СЕРВИСТІК ЖОБАЛАР
Оңтайландыру бағдарламасын орындай отырып, ҚМГ мұнай сервистік компаниялары қатысатын өңірлерде әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудағы өзінің жетекші ролін ескереді. Сондықтан олар ағымдағы өндірістік қажеттілікке қарамастан, қызметкерлер санын сақтай отырып және ұжымдық шарт шеңберіндегі барлық міндеттемелерді: төлемдер, медициналық сақтандыру мен біліктілікті арттыру шығындарын жүзеге асыра отырып, қосымша шығындарды көтереді.
СЕРВИСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
ҚМГ сервистік қызметін негізгі 12 компания қамтамасыз етеді.
Сервистік қызметтің бағыттары
- Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау және игеру. Ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу.
- Жүк және жолаушыларды тасымалдау, кен орындарына көліктік-технологиялық қызмет көрсету.
- Электр қондырғылары мен катодтық қорғаныс құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу, баптау және сынау, электр жабдығын іске қосу-жөндеу жұмыстары және ағымдағы жөндеу.
- Жерүсті және теңіз бұрғылау қондырғыларын пайдалану, мұнай және газ өндіруді жобалау, бұрғылау қызметтері.
- Табиғи газды өңдеу.
- Өлшеу құралдарына, автоматика және телемеханика жүйелеріне техникалық қызмет көрсету, мұнай кәсіпшіліктерінде телекоммуникация, радиобайланыс, кабельдік және спутниктік теледидар қызметтерін ұсыну; өлшеу құралдарын тексеру және жөндеу; күзет сигнализациясына техникалық қызмет көрсету. Көліктің GPS-мониторингіне қызмет көрсету.
- Мұнай тасымалдау үшін болат және әйнек-пластикалық құбырларды салу, газ құбырларын салу және мұнай және айдау ұңғымаларын жайластыру. Мұнай құбырларын, су құбырларын және автожолдарды қайта жаңарту.
- Ауызсу өндіру және тасымалдау, теңіз суын тасымалдауды қамтамасыз ету.
- Әлеуметтік объектілерде тамақтандыруды және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру және өзгелері.
ҚМГ ағымдағы өндіріс деңгейін қолдау және даму бойынша жаңа жобаларды іске асыру арқылы мұнай-сервис компанияларын залалсыздық деңгейіне шығару бойынша түрлі іс-шаралар өткізуді жалғастыруда. Сонымен қатар, ҚМГ әлеуметтік бағдарланған Компания ретінде осы компаниялардың қызметкерлері арасында тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Даму жобалары
Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытын (ГӨЗ) салу бойынша жобаны іске асыру шеңберінде ҚМГ неміс трансұлттық химиялық компаниясы Linde Aktiengesellschaft (Linde AG) бірлесіп жобаны одан әрі іске асыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде. 2020 жылдың ішінде жобалау үшін бастапқы деректерді дайындау бойынша жұмыстар жүргізілді, жаңа зауыт салу үшін учаске белгіленді.
2020 жылдың 5 қазанында KMG Systems & Services ЖШС мен Oil Spill Response Limited халықаралық қауымдастығы арасында үшінші деңгейдегі мұнайдың төгілуіне дайындықты қамтамасыз ету және оны жою бойынша серіктестік келісімге қол қойылды.
"ТеңізСервис" ЖШС 2020 жылғы 28 қазанда Теңіз кен орнын болашақта кеңейту жобасын іске асыруға арналған соңғы ірі көлемді модульді ауыстырып тиеу аяқталды. Барлығы 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейін Теңіз кен орнын болашақта кеңейту жобасы үшін жалпы салмағы 279 859 тонна 408 модуль ауыстырып тиелді. Модульдердің барлық көлемін ауыстырып тиеу жұмыстары алты айға кестеден оза отырып орындалды. 2020 жылғы желтоқсанда "Жүктерді тасымалдау бағыты" жобасында 4,3 млн адам-сағат көрсеткішіне қол жеткізілді.