СЫЙАҚЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ МҮШЕЛЕРІНІҢ СЫЙАҚЫСЫ
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2016 жылғы 26 қыркүйектегі шешімімен Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы белгілеу тәртібін көздейтін «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларының Директорлар кеңесінің құрамын қалыптастыру жөніндегі қағидалар бекітілді. Сыйақы мөлшерін белгілеу кезінде Директорлар кеңесі мүшесінің міндеттері, Компания қызметінің ауқымы, ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттері назарға алынады. Сыйақы тәуелсіз директорларға төленеді. Ұйымдардың Директорлар кеңесінің құрамындағы «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдеріне сыйақы «СамұрықҚазына»АҚ Басқармасының шешімі негізінде айқындалады.
Директорлар кеңесінің мүшелері | 2018 | 2019 | 2020 |
---|---|---|---|
Директорлар кеңесі мүшелерінің жиынтық сыйақысы доллармен берілген | 884 292 | 1 418 097 | 819 020 |
Директорлар кеңесі мүшелерінің жиынтық сыйақысы, теңгемен берілген | 56 053 998 | 18 559 956 | 15 799 427 |
БАСҚАРМА МҮШЕЛЕРІНІҢ СЫЙАҚЫСЫ
Директорлар кеңесі «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 14 желтоқсандағы шешімімен бекітілген «СамұрықҚазына» АҚ компаниялар тобының адами ресурстарды басқару жөніндегі корпоративтік стандартына сәйкес ҚМГ Басқарма мүшелері қызметінің тиімділігін бағалау тәртібі мен сыйақы саясатын айқындайды.
Есепті кезеңдегі (жылдағы) жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы Басқарма мүшелеріне өлшенетін, өзара байланысты, қисынды құрылған және теңдестірілген мотивациялық ҚНК карталарында көрсетілген стратегиялық және басым мақсаттарға қол жеткізуге ынталандыру мақсатында қызмет тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша төленеді.
Мотивациялық ҚНК картасы корпоративтік және функционалдық ҚНК-ден тұрады.
Сыйақы сыйақының тіркелген бөлігі мен ҚМГ жұмысының нәтижелеріне және қызметкердің түпкілікті нәтижеге қосқан жеке (өз) үлесіне байланысты ауыспалы бөліктің ақылға қонымды және негізделген арақатынасы қамтамасыз етілетіндей белгіленеді.
Сыйақының тиімді және ашық жүйесін қалыптастыруға байланысты мәселелерді алдын ала қарау үшін Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеті құрылды.
Сыйақы жүйесін қалыптастыру және ҚМГ Басқарма мүшелеріне сыйақының нақты мөлшерін айқындау кезінде төленетін сыйақы деңгейі Компания үшін қажетті құзыреті мен біліктілігі бар тұлғаларды тарту, ынталандыру және ұстап қалу үшін жеткілікті болуы тиіс деп болжанады.
2020 жылдың қорытындылары бойынша ҚМГ Басқарма мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері 317 527 424,77 теңгені құрады, бұл «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі шешімімен бекітілген Басқарма мүшелеріне (басшы қызметкерлерге) еңбекақы төлеу қағидаларына және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ішкі аудит, корпоративтік хатшы, комплаенс және омбудсмен қызметтерінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидаларына сәйкес 2020 жылы Басқарма құрамында болған кезеңде ҚМГ Басқармасының мүшелеріне ақшалай нысанда төленген жалақылар мен ынталандырудың барлық түрлерінің жиынтық мөлшерін қамтиды.