КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТІ
COVID-19 пандемиясынан туындаған экономикалық дағдарыстың басталуымен этика мәселелері бұрынғыдан да өзекті бола түсті, өйткені этика комплаенс бағдарламасының маңызды мәселелерінің бірі ретінде комплаенс мәдениеті – қызметкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетінің Компанияда қабылданған нормалар мен талаптарға сәйкес келу мәдениетін қалыптастырады.
Компанияның комплаенс-функциясы үшін 2020 жыл ерекше стресстест болды, оның шеңберінде комплаенс-тәуекелдерді басқару процестерін қадағалау мен бақылауды жедел жүзеге асыру және үздік практикалар тұрғысынан экстремалды режимге бейімделу дәрежесі бағаланды.
Әлеуметтік өзара іс-қимылды шектеу комплаенс қызметіне ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі ұйымдастырушылық-практикалық шараларды жаңғырту шеңберінде қалыптасқан жағдайларда тиімді жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін қарауға мүмкіндік берді, бұл Компанияның цифрлық мүмкіндіктері мен қызметкерлердің дағдыларының айтарлықтай өскенін, оның ішінде оқу тренингтерінің жоспарлы бағдарламасын өткізу нысанының бейімделуіне қатысты болды. ҚМГ барлық қызметкерлерін этика мәселелері бойынша оқыту электрондық форматта жүргізілді.
Компания ішіндегі қашықтықтан өзара іс-қимыл жасау корпоративтік саясаттар мен рәсімдердің бейімделуіне, жедел және қашықтан жұмыс істеу жағдайында қағидалардың өзгеруін ескере отырып, оларды оңайлатуға, қызметкерлерге Компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптары туралы, реттеуші ортадағы өзгерістер және жедел желінің жұмыс істейтінін еске салуды қоса алғанда, ақпараттық тарату арқылы корпоративтік коммуникацияның ролін күшейтуге ықпал етті. Бұл танысу қамтуының 100%- тіне қол жеткізуге мүмкіндік берді және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы әкімшіліктендіретін жедел желі мүмкіндіктерін пайдалануға қызметкерлер мен өзге де адамдарды тартудың өсуіне ықпал етті. Жедел желі Компания мен оның қызметкерлерінің комплаенс саласындағы заңнамалық және этикалық нормаларды сақтауын бақылаудың тиімді құралдарының бірі болып табылады. Оған үш есе өскен өтініштер серпіні дәлел. 2020 жылы жедел желіге 118 өтініш келіп түсті (2019 жылы – 42 өтініш). Барлық өтініштер белгіленген мерзімде қаралып, тиісті шаралар қабылданып, өтініш берушілерге хабарланды. Өтініштердің басым бөлігі (52) кадр мәселелеріне қатысты болды: еңбек жанжалдары, әдепсіз мінезқұлық, еңбек жағдайларының теңсіздігі, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану және т.б. өтініштерді талдауды ескере отырып, комплаенс қызметі ұсынымдық және алдын алу сипатындағы шараларды әзірледі. Осылайша, қызметкерлердің қашықтықтан жұмыс істеуге қатысуына байланысты қызметкерлердің қызметтік тәртіпті, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларын және ішкі құжаттарды сақтауын сапалы бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды пысықтау, іскерлік этика мәселелері бойынша оқытуға ерекше назар аудару және оны орта буын басшыларымен өткізу ұсынылды. Қызметкерлерді қамтамасыз ету бөлімшелеріне қызметкерлердің еңбек жағдайларына наразылықтың тамырлануын болдырмау үшін ұжымдардағы моральдық-психологиялық климатты зерттеу ұсынылды. Комплаенс қызметіне жүгінген әрбір қызметкерді тыңдау біздің міндетіміз болып қала береді.
Қалыптасқан жағдайлар комплаенс қызметінен реттеу мен этика тоғысында жаңа тәсілдерді әзірлеуді талап етті. Мәселен, корпоративтік басқарудың жоғары деңгейін қолдау және Компания қызметкерлері арасындағы кез келген бұзушылықтарға нольдік төзімділікті орнықтыру мақсатында үздік әлемдік практикаға сәйкес ҚМГ Іскерлік этика кодексі жаңа редакцияда бекітілді. Онда «сұрақ – жауап» секциясы пайда болды, ұғымдық аппарат жетілдірілді және кеңейтілді, ҚМГ корпоративтік құндылықтары өзектендірілді, сыйлықтарға лимиттер, комплаенс мәселелері бойынша байланыс арналары қосылды. Кодекстің форматы «Самұрық-Қазына» АҚ Кодексіне және комплаенс мәселелері бойынша маманданған халықаралық аудиторлық компаниялардың ұсынымдарына сәйкес келтірілген. Сондай-ақ қызметкерлер мен лауазымды тұлғалардың мүдделер қақтығысын декларациялау рәсімі енгізілді.
Пандемия кезінде бейімделу комплаенстың «жоғарыдағы үлгі» деген негізгі қағидатына да әсер етті. 2020 жылғы желтоқсанда бизнес жүргізудің жоғары этикалық стандарттарын ілгерілету және сыбайлас жемқорлықты кез келген көріністе қабылдамау шеңберінде ҚМГ Басқарма төрағасы мен ЕТҰ бірінші басшыларының қатысуымен кеңейтілген онлайн-кеңес өткізілді. Кеңесте ҚМГ комплаенс қызметінің және ЕТҰ-ның осы бағытта атқарылған жұмысы туралы есептері қаралды, контрагенттерді тексеру бөлігінде корпоративтік барлаудың өзектілігі, Компанияның әртүрлі бизнес-процестерінде бұзушылықтарды анықтаудың тиімді құралы ретінде деректер талдауын қолдану мүмкіндігі бойынша мәселелері талқыланды, сондай-ақ қашықтықтан жұмыс істегенде алаяқтық тәуекелдерінің алдын алу және азайту жөніндегі шаралар айтылды, бұл жоғары басшылық пен комплаенс қызметі арасындағы комплаенс және этика мәселелері бойынша өнімді өзара іс-қимыл жасауға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Бұдан басқа, 2021 жылға арналған одан арғы жұмыс жоспарлары, сондай-ақ акционердің ЕТҰ-ның осы бағытта жүргізіп жатқан жұмысынан үміттері айтылды.
Парасаттылық тиісті корпоративтік басқарудың бүкіл жүйесінің іргетасы және Компания мүдделерінің жеке мүдделерден басымдығын қорғау мен қамтамасыз етуде кепілгер болып табылады. Комплаенс қызметі қарамағындағы адамдардың сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары үшін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін басшылардың дербес жауапкершілігін жариялау бойынша жұмысты жалғастырады.