ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ПЕРСОНАЛДЫ ОҚЫТУ

Пожарные

Персонал маңызды актив болып табылады, сондықтан да ҚМГ компаниялар тобында ӨҚ, ЕжҚОҚ мәселелерін оқытудағы қажеттілік сұранысқа ие болып қала береді. Осыған байланысты персоналды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау бағыты бойынша міндетті оқыту, даярлау және біліктілігін арттыру басым болып табылады.

2020 жылы ҚМГ компаниялар тобының 100 172 қызметкерін оқытуға 671 341 мың теңге жұмсалды. Оның ішінде ӨҚ, ЕжҚОҚ бағыттары бойынша келесі негізгі бизнес-бағыттар бойынша: "Өндіру" – 255 728 мың теңге, "Тасымалдау" – 161 670 мың теңге, "Өңдеу" – 44 039 мың теңге, "Сервис" – 182 341 мың теңге, ҚМГ Корпоративтік орталығы – 27 565 мың теңге.

Қызметкерлерді оқытуға арналған шығыстар
Көрсеткіші 2018 2019 2020
Оқыған қызметкерлер саны 114 971 130 615 100 172
Сомасы, мың теңге 1 097 877 1 179 877 671 341
Негізгі бизнес-бағыттар бойынша бөле отырып, ӨҚ, ЕжҚОҚ бойынша оқыту
Бизнес-бағыт Қызметкерлер саны Сомасы, мың теңге
Өндіру 36 263 255 728
Тасымалдау 23 840 161 670
Өңдеу 7 599 44 039
Сервис 31 686 182 341
ҚМГ корпоративтік орталығы 784 27 565

ҚМГ компанияларының тобында енгізілген жеке алты оқу-курс комбинатының/ орталығының базасында «70/20/10 – жұмыс орнында/іштей/сырттай оқу» деген оқу моделі бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша оқу өтіп жатыр

«Өзенмұнайгаз» АҚ-та (Жаңаөзен қ.), «ҚазТрансОйл» АҚ-та (Ақтау қ.), «Интергаз Орталық Азия» АҚ-та (Атырау қ., Шымкент қ.), «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС (Павлодар қ.) мен «Oil Services Company» ЖШС-да (Ақтау қ.) жеке оқу-курс комбинаттары/орталықтары бар.

Қазіргі бар оқытушылар құрамынан басқа, орталықтарға персоналды оқыту және олардың біліктілігін арттыру үшін орталықтарға желілік басшылар және үлкен өндірістік өтілі бар өндірістік персонал арасынан жоғары біліктілігі бар мамандар да тартылады.

Тәжірибелі қызметкерлер арасында тәлімгерлік пен ішкі тренерлік бағдарламалары іске асырылып жатыр, мастер-кластар мен тренингтер, үздік қызметкерлер арасында әр түрлі конкурстар өткізіледі, бұл ішкі коммуникацияларды жетілдіру және персоналдың өз кәсібінде ең үздік болуға ұмтылысын ынталандыруға мүмкіндік береді.