Бәсекелестік артықшылықтар
БІРЕГЕЙ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНАЛАСУЫ
Қазақстан – елеулі ресурстық базасы бар, тиімді орналасқан және Еуропа мен серпінді дамып жатқан Азия нарықтарына, оның ішінде, Қытайға өнім жеткізуге бірегей мүмкіндігі бар ел.
Саяси және әлеуметтік тұрақтылық, табиғи ресурс қорларының өсуі мен өнеркәсіптік инфрақұрылымның серпінді даму нәтижесінде, соңғы 20 жылда Қазақстан экономикасы тоғыз есе өсті.
Мұнай-газ саласы – Қазақстан экономикасының жетекші секторы. Мұнай-газ секторы елдің жиынтық салық түсімдерінің, сондай-ақ экспорттық кірісінің елеулі бөлігін әкеледі және тікелей шетелдік инвестициялардың үлкен бөлігі үшін мүдделілік секторы болып табылады. Соңғы онжылдықта Қазақстанның мұнай-газ саласына кемінде 70 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде тікелей шетелдік инвестициялар салынды. Энергетикалық индустрияның әлемдік көшбасшыларының ауқымды қатысуы инвесторлар үшін өңірдің тартымды екенін көрсетеді. 2019 жылы Қазақстан 1P
ҚҰНДЫ ҚҰРУ ТІЗБЕГІНІҢ БАРЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІНДЕГІ ТОЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ
ҚМГ қосылған құнды құру тізбегінің барлық кезеңдерінде толық интеграцияланған Қазақстанның мұнай-газ саласының ұлттық көшбасшысы болып табылады. Мұнай-газ саласының ұлттық көшбасшысы және тігінен интеграцияланған компания ретінде ҚМГ өзінің ұзақ мерзімді орнықты дамуы үшін тұрақты платформаға ие. ҚМГ активтері барлаудан, өндіруден, тасымалдаудан, өңдеу мен маркетингтен тұратын көмірсутектердің қосылған құнын құру тізбегінің толық циклін қамтиды. Қызмет Қазақстан мен Румыния аумағында жүргізіледі.
ҚАРЖЫЛЫҚ ОРНЫҚТЫЛЫҚ
Бірнеше жыл бойы Компанияның қаржылық орнықтылығын қолдау бойынша ауқымды іс-шараларды іске асыру нәтижесінде Компания мұнайдың төмен бағасының алдыңғы кезеңдерімен салыстырғанда 2020 жылы жаңа сын-қатерлерге барынша дайын болды. Мысалы, Dated Brent мұнайының орташа бағасы жылдан жылға 34,8%-ке бір баррель үшін 41,8 АҚШ долларына дейін төмендегеннен кейін, 2020 жылы EBITDA көрсеткіші 2 785 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда, Dated Brent орташа бағасы жылдан жылға 47,1%- ке бір баррель үшін 52,37 АҚШ долларына дейін төмендегенін көрсетті, EBITDA көрсеткіші 670 млрд АҚШ доллары деңгейінде теріс болды.
ӨНДІРУШІ АКТИВТЕРДІҢ ӘРТАРАПТАНДЫРЫЛҒАН ҚОРЖЫНЫ
ҚМГ-нің тартымды өсу әлеуеті бар мұнай мен газ өндіру активтерінің әртараптандырылған қоржыны бар. Қазақстанда жаңа лицензиялар мен іске асырылатын мұнай-газ активтеріне бірегей қол жеткізу мүмкіндігі органикалық емес өсу үшін қосымша түрткі береді.
ҚМГ халықаралық компаниялармен ынтымақтаса отырып, көмірсутектер өндіру көлемдерін өсіру перспективасымен әлемдік ауқымдағы ең ірі Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ мұнай-газ жобаларына қатысады. Операциялық активтерді, негізінде, өндіру деңгейі тұрақты ескі кен орындары білдіреді, олардың өндіру тиімділігін арттыру Компания үшін маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰНАЙ МЕН ГАЗ ТАСЫМАЛДАУ СЕКТОРЫНДАҒЫ ЛИДЕРЛІК ОРНЫ
ҚМГ үлесі елдің мұнай тасымалдау нарығында – 56% және газ тасымалдау нарығында – 77%.
Басқарылатын мұнай тасымалдау жүйесі әртараптандырылған және оның жоғары транзиттік және экспорттық әлеуеті бар. Секторға инвестиция салудың белсенді фазасы аяқталды және қазіргі бар қуаттар елде өсіп жатқан өндіру көлеміне қызмет көрсетуге арналған.
ЗАМАНАУИ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТТАРЫ
Компания терең жаңғыртудан өткен Қазақстандағы ең ірі төрт МӨЗ бен Румыниядағы екі МӨЗ-ді бақылайды. Нәтижесінде, мұнай өңдеу тереңдігі ұлғайтылды және Қазақстан Республикасы ішкі нарығының сапасы жоғары ашық өнімдерге деген қажеттілігі толық қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, өндірістік қуаттар мұнай өнімдерінің бір бөлігін экспорттауға мүмкіндік береді.
ЗАМАНАУИ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ МЕН ОРНЫҚТЫ ДАМУ ҚАҒИДАТТАРЫН ҰСТАНУ
УОрнықты даму ҚМГ-нің стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады. Соңғы бірнеше жылда Компания өзінің ESG-дамуында айтарлықтай жақсару жасады, бұған корпоративтік басқару жүйесін жетілдірудегі нәтижелермен қатар экологиялық және әлеуметтік көрсеткіштердің серпіні дәлел.
Компания үшін қоршаған ортаны қорғау бөлігіндегі басым бағыттар парниктік газдар шығарындыларын басқару және газды алауда жағуды қысқарту, су ресурстарын, өндіріс қалдықтарын басқару, жерді қалпына келтіру және энергия тиімділігін арттыру болып табылады.
ҚМГ меритократия, әділдік пен объективтілік қағидаттарын қолдайды, әрбір қызметкерге жаңа жетістіктер үшін оңтайлы жағдай жасайды және әрқайсысының ҚМГ қызметіне қосқан үлесін әділ бағалайды. Компания корпоративтік мәдениет деңгейін жақсарту және әлеуметтік тұрақтылық пен өндірістік қатынастар деңгейін арттыру бойынша жоспарларды іске асырады.
Үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес келу мақсатында Компания өзінің корпоративтік басқару жүйесін тұрақты жетілдіруге көп көңіл бөледі. Бүгінгі таңда Директорлар кеңесінің құрамы сапалы шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін құзыреттер бойынша оңтайлы теңдестірілген. Директорлар кеңесінің жеті мүшесінің үшеуі тәуелсіз директор, тағы үшеуі негізгі акционердің өкілдері және біреуі – атқарушы директор (Басқарма төрағасы) болып табылады. Бұл ретте Директорлар кеңесі жанындағы барлық комитеттерді тәуелсіз директорлар басқарады.