БАСҚАРМА ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП

Алқалы атқарушы орган ретінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқармасы даму стратегиясын, ҚМГ шоғырландырылған даму жоспарын іске асыруға жауапты, олардың орындалуы үшін жауапты болады, сондай-ақ жыл сайын Директорлар кеңесіне ҚМГ Даму стратегиясы мен шоғырландырылған даму жоспарын іске асыру туралы есептерді ұсынады. Басқарманың қызметі «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, ҚМГ Жарғысында және Басқарма туралы ережеде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында регламенттелген. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және Жарғымен ҚМГ басқа органдары мен лауазымды тұлғаларының құзыретіне жатқызылмаған ҚМГ қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға құқылы. ҚМГ Басқармасын Акционерлердің жалпы жиналысы тағайындайтын (сайлайтын) Басқарма төрағасы басқарады. Өз кезегінде Басқарманың қалған мүшелерін тағайындау ҚМГ Директорлар кеңесінің құзыретіне кіреді.

Басқарма құзыретінің аса маңызды мәселелері мыналар болып табылады:

  • ҚМГ даму стратегиясын іске асыру;
  • бизнес-жоспарды орындауды және инвестициялық жобаларды іске асыруды қоса алғанда, ҚМГ-нің ағымдағы қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
  • ҚМГ мен ЕТҰ-ның орнықты дамуы жөніндегі іс-шараларды іске асыру.

ҚМГ Басқармасын Директорлар кеңесі Басқарма төрағасының ұсыныстары негізінде қалыптастырады. Басқарма құрамына 2021 жылғы 18 наурыздағы жағдай бойынша ҚМГ-нің негізгі сегіз басшысы кіреді. Басқарма отырыстары күндізгі және сырттай нысанда өтеді және қажеттілігіне қарай шақырылады.

2020 жылы Басқарма құрамында келесі өзгерістер болды:

  • 2020 жылғы ақпанда ҚМГ Басқарма мүшесі – Есен Қайыржанұлы Қайыржанның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды;
  • 2020 жылғы ақпанда, тұтастай алғанда, Басқарма құрамына ҚМГ Басқармасы үшін белгіленген өкілеттік мерзіміне – Дастан Елемесұлы Абдулғафаров және Мәлік Оралұлы Сәулебай сайланды;
  • 2020 жылдың мамырында ҚМГ Басқармасының мүшесі – Құрманғазы Орынғазыұлы Есқазиевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды;
  • 2020 жылғы қазанда ҚМГ Басқарма мүшесі – Дәулетжан Кеңесұлы Хасановтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

2021 жылғы қаңтардан бастап сәуірге дейін Басқарманың құрамында келесі өзгерістер болды:

  • 2021 жылғы сәуірде ҚМГ Басқармасының мүшесі Қайрат Қаматайұлы Шәріпбаевтың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.

2020 жылы 55 отырыс өткізілді, 655 шешім, оның ішінде 651 (99,4%) — іштей отырыстарда қаралды және қабылданды. Басқарма Директорлар кеңесінің қарауына 149 мәселе шығарды, олардың ішіндегі ең маңыздылары:

  • жаңа жер қойнауын пайдалану туралы келісімдер жасасу және инвестициялық жобаларды келісу;
  • бейінді емес активтерден шығу;
  • Даму стратегиясы мен жоспарын іске асыру;
  • қаржыландыру шарттарын жақсарту;
  • тәуекелдер бойынша тоқсан сайынғы есептер және орнықты даму туралы есеп.

Оның ішінде, Басқарма есепті жылы 12 есепті, оның ішінде тәуекелдер; олар бойынша шешімдерді Басқарма қабылдаған мүдделі мәмілелер; 2028 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру; орнықты даму бойынша есептерді мақұлдады және Директорлар кеңесінің қарауына жіберді. Сондай-ақ, жасалуына мүдделілік бар мәмілелерді жасасу туралы Директорлар кеңесінің қарауына 25 мәселе ұсынылды.

