Түсім

Компанияның қаржылық міндеттемелері облигациялар мен қарыздардан тұрады. Борышқорлық қоржын негізінен негізгі кіріс валютасы – АҚШ долларымен қалыптастырылды. Тиісінше, туынды қаржы құралдарын пайдалану қажеттілігінсіз валюталық тәуекелді органикалық хеджирлеу әсеріне қол жеткізіледі.

Жалпы қарыз

2019 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда, теңгелік мәнде 6,3%-ке өскенін көрсетіп (долларлық мәнде 3,4%-ке төмендеу), 2020 жылдың 31 желтоқсанындағы жалпы қарыз 4 078 млрд теңгені (9 690 млн АҚШ долл.) құрады. 2019 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда, 2020 жылдың 31 желтоқсанындағы кепілдік міндеттемелер"Бейнеу-Шымкент газ құбыры" (БШГҚ) 227 млрд теңге (540 млн АҚШ доллары) сомасындағы синдикатталған қарызы бойынша кепілдікті міндеттемелердің, "АстанаГаз ҚМГ" АҚ қарызы бойынша 1,9 млрд. теңге (4,4 млн. АҚШ долл.) және 62 млрд. теңге (148 млн. АҚШ долл.) сомасына жалдау жөніндегі міндеттемелердің номиналды сомасын қамтиды. ескерілген жалпы қарыз теңгелік мәнде 5,0%-ке ұлғайып (долларлық мәнде 4,5%-ке төмендеу) 4 308 млрд теңгені (10 234 млн АҚШ долл.) құрады.

Жалпы берешектің 241 млрд теңгеге ұлғаюы негізінен шетелдік валюталардың АҚШ долларымен деноминацияланған облигациялар мен қарыздарға айырбастау бағамының ықпалымен байланысты. Бұл ретте долларлық мәндегі жалпы берешек, 2019 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша 10 030 млн АҚШ доллары деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда, 3,4%-ке төмендеп, 2020 жылғы 31 желтоқсанда 9 690 млн АҚШ долларын құрады. 2020 жылдың қаңтарында Атырау мұнай өңдеу зауыты ҚДБ-дан The Export-Import Bank of China-дан жаңа өңдеу объектілерін қаржыландыруға алынған валюталық қарызды қайта қаржыландыру үшін 46 млрд теңге мөлшерінде ұзақ мерзімді қарыз алды. 2020 жылдың мамырында ҚТГ жалпы сомасы 43,68 млн АҚШ долларын құрайтын облигациялардың номиналды құны бойынша мерзімінен бұрын ішінара өтеуін жүргізді (18 млрд теңге), ақшалай қаражатпен 41 млн АҚШ долл. мөлшеріндегі дисконттық баға бойынша соманы төледі (17 млрд теңге).

2020 жылдың қазанында Компания бір мезгілде 906,6 млн АҚШ доллары сомасына (392 млрд теңгеге тең) еурооблигацияларды мерзімінен бұрын толық өтеумен және 2022 және 2023 жылдары өтеу мерзімімен жылдық 3,5%-тік купон мөлшерлемесімен және 2033 жылы өтеу мерзімімен 750 млн АҚШ доллары сомасына (322 млрд теңгеге баламалы) еурооблигациялар шығарды.

Халықаралық инвесторлар тарапынан айтарлықтай сұраныс "ҚазМұнайГаз" тарихындағы АҚШ долларындағы ең төмен кірістілікті белгілеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, соңғы шығарылымның кірістілігі транзакция кезінде өтеу мерзімі 10 жылдан асатын еурооблигациялардың жаңа шығарылымдары үшін ТМД елдері эмитенттерінің арасында ең төмен болып табылады.

Нәтижесінде:

  • ҚМГ сыртқы қарыздарын өтеу кестесі тегістелді;
  • қазіргі уақытта Компанияда 2025 жылға дейін біржолғы ірі сыртқы өтеу төлемдер жоқ;
  • борышқорлық жүктеме анағұрлым ұзақ мерзімді қарыз алу басым болатын бақыланатын деңгейде болады;
  • ҚМГ үшін қарыз алудың орташа алынған құны төмендетілді;
  • ковенант пакеті жақсартылды.
Жалпы қарыздың өзгеруі, млн АҚШ долл.Дөңгелектеу салдарынан сандар қосылмауы мүмкін.

Таза қарыз

ҚМГ-нің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша таза берешегі 2 594 млрд теңгені (6 162 млн АҚШ долл.) құрады, бұл 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша көрсеткіштен 9,9%-ке жоғары (долларлық мәнде 0,2%-ке төмендеу)

Номиналы бойынша борышты өтеу кестесі, млн АҚШ долл.KMG International несиелік желілерін, овердрафттарын және аванс беру бойынша міндеттемелерін қамтымайды.
Таза қарыз, млн АҚШ долл.Дөңгелектеу салдарынан сандар қосылмауы мүмкін.