КАПИТАЛ ҚҰРЫЛЫМЫ
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «СамұрықҚазына» АҚ, Қор) (90,42%) мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚР Ұлттық Банкі, ҚҰБ) (9,58%) ҚМГ акционерлері болып табылады, 2015 жылғы 12 қазаннан бастап ҚМГ акциялары Қорға сенімгерлік басқаруға тапсырылды. «Самұрық-Қазына» АҚ – жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын егеменді қор. Оның миссиясы – Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру мен болашақ ұрпақтар үшін ұзақ мерзімді орнықтылықты қамтамасыз ету. Қордың қоржынына мұнай-газ және көлік-логистикалық секторлардың, химия және атом өнеркәсібінің, тау-кен металлургиясы кешенінің, энергетика және жылжымайтын мүлік компаниялары кіреді.