ЕТҰ акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жататын өкілеттіктер шеңберінде Басқарма:

  • Акционердің ретінде – 19 шешім;
  • Қатысушы / жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін сенімгерлік басқарушы ретінде – 104 шешім;
  • барлық дауыс беретін акцияларға иелік ететін жалғыз акционер ретінде – 55 шешім;
  • барлық қатысу үлестеріне иелік ететін жалғыз қатысушы / құрылтайшы — 184 шешім қабылдады.
Отырыстар саны, бір.
Қаралған мәселелер саны, бір.

2020 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНДАҒЫ БАСҚАРМАНЫҢ ҚҰРАМЫ

2019 жылдан бастап Басқарма құрамына кіреді.

Туған күні:

1962 жылғы 9 тамыз.


Білімі:
  • И. М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институты, мамандығы – «тау-кен ісі»;
  • Мәскеу мемлекеттік басқару университеті.
Жұмыс тәжірибесі

Еңбек жолын 1984 жылы «Комсомольскнефть» МГӨБ техникалық бөлімінің бастығы болып бастады. Әр жылдары «Сфинкс» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық қызметінің директоры, Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінде көмірсутек шикізаты және мұнай-химия бөлімінің бастығы, бөлім бастығының орынбасары, бас инженері, Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрлігінде теңіз жұмыстары басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

«ҚазақстанКаспийШельф» АҚ вице-президенті және бас директоры, «Қазақойл» ҰК ЖАҚ инвестициялар және жаңа жобалар жөніндегі директоры, коммерциялық директоры, газ жобалары жөніндегі вице-президенті, вице-президенті, «Қазақстан Халық Банкі» ЖАҚ төрағасының орынбасары және басқарма мүшесі, «ҚазТрансОйл» АҚ пайдалану жөніндегі вице-президенті, «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК бас директорының орынбасары, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» өнімді бөлу туралы келісім (ӨБК) бойынша жобалардағы үлестерді басқару жөніндегі өкілетті органның төрағасы лауазымдарын атқарған, «ҚазМұнайГаз «Барлау Өндіру» АҚ бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарушы директоры, «ҚазМұнайГаз «Барлау Өндіру» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды.

2006-2008 жылдары – KAZENERGY қауымдастығының үйлестіру кеңесінің төрағасы. 2008 жылдан бастап 2019 жылға дейін – «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) басқарушы директорының орынбасары.

ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасаған жоқ.

2016 жылдан бастап Басқарма құрамына кіреді.

Туған күні:

1963 жылғы 16 тамыз.


Білімі:
  • Қазақ ауыл шаруашылығы институты;
  • Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
  • саяси ғылымдар кандидаты.
Жұмыс тәжірибесі

Еңбек жолын 1985 жылы ауыл шаруашылығы саласында агроном болып бастаған. 1991 жылдан бастап 1999 жылға дейін «Көктем» ЖШС, «Шын-Асыл» АҚ, «Жетісу» ЖШС басшы лауазымдарда жұмыс істеді. Әр жылдары Тараз қаласы әкімінің орынбасары, «Дәуір» ЖАҚ бірінші вице-президенті, «Кітап» баспа үйінің президенті, «Данко» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған.

2001 жылы газ және газбен жабдықтау саласында жұмыс істей бастады. «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ газ тасымалдау және маркетингі департаментінің директоры, бас директорының маркетинг және коммерция жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. Әр жылдары «ҚазТрансГаз» ЖАҚ бас директорының кеңесшісі, маркетинг жөніндегі орынбасары, бірінші вице-президенттің кеңесшісі, одан кейін «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ коммерция жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істеді, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директоры, «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының газ тасымалдау және маркетингі жөніндегі орынбасары лауазымдарын атқарды.

2015 жылғы желтоқсаннан бастап, 2020 жылдың қарашасына дейін «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды. 2020 жылдың қарашасынан бастап, «ҚазТрансГаз» АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды. ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасаған жоқ.

2016 жылдан бастап Басқарманың құрамына кіреді.

Туған күні:

1978 жылғы 11 маусым.


Білімі:
  • Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, мамандығы – «халықаралық экономикалық қатынастар»;
  • Texas A&M университеті, қаржы саласындағы ғылымдар магистрі;
  • CFA халықаралық кәсіби сертификатының иегері.
Жұмыс тәжірибесі

Еңбек қызметін 2001 жылы «АБН АМРО Банк Қазақстан» АҚ-та кредиттік талдаушы болып бастады. 2003 жылы банкте кредиттік басқарма бастығы болып тағайындалды.

