КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
ҚМГ-нің корпоративтік басқару жүйесі ҚМГ қызметін басқару мен бақылауды қамтамасыз ететін процестер жиынтығын, сондай-ақ акционерлер («СамұрықҚазына» АҚ пен «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ), Директорлар кеңесі, Басқарма мен мүдделі тараптар арасындағы өзара қарымқатынастар жүйесін білдіреді. ҚМГ органдарының құзыреттері ҚМГ Жарғысында нақты бөлініп, бекітілген.
ҚМГ органдарының құзыреттері ҚМГ Жарғысында нақты бөлініп, бекітілген.
Компанияның корпоративтік басқару органдарының жүйесі мыналарды қамтиды:
- жоғарғы орган – Акционерлердің жалпы жиналысы;
- басқару органы – Акционерлердің жалпы жиналысына есеп беретін Директорлар кеңесі;
- атқарушы орган – Директорлар кеңесіне есеп беретін Басқарма;
- Ішкі аудит қызметі – Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және есеп беретін, «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қордың тобына кіретін ҚМГ компаниялар тобының компаниялары мен өзге де ұйымдарының (бұдан әрі – ҚМГ компаниялар тобы) қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару саласындағы бағалауды, корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуын жүзеге асыратын орталықтандырылған орган және ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобының қызметін жетілдіру мақсатында кеңес беру;
- Өз функцияларын тұрақты және тәуелсіз негізде орындайтын, Компанияның Директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының мүшесі болып табылмайтын, ҚМГ Директорлар кеңесі тағайындайтын және ҚМГ Директорлар кеңесіне есеп беретін, өз құзыреті шегінде ҚМГ корпоративтік басқару жүйесінде іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Корпоративтік хатшы;
- Директорлар кеңесіне есеп беретін комплаенс қызметі, оның қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ҚМГ компаниялары тобының ішкі корпоративтік мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша міндетті реттеушілік талаптар мен үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз етуге, қызметкерлер арасында ашықтықты, адалдықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ үздік халықаралық стандарттарға, Қазақстан Республикасының ішкі саясаттарына және заңнамасына сәйкес бизнес жүргізу үшін жағдайлар жасауға бағытталған;
- Омбудсмен – ҚМГ Директорлар кеңесі тағайындайтын тұлға, оның ролі оған жүгінген ҚМГ қызметкерлеріне консультация беру және еңбек дауларын, жанжалдарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ ҚМГ қызметкерлерінің іскерлік этика қағидаттарын сақтауға жәрдем көрсету болып табылады.
ҚМГ корпоративтік басқару жүйесі акционерлердің және негізгі мүдделі тараптар: мемлекеттің, стратегиялық серіктестер мен контрагенттердің (жеткізушілер мен сатып алушылар), инвесторлардың, ҚМГ қызметкерлерінің, муниципалитеттердің, жергілікті қоғамдастықтардың және Компания орналасқан өңірлер тұрғындарының құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге негізделеді.
Компанияның корпоративтік басқару жүйесі корпоративтік басқарудың қазақстандық және халықаралық практикасының талаптары мен стандарттары ескеріліп, үнемі жетілдіріледі.
КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ
ДАМЫТУ Даму стратегиясын қалыптастыратын және іске асыратын өндірістік процестерді басқарудың дивизиондық құрылымы арқылы ЕТҰ-ның операциялық қызметіне белсенді тартылған корпоративтік орталық ретінде Компания корпоративтік басқару саласындағы үздік практикаларға сәйкес келуге ұмтылады және корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарына сәйкестік пен ашықтық – бұл әлеуетті инвесторлардың, контрагенттердің және өзге де стейкхолдерлердің сенімін нығайтуға, Компания ресурстарын тиімсіз пайдалану тәуекелдерін төмендетуге, оның құнының өсуіне және әл-ауқатының артуына ықпал ететін инвестициялық тартымдылық пен қызметтің экономикалық тиімділігін арттырудың аса маңызды факторлары.
"Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы шешімімен бекітілген ҚМГ корпоративтік басқару кодексі (бұдан әрі - Корпоративтік басқару кодексі, Кодекс) ҚМГ корпоративтік басқару практикасын құру және жақсарту негізделетін негізгі құжат болып табылады. Кодекс Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстанда және әлемде дамып келе жатқан корпоративтік басқару практикасын ескере отырып, "Самұрық-Қазына" АҚ ішкі құжаттарына, "Самұрық-Қазына" АҚ трансформация бағдарламасына сәйкес әзірленді.
Кодексте Компаниядағы корпоративтік басқару жүйесі негізделетін қағидаттар бекітілген. Директорлар кеңесі мен Аудит жөніндегі комитет Кодекс ережелерінің ҚМГ-ге енгізілуіне бақылауды жүзеге асырады.
