ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР САНЫ
ҚМГ компаниялар тобы (шоғырландыру) жұмыс істейтін өңірлерде 60 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. 2020 жылдың соңына қарай қызметкерлердің нақты саны ҚМГ компаниялар тобы бойынша 60 173 құрады, оның ішінде штаттық қызметкерлер – 57 073 адам, аутстаффинг – 3 100 адам.
Көрсеткіші | Өлшем бірлігі | 2017 | 2018 | 2019 | 2020 |
---|---|---|---|---|---|
ҚМГ компаниялар тобының нақты саны (шоғырландыру) | Қызметкер | 68 757 | 66 110 | 61 587 | 60 173 |
ҚМГ компаниялар тобының нақты саны (ЕТҰ және СҚО 50 және одан астам%) | Қызметкер | 83 360 | 79 441 | 74 956 | 73 066 |
Көрсеткіші | Өлшем бірлігі | 2018 | 2019 | 2020 |
---|---|---|---|---|
Ерлер | % | 81 | 82 | 81 |
Әйелдер | % | 19 | 18 | 19 |
Өндірістік персонал | % | 91 | 91 | 92 |
Әкімшілік-басқару персоналы | % | 9 | 9 | 8 |
31 жастан 50 жасқа дейінгі қызметкерлер, оның ішінде: | % | 61 | 58 | 60 |
| % | 81 | 80 | 80 |
| % | 19 | 20 | 20 |
50 жастан асқан қызметкерлер, оның ішінде: | % | 24 | 27 | 28 |
| % | 82 | 82 | 82 |
| % | 18 | 18 | 18 |
30 жасқа дейінгі қызметкерлер, оның ішінде: | % | 15 | 14 | 12 |
| % | 83 | 85 | 83 |
| % | 17 | 15 | 17 |
2020 жылы құрылған жұмыс орындары | бірлік | 926 | 385 | 961 |
Орташа саннан | % | 1,3 | 0,6 | 1,6 |
Қызметкерлердің | еңбек қатынастары тоқтатылды | 8 281 | 4 512 | 3 513 |
Барлық деңгейдегі басшылық құрам, оның ішінде: | % | 9 | 11 | 11 |
| % | 83 | 83,5 | 82 |
| % | 17 | 16,5 | 18 |
ҚМГ компаниялар тобы бойынша тұрақтамау коэффициенті | % | 11 | 7 | 6 |
Компания қызметінің бағыты ауыр, қауіпті және зиянды еңбек жағдайларымен байланысты екенін ескере отырып, ерлердің үлесі 81%-ті, әйелдердің үлесі – 19%-ті құрайды. Персоналдың жалпы санындағы өндірістік персоналдың үлесі 92%-ті, әкімшілік-басқарушылық персоналының үлесі 8%-ті құрайды.
Жас санаты бойынша жұмыскерлердің негізгі үлесі 31-ден 50 жасқа дейінгі топ – 60% көрсетілген, бұл ретте ерлердің үлесі 80%-ті, әйелдердің үлесі 20%-ті құрайды.
50 жастан асқан қызметкерлер саны персоналдың жалпы санының 28%-тін құрайды, бұл ретте ерлердің үлесі – 82%, әйелдердің үлесі – 18%.
30 жасқа дейінгі жастардың үлесі персоналдың жалпы санының 12%- тін құрайды, бұл ретте ерлердің үлесі – 83%, әйелдердің үлесі – 17%.
2020 жылы ашылған жұмыс орындарының саны 961 бірлікті немесе орташа тізімдік санның 1,6%-тін құрайды. Есепті кезеңде еңбек қатынастары тоқтатылған қызметкерлер саны 3 513 адамды құрады.
Барлық деңгейдегі басшылық құрамға кіретін қызметкерлердің үлесі – қызметкерлердің жалпы санының 11%, оның ішінде әйелдер – 18% (2019 жылы – 16,5%), ерлер – 82% (2019 жылы – 83,5%).
ҚМГ компаниялар тобы бойынша 2020 жылы ағымдылық коэффициенті 6%-ті құрады (2019 жылы – 7%).
COVID-19 пандемиясына байланысты іс-шаралар
COVID-19 пандемиясымен және мұнай бағасының жаһандық құлдырауымен байланысты дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде ҚМГ корпоративтік орталығының жаңа ұйымдық құрылымы бекітілді:
- стратегиялық міндеттерді шешуге корпоративтік орталық күштерінің шоғырлануы;
- бизнес-процестерді айтарлықтай оңтайландыру, қайталанатын функцияларды алып тастау;
- орталық аппарат штатын 34%-ке оңтайландыру;
- басқарушы директорлар лауазымын қысқарту, департаменттер санын үш есе – 60-тан 20-ға дейін қысқарту;
- бонустардан, сыйлықтардан және қызметтік автомобильдерден бас тарту, топ-менеджерлердің жалақысын 30%-ке қысқарту.
COVID-19 таралуына жол бермеу және өндірістік процестің үздіксіздігін қолдау мақсатында ҚМГ дағдарыстық жағдайларды басқару командасы мынадай негізгі қадамдарды көздейтін іс-қимыл алгоритмдерін әзірледі:
- Қызметкерлерді еңбек демалысына жіберу;
- қашықтықтан жұмыс істеуге көшу;
- ауысымдық персонал вахтасының ұзақтығын кемінде 28 күнге ұлғайту;
- еңбек демалысын беру немесе қашықтықтан жұмыс істеуді ұйымдастыру мүмкіндігі (өндірістік процестер) болмаған кезде тәуекел тобына кіретін персонал және өндірістік процеске қатыспайтын персонал айлық жалақының 70%-тін төлей отырып, бос тұрып қалуға жіберіледі (сәуір мен желтоқсан аралығындағы кезеңде амалсыз бос тұрып қалуға жіберілген қызметкерлерге төлемдер шамамен 9,5 млрд теңгені құрады);
- негізгі өндірістік объектілерде (ӨМГ, ҚазГӨЗ, АМӨЗ, ҚТО) вахталық жұмыс режиміне көшу.
Пандемияның бүкіл кезеңінде ҚМГ компаниялар тобы бойынша ЕТҰ қызметкерлері арасында коронавирустық инфекцияның алдын алуға бағытталған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға 4,4 млрд теңге жұмсалды.
Сондай-ақ пандемия кезінде ұлттық денсаулық сақтау жүйесі мен жергілікті атқарушы органдардың демеушілік көмегі аясында коронавирустық инфекциямен күресу үшін қажетті медициналық жабдықтар мен басқа да тауарларды сатып алуға 6,2 млрд теңге жұмсалды.