СТРАТЕГИЯ ЖӘНЕ ҚОРЖЫНДЫ БАСҚАРУ КОМИТЕТІ

СТРАТЕГИЯ ЖӘНЕ ҚОРЖЫНДЫ БАСҚАРУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Холланд Филип Малкольм
Холланд Филип Малкольм
Стратегия және қоржынды басқару комитетінің төрағасы, тәуелсіз директор

2020 жылы Комитет өз жұмысын пандемияның Компанияның қызметіне әсер етуіне, сондай-ақ пандемияның бизнеске теріс әсерін азайту мақсатында дағдарысқа қарсы стратегияны әзірлеуге шоғырландырды. 2020 жылдың бірінші жартысында Комитеттің сұрауы бойынша газ тапшылығы, мұнай мен газ бойынша форс-мажорлық мән-жайлар шешімдерінің коммерциялық нұсқалары, мұнай бағасының құлдырауын, пандемияның әсерін және мұнай нарығының үлесіне жаһандық қарсы тұруды ескере отырып, Компанияның даму жоспарына ұсыныстар талқыланды. 2020 жылғы желтоқсанда Комитеттің сұрауы бойынша Қазақстан Республикасының мұнай және мұнай өнімдері нарығы бойынша ақпарат ұсынылды, онда мұнай тұтынудың төмендеуі туралы мәліметтер, жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шаралар, сондай-ақ әлемдік мұнай өнімдері нарығындағы бағалардың серпіні жөніндегі деректер қамтылады.

2019 жылдан бастап, Комитет Компанияның газ бойынша стратегиясына, оның ішінде «ҚазТрансГаз» АҚ тобының стратегиялық қаржы моделіне, газ тасымалдау мен маркетингін талдауға, газ бойынша құн тізбегіне баса назар аударды.

Бұдан басқа, Комитет барлау мен өндірудің перспективалық жаңа жобалары бойынша, оларды іске асыру, стратегиялық әріптестерді тарту және кейіннен келіссөздер жүргізу мүмкіндігі туралы ақпаратты қарады.

Бұдан басқа, сатып алу саласында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бағасына қарағанда, сапаға басымдық беруге, сатып алу мен жалға алуды салыстыруға, сатып алудың жаңа моделін, кен орындарындағы сатып алу проблемаларын және оларды шешу жолдарын талқылауға назар аудару бойынша жұмыс жалғастырылды.

2019 жылы Комитет Компанияда жобалық басқаруды және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ инвестицияларды қоржындық басқаруды енгізу, stage gate system енгізу бойынша бірқатар ұсынымдар әзірледі. 2020 жылы Комитетте осы бағыттар бойынша жұмыс нәтижелері туралы баяндама, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның ЕТҰ инвестициялық қызметі бойынша бекітілген басшылық туралы ақпарат қаралды. Комитет Компанияның жобаларын бағалауды жүзеге асыру және әлеуметтік жобаларын есепке алу үшін компоненттер бойынша ұсыныстар берді.

Әрбір отырыс шеңберінде Комитет Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз ірі кен орындары бойынша есептік ақпаратты, сондай-ақ трансформация, жекешелендіру бағдарламалары және дивестициялар бойынша мәртебе-есептерді тыңдады.

СТРАТЕГИЯ ЖӘНЕ ҚОРЖЫНДЫ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ 2020 ЖЫЛЫ ҚАРАҒАН НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР

  • ҚМГ-нің газ жөніндегі стратегиясы.
  • «ҚазТрансГаз» АҚ тобының 2020-2030 жылдарға арналған стратегиялық қаржылық моделі туралы.
  • ҚМГ-де инвестицияларды қоржындық басқаруды енгізу туралы.
  • ҚМГ-де жобалық басқаруды енгізу туралы.
  • «Теңізшевройл» ЖШС Болашақ кеңейту жобасының қымбаттауын бағалау жөніндегі ақпарат.
  • HSB Solomon Associates LLC компаниясының ҚМГ мұнай өңдеу зауыттарының 2018 операциялық жыл ішіндегі негізгі көрсеткіштерінің бәсекелестік талдауы бойынша бенчмаркингтік зерттеу нәтижелері туралы.
  • Сатып алу мәселелері, оның ішінде сатып алудың жаңа моделі, Қаратон-Сарықамыс (тұзасты) жобасы бойынша сатып алу проблемалары және т. б.
  • Мұнай және газ бойынша құн тізбегін талдау нәтижесінде қабылданған іс-шаралар бағдарламасы (табысы төмен салаларды жақсарту жөніндегі іс-шаралар, мұнай/газ басымдылығы).
  • Ескі кен орындарын пайдалану тиімділігін арттыру мәртебесі.
  • ҚМГ-нің 2028 жылға дейінгі стратегиясын іске асыру жөніндегі есеп.
  • «Қашаған» кен орнында газ өңдеу зауытын салу және ҚМГ компаниялар тобы үшін әсері туралы
  • Мұнай бағасының құлдырауын, пандемияның әсерін және мұнай нарығы үлесіне жаһандық қарсы тұруды ескере отырып, ҚМГ даму жоспарына ұсыныстар жобалары.
  • Газ (қытайлық пен ресейлік) тапшылығы және оны іріктеу.
  • Мұнай және газ бойынша форс-мажорлық жағдайларды шешудің коммерциялық нұсқалары.
  • «ҚазТрансГаз» АҚ-ты «Самұрық-Қазына» АҚ пайдасына беру туралы.
  • Қазақстан Республикасының Мұнай және мұнай өнімдері нарығы туралы ақпарат.
  • ҚМГ мұнай өнімдерін сатып алу-сату шарттарын жасасу туралы.
  • ҚМГ мұнай сатып алу туралы шарттар жасасуды келісу туралы.
  • Келісімшарттық аумақтарды мемлекетке қайтару туралы.

Стратегия және қоржынды басқару жөніндегі комитеттің құрамына (2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) мыналар кіреді:

  1. Холланд Филип Малкольм – 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Комитет төрағасы;
  2. Уолтон Кристофер Джон – 2017 жылдың тамызынан бастап Комитет мүшесі;
  3. Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы – 2017 жылдың тамызынан бастап Комитет мүшесі;
  4. Миллер Тимоти Глен – 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Комитет мүшесі;
  5. Эспина Энтони – 2019 жылғы маусымнан бастап Комитет мүшесі.
Комитет мүшелерінің 2020 жылғы отырыстарға қатысуы
Комитет мүшесі Отырыстың нөмірі мен күні
1/2020
11–12.02.2020
2/2020
31.03.2020
3/2020
03.06.2020
4/2020
07.10.2020
5/2020
07.12.2020
Қатысу үлесі, %
Уайт С.Д. + + + Құрамнан шығарылды 100
Уолтон К.Д. + + + + + 100
Дайер Ф.Д. + + + Құрамнан шығарылды 100
Қарабалин Ұ.С. + + + + + 100
Грюал Б.К. + + + Құрамнан шығарылды 100
Палья Л.М. + + + Құрамнан шығарылды 100
Эспина Э. + + + + + 100
Холланд Ф.М. + + 100
Миллер Т.Г. + + 100