2004 жылдан бастап — «Қазақстанның Халық банкі» АҚ-та басқарушы директор болды. 2007 жылдан бастап 2016 жылға дейін «Қазақстанның Халық банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды. 2016 жылғы қыркүйекке дейін McKinsey & Company Inc. компаниясында жобаның тәлімгері болды.

ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасаған жоқ.

2016 жылдан бастап Басқарманың құрамына кіреді.

Туған күні:

1970 жылғы 6 желтоқсан.


Білімі:
  • Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және институты, мамандығы – «инженер-технолог»;
  • С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, мамандығы – «заңгер».
Жұмыс тәжірибесі

тәжірибесі Еңбек қызметін 1994 жылы «Манас» МП менеджері, одан кейін «Бата» ЖШС-да менеджер және «Абыз» ЖШС-да атқарушы директор болды. Әртүрлі жылдарда «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ААҚ («АМӨЗ» ААҚ) бірінші вице-президентінің көмекшісі, директорлар кеңесінің хатшысы, «Қазақойл» ҰМК ЖАҚ-та бас менеджер, «АМӨЗ» ААҚ қайта жаңарту жобасын басқару тобының бас менеджерінің орынбасары, АМӨЗ жобаны басқару департаментінің ағымдағы қызметті бақылау секторын меңгеруші, ағымдағы қызметті корпоративтік басқару және мониторингі секторының бас маманы, мұнай, газ өңдеу және мұнай-химия департаменті директорының орынбасары, ал одан кейін «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ мұнай-химияны дамыту департаменті директорының орынбасары, «АМӨЗ» ЖШС күрделі құрылыс басқармасының бастығы, салынатын кәсіпорын дирекциясының бас директоры, қаржы директоры болып жұмыс істеді.

Әртүрлі жылдарда «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының өңдеу және мұнай-химия жөніндегі орынбасары, мұнай өңдеу және маркетингі жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және маркетингі жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ аға вице-президенті, мұнай тасымалдау, өңдеу және маркетингі жөніндегі атқарушы вице-президенті болып жұмыс істеді.

ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасаған жоқ.

2019 жылдан бастап Басқарманың құрамына кіреді.

Туған күні:

1968 жылғы 21 желтоқсан.


Білімі:
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, мамандығы – «заңгер».
Жұмыс тәжірибесі

Еңбек қызметін 1991-1994 жж. ҚазКСР Ғылым академиясында кіші ғылым қызметкері болып бастады, одан кейін «Барикон» кәсіпорнының заң бөлімінің заң консультанты, одан кейін бастығы болып жұмыс істеді. Әртүрлі жылдарда Қазақстан Республикасының Экономика министрлігінің жанындағы Шетелдік инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің жобаларды бағалау басқармасының бас маманы, шетелдік инвестициялар басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік экспорттық-импорттық банкінің (Эксимбанк) заң департаментінің құқықтық сараптама басқармасының бастығы, ал одан кейін заң департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

1997 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚМГ компанияларының тобында жұмыс істеп жатыр. «ҚазТрансОйл» ҰМТК» ЖАҚ инвестициялық жобалар департаментінің бастығы, корпоративтік қаржыландыру департаментінің бастығы, қаржы жөніндегі атқарушы директоры, экономика және қаржы жөніндегі кеңесшісі болып жұмыс істеді. Әртүрлі жылдарда «ҚазТрансГаз» ЖАҚ вице-президентінің, бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, бірінші вице-президенті, «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директорының орынбасары, «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК ЖАҚ бас директорының бірінші орынбасары, «ҚазТрансГаз» ЖАҚ бас директорының бірінші орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ корпоративтік басқару жөніндегі басқарушы директоры, «ҚазТрансГаз» ЖАҚ бас директорының корпоративтік даму жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ қаржы және экономика жөніндегі басқарушы директоры, «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК ЖАҚ бас директоры болып жұмыс істеді. 2005-2007 жылдар кезеңінде — «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары, «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директоры болды.

