ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ

Кодекске сәйкес, Директорлар кеңесі, Директорлар кеңесінің комитеттері мен мүшелері Директорлар кеңесі бекіткен құрылымданған процестің шеңберінде, жыл сайын бағалануы тиіс. Осы процесс «Самұрық-Қазына» АҚ әдіснамасына сәйкес келуі тиіс. Бұл ретте, бағалау, тәуелсіз кәсіпқой ұйым тартылып, үш жылда кемінде бір рет жүргізіледі.

Тәуелсіз консультант компаниясын тарта отырып, жеке тәуелсіз бағалау 2017 жылы жүргізілді, оның нәтижелері ҚМГ Директорлар кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру кезінде пайдаланылды. Сондай-ақ, 2018 жылы тәуелсіз консультантты тарта отырып, Әдістеме негізінде ҚМГ корпоративтік басқаруының тәуелсіз диагностикасы жүргізілді, өзгелерден басқа, оған Директорлар кеңесінің қызметін бағалау кірді.

Директорлар кеңесінің қызметін келесі тәуелсіз бағалау 2021 жылға жоспарланып отыр. Бұл ретте, 2020 жылы Кодекс талаптарына сәйкес Директорлар кеңесі мүшелерінің өзін-өзі бағалауы 2019 жылдың қорытындылары бойынша сауалнама жүргізу арқылы жүргізілді. Өзін-өзі бағалауға арналған сауалнаманы Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитет пен Директорлар кеңесінің төрағалары бірлесіп әзірледі. Сауалнама екі бөлімнен тұрды – «Құрам және процестер», «Мінез-құлық және іс-әрекеттер» және 30 сұрақ. Өзінөзі бағалау нәтижелері Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитетте алдын ала қаралды. Бұдан әрі нәтижелер Директорлар кеңесінің жабық отырысында ұсынылды және талқыланды, оған Директорлар кеңесінің мүшелері мен Корпоративтік хатшы ғана қатысты. Талқылау шеңберінде Директорлар кеңесі мүшелерінің өзінөзі бағалау нәтижелерін талдау көрсетілді және төрт баллдан (ең жоғары бес баллдан) (бұдан әрі – жетілдіруге арналған салалар) төмен бағаланған дағдылар мен құзыреттер көрсеткіштері қаралды. Осыған байланысты Директорлар кеңесінің жетілдіруге арналған салаларға қатысты қызметін жетілдіру мақсатында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 2019-2020 жылдарға арналған корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі егжей-тегжейлі жоспарына (бұдан әрі – КБЖЕЖ) тиісті толықтырулар әзірленді және бекітілді. 2020 жылғы 8 желтоқсанда Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитеттің отырысында 2020 жылғы қызмет қорытындылары бойынша өзін-өзі бағалауды жүргізу туралы мәселе қаралды, оның шеңберінде Корпоративтік хатшы 2019 жылғы өзін-өзі бағалау қорытындылары бойынша КБЖЕЖ-ның іс-шараларын іске асыру мәртебесі туралы ақпарат берді.

2021 жылғы 1-тоқсанда Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің, Директорлар кеңесі мүшелерінің және Корпоративтік хатшының өзін-өзі бағалау тәсілімен бағалау процесі аяқталды, оның нәтижелері 2021 жылғы 9 ақпандағы Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитеттің отырысында қаралды (№1/2020 хаттама). Осыны ескере отырып, Директорлар кеңесі оның қызметіндегі жақсартуларды одан әрі талқылауды жүргізетін болады.