Кодекстің талаптарына сәйкес Корпоративтік хатшы жыл сайын кодексті Comply or explain («Сақта немесе түсіндір») тәсілін қолдана отырып, Компанияның оның қағидаттары мен ережелерін сақтауы тұрғысынан талдайды. Қазіргі уақытта Кодекс талаптарының басым бөлігі сақталуда. Оның жекелеген ережелерінің ішінара сақталмау жағдайлары сақтамау себептерін түсіндіре отырып, Кодексті сақтау туралы есепте көрсетілген. ҚМГ-нің 2020 жылы Кодекстің қағидаттары мен ережелерін сақтауы туралы есеппен жылдық Есепке қосымшада танысуға болады.
Тәуелсіз консультант 2018 жылы жүргізген корпоративтік басқарудың тәуелсіз диагностикасын жүргізу нәтижелері бойынша дауыс беретін акцияларының кем дегенде 50%-ті «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғалардағы корпоративтік басқаруды диагностикалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) негізінде, ҚМГ-ге «ВВ» деңгейінде корпоративтік басқару рейтингісі берілді, бұл Компанияның корпоративтік басқару жүйесінің барлық маңызды аспектілерінде белгіленген критерийлердің көпшілігіне сәйкестігін және бұл ретте жүйенің тиімді жұмыс істейтіндігін жеткілікті расталмауын білдіреді.
Компания 2019 және 2020 жылдарды корпоративтік басқарудың көрсетілген диагностикасының қорытындылары бойынша тәуелсіз консультант ұсынған ұсынымдарды жоспарлы және кешенді түрде іске асыруға арнады. Тәуелсіз консультанттың ұсынымдары Корпоративтік хатшы Әдістемеге сәйкес әзірлеген ҚМГ Директорлар Кеңесі бекіткен ҚМГ-де корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша 2019-2020 жылдарға арналған егжей-тегжейлі жоспарға (бұдан әрі – Корпоративтік басқару жөніндегі жоспар) енгізілді. Корпоративтік басқару жөніндегі жоспар 500-ден астам іс-шарадан тұрады және Директорлар кеңесі мен атқарушы орган қызметінің тиімділігі, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және аудит, орнықты даму, акционерлердің құқықтары және ашықтық сияқты корпоративтік басқару құрауыштарын қамтиды. Корпоративтік хатшы мониторингті жүзеге асырады және Корпоративтік басқару жөніндегі жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы есептерді Аудит жөніндегі комитет пен Директорлар кеңесінің қарауына тұрақты түрде қалыптастырады және ұсынады. Есептерді қарау қорытындылары бойынша Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінен кері байланысты корпоративтік басқару практикасын жетілдіру процесіне тартылған ҚМГ Басқарма төрағасына және ҚМГ функционалдық блоктарының басшыларына жеткізеді. Корпоративтік басқару жөніндегі жоспарды іске асыру шеңберінде 2020 жыл ішінде Компания бірқатар бастамаларды табысты іске асырды.
Директорлар кеңесі мен атқарушы органның тиімділігі, тәуекелдерді басқару және орнықты даму сияқты бағыттар бойынша барынша ілгерілеуге қол жеткізілді. Алдын ала бағалау бойынша жүргізілген жұмыс Компанияның корпоративтік басқару рейтингін «ВВВ» деңгейіне дейін көтеруі тиіс, бұл ҚМГ даму стратегиясына салынған рейтинг деңгейінің мақсатты мәндеріне сәйкес келеді. Корпоративтік басқару рейтингінің бұл деңгейі Компанияның корпоративтік басқару жүйесінің барлық маңызды аспектілерінде белгіленген критерийлердің көпшілігіне сәйкес келуін және жүйенің тиімді жұмыс істейтіндігін жеткілікті расталғанын білдіреді. Тәуелсіз консультанттың бағалауы бойынша «ВВВ» рейтингінің деңгейі Компанияның IPO-ға шығуы үшін оңтайлы болып табылады.
Корпоративтік басқаруды жетілдіру мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚМГ-нің 2028 жылға дейінгі даму стратегияларында «Корпоративтік басқару рейтингісі» ҚНКнің өршіл мәндеріне қол жеткізудің негізгі кезеңдері белгіленді. Бұл ҚМГ негізгі акционері, Директорлар кеңесі, Компанияның Аудит және менеджмент комитеті тарапынан корпоративтік басқаруға көп назар аударылатынын көрсетеді. Компанияның тиісті рейтингісін бере отырып, ҚМГ корпоративтік басқаруының ең жақын тәуелсіз диагностикасы 2021 жылға жоспарланған. Осы тәуелсіз диагностиканың нәтижелерін ескере отырып, Компания ҚМГ корпоративтік басқару жүйесін одан әрі жақсарту және Компанияның 2028 жылға дейінгі Даму стратегиясында көзделген корпоративтік басқару рейтингінің деңгейлеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі жаңа іс-шаралар жоспарын қалыптастыратын болады.