесіп іске асыру үшін стратегиялық әріптестермен бірлескен қызмет туралы, ҚМГ мен ҚМГ-нің еншілес ұйымдарының қатысуымен инвестициялық жобаларды келісу туралы шарттар (келісімдер) жасасуды жүзеге асырады, Компанияның корпоративтік басқару практикасының тиімділігін бақылауды жүзеге асырады.
Компанияның Директорлар кеңесінің қызметі Компанияның Жарғысымен, Корпоративтік басқару кодексімен және Директорлар кеңесі туралы ережемен реттеледі және ұтымдылық пен тиімділік қағидаттарына сүйене отырып, жыл сайын әзірленетін жұмыс жоспарына және отырыстар өткізу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда Директорлар кеңесі жұмыс жоспарына енгізілмеген мәселелерді қарай алады.