ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ СЫЙАҚЫЛАР ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ СЫЙАҚЫЛАР ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Холланд Филип Малкольм
Холланд Филип Малкольм
Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитеттің төрағасы, тәуелсіз директор

2020 жылы Комитеттің қызметі пандемияны және оның «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кадр саясатына әсерін ескере отырып, тиімді кадр саясатын қамтамасыз етуге, сабақтастықты, еңбекақы және сыйақы төлеу жүйесін жоспарлауға, әлеуметтік қолдауға бағытталған. Комитет «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ CEO-1 лауазымына кандидаттарды іздеу және іріктеу қағидаларын бекітті, оның шеңберінде Комитет CEO-1 лауазымына тағайындау бойынша бірнеше рет ұсыным берді. Бұдан басқа, Компанияның Директорлар кеңесі мүшелерінің, сондай-ақ Басқарма мүшелерінің сабақтастық мәселелеріне және тұтастай алғанда Компаниядағы сабақтастық әдіснамасын талқылауға, сондай-ақ пандемияның «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлері санының қысқаруына тиетін әсерге назар аударылды. Комитет құрылымды қайта құру, Компанияның корпоративтік орталығындағы қызметкерлер санын қысқарту және еңбекақы мен сыйақы төлеу, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ беделдік тәуекелдерін азайту мәселелерін талқылау кезінде Компания менеджментімен белсенді өзара іс-қимыл жасады.

Тағайындау және сыйақы комитеті туралы ережеге сәйкес Комитет әлеуметтік проблемаларды, оның ішінде өңірлердегі әлеуметтік шиеленіс жағдайларын, жұмыссыздық пен Компанияның әлеуметтік қолдау проблемаларын шешу бойынша ұсынымдарды тыңдайды және әзірлейді. Комитет әлеуметтік жауапкершілік пен тартымдылыққа назар аудара отырып, Жаңаөзен қаласындағы жағдайды, жұмыспен қамту мәселелерін, сондай-ақ оларды шешу үшін ұсынылған жолдар талқылады.

Сонымен қатар, Комитет Компанияның корпоративтік құндылықтарын қайта қарауға және айқындауға, сондай-ақ ҚМГ іскерлік этика кодексіне өзгерістер енгізуге назар аударды.

2018 жылы алғаш рет Директорлар кеңесі мүшелерінің дағдылары мен құзыреттерінің матрицасы әзірленді және бекітілді, олар оны Директорлар кеңесі құрамындағы дағдылар мен құзыреттер балансын сақтау мақсатында толтырады. 2020 жылғы желтоқсанда Комитетте Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерінің оны толтыруын ескере отырып, матрИОАбойынша жиынтық ақпарат қаралды. Талқылау қорытындылары бойынша тәуелсіз директорды іздеу бойынша жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды, сондай-ақ оны іздеу бойынша құзыреттілік пен критерийлерге қойылатын талаптар әзірленді.


ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ СЫЙАҚЫЛАР ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ 2020 ЖЫЛЫ ҚАРАҒАН НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР

  • ҚМГ Басқармасының құрамы туралы.
  • ҚМГ Директорлар кеңесінің комитеттері туралы.
  • ҚМГ орталық аппаратының құрылымы мен қызметкерлерінің жалпы санын бекіту туралы.
  • ҚМГ басшы қызметкерлері жұмысының 2021 жылға арналған мотивациялық негізгі көрсеткіштерінің карталарын және олардың мақсатты мәндерін бекіту туралы.
  • ҚМГ-нің ағымдағы қажеттіліктерін және оның ұзақ мерзімді даму стратегиясын ескере отырып, ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына кандидаттар үшін дағдылар, білім және тәжірибе бейінін айқындау туралы.
  • Жаңаөзен қаласындағы жұмыспен қамту жағдайы туралы ақпарат.
  • ҚМГ омбудсменін тағайындау және оның өкілеттік мерзімін анықтау туралы.
  • Корпоративтік құндылықтарды анықтау және ҚМГ іскерлік этика кодексіне өзгерістер енгізу туралы.
  • ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерінің 2020 жылға арналған оқыту жоспары мен даму бағдарламаларын бекіту туралы.
  • Директорлар кеңестерінің құрамына квазимемлекеттік сектордың әлеуметтік маңызы бар кәсіпорындарын азаматтық қоғам өкілдерін қосуға қатысты.
  • ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдарының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату және бірінші басшыларын тағайындау туралы.
  • ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдарының байқау кеңестерінің / директорлар кеңестерінің мүшелерін сайлау және өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
  • Директорлар кеңесі, ҚМГ Басқармасы мүшелерінің сабақтастық жоспары туралы.
  • ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерінің өзін-өзі бағалауына қатысты.
  • ҚМГ CEO-1 лауазымына кандидаттарды іздеу және іріктеу қағидаларын бекіту туралы.
  • ҚМГ компаниялар тобы заңды тұлғаларының атқарушы органдары басшыларын тағайындауды (сайлауды) келісу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ ҚМГ Директорлар кеңесі бекітетін негізгі лауазымдар тізбесіне сәйкес лауазымға тағайындауды келісу қағидаларын бекіту туралы.
  • ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдары мамандарының техникалық құзыреттерін дамыту бойынша жобаларды орындау мәртебесі.
  • ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерінің құрамын және сыйақысын қайта қарау бойынша ұсыныстар енгізуге қатысты.
  • ҚМГ Басқарма мүшелерінің лауазымдық жалақыларының мөлшерін белгілеу туралы.
  • 2020 жылы ҚМГ-нің 2018-2028 жылдарға арналған кадр саясатын іске асыру барысы туралы.

Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитеттің құрамына (2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) мыналар кіреді:

  1. Холланд Филип Малкольм – 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Комитет төрағасы;
  2. Уолтон Кристофер Джон – 2017 жылдың тамызынан бастап Комитет мүшесі;
  3. Эспина Энтони – 2019 жылғы маусымнан бастап Комитет мүшесі.
Комитет мүшелерінің 2020 жылғы отырыстарға қатысуы
Отырыстың нөмірі мен күні Комитет мүшесі
Палья Л.М. Дайер Ф.Д. Уолтон К.Д. Уайт С.Д. Қарабалин Ұ.С. Эспина Э. Холланд Ф.М.
1/2020
20.01.2020
+ + + + + +
2/2020
03.02.2020
+ + + + + +
3/2020
12.02.2020
+ + + + + +
4/2020
04.03.2020
+ + + + + +
5/2020
31.03.2020
+ + + + + +
6/2020
25.04.2020
+ + + + + +
7/2020
29.04.2020
+ + + + + +
8/2020
02.06.2020
+ + + + + +
9/2020
16.09.2020
Құрамнан шығарылды Құрамнан шығарылды + Құрамнан шығарылды Құрамнан шығарылды + +
10/2020
06.10.2020
Құрамнан шығарылды Құрамнан шығарылды + Құрамнан шығарылды Құрамнан шығарылды + +
11/2020
04.11.2020
Құрамнан шығарылды Құрамнан шығарылды + Құрамнан шығарылды Құрамнан шығарылды + +
12/2020
08.12.2020
Құрамнан шығарылды Құрамнан шығарылды + Құрамнан шығарылды Құрамнан шығарылды + +
Қатысу үлесі, % 100 100 100 100 100 100 100