ТҰРАҚТЫ САТЫП АЛУҒА БЕЙІЛДІЛІК

ҚМГ-нің орнықты даму саласындағы қағидаттары заңдылық пен ашықтық, шарттар талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік негізінде контрагенттермен өзара іс-қимылды жүзеге асыруда, сондай-ақ факторларды: үздік баға, сапа және шарттар, контрагенттің іскерлік беделі негізінде контрагенттерді іріктеуде көрініс тапты.

Бұл ретте ҚМГ, өз кезегінде, контрагенттерге қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтау, қызметкерлерге әділ қарым-қатынас жасау, балалар еңбегін пайдаланбау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және этикалық мінезқұлықтың өзге де қағидаттарын ұстану бойынша қарсы міндеттемелер ұсынады.

Бұл шарттар ҚМГ-нің контрагенттермен еңбек құқықтарын сақтау және Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы еңбек жағдайын жасау, балалардың құқықтарын қорғау және экологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында жасасатын шарттарының талаптарына енгізілген. ҚМГ-нің пікірінше, бұл шаралар ҚМГ-мен ынтымақтасатын компаниялардың заңсыз қызмет ету жағдайларының санын азайтуға көмектеседі.

Тауарларды сатып алу кезінде ҚМГ сапа менеджменті жүйесіне сәйкестік сертификаттарын беру туралы әлеуетті жеткізушілерге қойылатын талаптарды да белгілейді.

Импортозамещение

Импорт алмастыру

Мұнай-газ саласында мемлекет мүдделерін білдіретін Компания ретінде ҚМГ офтейк-шарттар жасасу арқылы жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және жаңа өндірістерді құруға жәрдемдесудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде импорт алмастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты жаңа өндірістерге бастамашы болған жеке кәсіпкерлерді қолдау, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" АҚ тобының компанияларында сұранысқа ие өнім шығару мақсатында технологиялық қайта жарақтандыру болып табылады.

Офтейк-шарттардың тетігі жобаны іске асыру нәтижесінде өндірісі жолға қойылатын тауарларды сатып алу мен жеткізудің кейінге қалдыру шартымен импорт алмастыру жобаларын іске асыруды көздейді.

2020 жылдың қорытындылары бойынша Қордың барлық қоржынды компаниялары арасында жасалған офтейк-шарттардың саны мен сомасы бойынша ҚМГ жетекші орынға ие (жалпы сомасы 13,6 млрд теңгеге 40 офтейк-шарт және екі меморандум).

Сатып алудағы импорттық тауарлар
Жыл Сома, млрд теңге Қазақстанда шығарылған СТ-КZ сертификатынсыз жеткізілген тауарлардың үлесі, % Қазақстанда шығарылған сертификатсыз жеткізілген тауарлардың үлесі есепті кезеңде жеткізілген импорттық тауарлардың үлесі болып табылады 
2018 173 21
2019 104 22
2020 94 20

Сатып алудағы импорттық тауарлардың үлесі 94 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,6%-ке төмен.

ҚМГ-нің сатып алу қызметін регламенттейтін құжаттар тізбесі:

  1. Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 3 шілдедегі шешімімен, №161 хаттама, бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп процентін меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен "СамұрықҚазына" АҚ-қа тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібі;
  2. "Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының 2019 жылғы 9 қыркүйектегі шешімімен, №31/19 хаттама, бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп проценті меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен "СамұрықҚазына" АҚ-қа тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың сатып алу қызметін басқару стандарты;
  3. " ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқармасының 2020 жылғы 30 шілдедегі шешімімен, № 31 хаттама, бекітілген " ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-та тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау, өткізуді ұйымдастыру қағидалары;
  4. "Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасы төрағасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №140-Б бұйрығымен бекітілген сатып алу, электрондық сатып алуды жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйені пайдалану және техникалық іркілістер туындаған жағдайдағы іс-қимыл тәртібі мәселелері жөніндегі есептілікті жасау және ұсыну тәртібі туралы нұсқаулық;
  5. "Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі шешімімен бекітілген Электрондық дүкен арқылы сатып алу қағидалары (№34/20 хаттама);
  6. "Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасы төрағасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №140-Б бұйрығымен бекітілген тауарлардың маркетингтік бағаларын белгілеу қағидалары;
  7. "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы шешімімен, №166 хаттама, бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп проценті меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен "Самұрық-Қазына" АҚ-қа тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың сатып алуды жүзеге асыруын бақылау қағидалары;
  8. " ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқармасының 2020 жылғы 26 наурыздағы шешімімен, №11 хаттама, бекітілген " ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп проценті меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен " ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-қа тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың сатып алу қызметін басқару қағидалары.