Әртүрлі жылдарда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тасымалдау және өңдеу жөніндегі вице-президенті, «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ газ жобалары жөніндегі басқарушы директоры, бас директоры, «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ газ жобалары жөніндегі басқарушы директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма төрағасының Корпоративтік орталық жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасаған жоқ.

2020 жылғы ақпаннан бастап Басқарманың құрамына кіреді.

Туған күні:

1974 жылғы 16 желтоқсан.


Білімі:
  • О.А. Жаутықов атындағы республикалық физикалық-математикалық мектеп;
  • Қазақстандық құқық және халықаралық қатынастар институты, мамандығы – «халықаралық құқық, заңгер»;
  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы, мамандығы – «халықаралық экономика және құқық»;
  • ENI Корпоративтік университеті (Милан қ., Италия) мұнай бизнесі магистрі;
  • Мәскеулік СКОЛКОВО басқару мектебі, мамандығы – «қаржы және инвестициялар», Executive MBA.
Жұмыс тәжірибесі

ҚМГ компанияларының тобындағы жұмыс тәжірибесі 18 жылдан астам, оның ішінде, 14 жыл – басшы лауазымдарда.

Әртүрлі жылдарда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ-та халықаралық келісімшарттар департаментінің заңгері, жаңа жобаларды дамыту департаментінің бас менеджері, жаңа жобаларды дамыту департаментінің директоры, жаңа теңіз жобаларын дамыту департаменті директорының орынбасары, одан кейін директоры, жобаларды басқару тобының жетекшісі, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директорының кеңесшісі, бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры, бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ барлау және өндіру бизнесін сүйемелдеу жөніндегі басқарушы директоры, аппарат басшысы – дамыту жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасаған жоқ.

2020 жылдан бастап Басқарманың құрамына кіреді.

Туған күні:

1975 жылғы 7 мамыр.


Білімі:
  • О.А. Жаутықов атындағы республикалық физикалық-математикалық мектеп;
  • Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, мамандығы – «экономист»;
  • Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, мамандығы – «заңгер»;
  • И.М. Губкин атындағы Ресейлік мемлекеттік мұнай және газ университеті, Іскерлік әкімшіліктендіру магистрі (үздік).
Жұмыс тәжірибесі

Жалпы жұмыс тәжірибесі 25 жыл.

Еңбек қызметін 1995 жылы бастады, 2000 жылға дейін банк саласында: «Қазпочтабанк» департаментінің жетекші экономисі, директорының орынбасары, Альфа банкте аға бухгалтер-бақылаушы, «Транс Азия Сауда банкі» ААҚ-та басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

2000-2005 жж. прокуратура органдарында: Астана қ. Алматы ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры, Қазақстан Республикасының Бас прокурор орынбасарының көмекшісі, Астана қ. прокуратурасының, Орталық өңірлік көлік прокуратурасының басқарма бастығы болып жұмыс істеді. «Прокуратура үздігі» омырауға тағатын белгісі, 2005 жылы біліктілік емтиханын сәтті тапсырып, судьялар резервіне кірді.

2005 жылдан бастап 2006 жылға дейін «Қазақстандық Ипотека компаниясы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінде басқарма бастығы болды.

2006 жылы «ҚазТрансГаз» АҚ активтерді басқару департаментінің директоры болып тағайындалды. 2007-2009 жж. – «ҚазТрансОйл-Сервис» АҚ бас директоры; 2009 жылдан бастап 2011 жылға дейін «ҚазМұнайГаз – өңдеу маркетинг» АҚ-та бас директордың кеңесшісі, құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор; 2011 жылдан бастап 2016 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өдіру» АҚ-та құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор – басқарма мүшесі, аппарат басшысы – Басқарма мүшесі; 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін «Қаражанбасмұнай» АҚ-та сыртқы және корпоративтік байланыс жөніндегі вице-президент; 2018 жылдан бастап 2019 жылға дейін «Самұрық-Энерго» АҚ-та тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор – басқарма мүшесі болып жұмыс істеді.

2019 жылғы мамырдан бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры, 2020 жылғы ақпанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының құрамына сайланды.

ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасаған жоқ.