САТЫП АЛУДЫҢ ЖАЛПЫ КӨЛЕМІ

Есепті кезеңде орындалған шарттар бойынша жеткізілген тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сомасы (жылдық және ұзақ мерзімді сатып алуды ескере отырып) 1 826 млрд теңгені құрады, оның 82%-ті жергілікті қамту үлесіне жатады.

Өткен жылмен салыстырғанда сатып алудың жалпы сомасы 2020 жылдың басында мұнай құнының күрт төмендеуіне байланысты 14%ке төмендеді, бұл кейіннен ҚМГ өндіруші еншілес кәсіпорындары бюджеттерінің азаюына әкелді. Коронавирустық пандемияға орай қалыптасқан жағдайға байланысты көптеген келісімшарттар 2021 жылға қалдырылды.

Жергілікті қамту үлесінің ұлғаюы Қордың 2020 жылды отандық тауар өндірушілерді қолдау жылы деп жариялауына байланысты, осыған орай ҚМГ Басқарма төрағасы 2020 жылға арналған отандық тауар өндірушілерді қолдау жоспарын бекітті.

ҚМГ сатып алу қызметінің маңызды аспектілерінің бірі бір көзден сатып алуды қысқарту және бәсекелі сатып алу үлесін арттыру болып табылады. Осыған байланысты ҚМГ және еншілес және тәуелді қоғамдардың (ЕТҰ) басшы қызметкерлерінің жауапкершілігі, оның ішінде басшылар қызметінің негізгі көрсеткіштері (ҚНК) картасында мақсатты индикаторды белгілеу арқылы көзделген.

Бәсекелестік сатып алу ашық тендер, баға ұсыныстарын сұрату және бәсекелестік келіссөздер арқылы жүзеге асырылады.

2020 жылы ҚМГ компаниялар тобы бойынша жылдық сатып алу жоспарымен жасалған шарттар бойынша бәсекелестік сатып алу сомасы 420 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, соңғы үш жылда бәсекелі сатып алу үлесі кем дегенде 46%-ке ұлғайды, бұл ҚМГнің адал бәсекелестікті және орнықты даму мақсаттарын қамтамасыз етуге ұмтылысын айғақтайды.

Бәсекелес нарықты дамыту ұмтылысына қарамастан, холдингішілік кооперация шеңберінде және (немесе) бір көзден сатып алу жүзеге асырылатын бәсекеге қабілетсіз сатып алу үлесі айтарлықтай басым.

Жеткізілген тауарлар, жасалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер, млрд теңге
Жыл Тауарлар Жұмыстар мен қызметтер Жиыны
Жалпы сомасы Жергілікті қамту үлесі, % Жалпы сомасы Жергілікті қамту үлесі, % Жалпы сомасы Жергілікті қамту үлесі, %
2018 824 77 1 604 80 2 428 79
2019 473Без учета нефти и газа. 63Без учета нефти и газа. 1 659 83 2 132 81
2020 472Без учета нефти и газа. 71Без учета нефти и газа. 1 354 86 1 826 82
Бәсекелі сатып алулар, млрд теңге К конкурентным закупкам относятся закупки путем открытого тендера, запроса ценовых предложений и конкурентных переговоров.
Жыл Тауарлар Жұмыстар мен қызметтер Жиыны
Сома Үлес, % Сома Үлес, % Сома Үлес, %
2018 137 7 375 19 511 26
2019 169 12 326 23 495 36
2020 168 15 252 23 420 38

Әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілік іріктеу

Сатып алу қызметі саласындағы халықаралық практика әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілік іріктеуді жүргізу тетігінің кеңінен дамуын көрсетеді. Қазақстандық және халықаралық практиканың талаптары мен стандарттарын ескере отырып, сатып алу қызметін тұрақты жетілдіру ҚМГ үшін басым міндеттердің бірі болып табылады.

Алдын ала біліктілік іріктеу (АБІ) — әлеуетті өнім берушілерді Стандартқа сәйкес белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан бағалау процесі, ол сауалнама жүргізу және аудит арқылы жүзеге асырылады. Стандарт управления закупочной деятельностью акционерного общества «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына» и организаций, 50 и более процентов голосующих акций (долей участия) которых прямо или косвенно принадлежат АО «Самрук-Қазына» на праве собственности или доверительного управления, утвержденный решением Правления Фонда № 31/19 от 9 сентября 2019 года.

Мыналар АБІ негізгі мақсаттары болып табылады:

  1. белгіленген біліктілік критерийлері бойынша өнім берушілерді бағалаудың қарапайым, ашық және тиімді процесін ұйымдастыру;
  2. нақты жергілікті өндірушілерді қолдау;
  3. сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің (ТЖҚ) сапасын арттыру;
  4. өткізу мерзімдерін қысқарту және сатып алу рәсімдерін оңайлату.
АБІ рәсімӘлеуетті өнім берушілерден ақпарат жинау жүргізілгеннен кейін және барлық әлеуетті өнім берушілер АБІ рәсімінің кезеңдерінен өткеннен кейін АБІ-нің қалыптастырылған тізбесі.

Санаттық сатып алу

Сатып алу санаттарын басқару басым санаттарға енгізілген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қызметіне және пайдалануға байланысты шығындарды азайтудың кешенді тәсілін әзірлеу процесі болып табылады.

Санаттау сатып алу нысанасының және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің бірыңғай нарығының жалпы белгілері бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу санатына біріктіру арқылы жүзеге асырылады. Санаттар тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бір және бірнеше атауын қамтуы мүмкін. Басымдықтар ретінде шығындар деңгейі жоғары, сыни, үнемдеу және басқару әлеуеті бар санаттар анықталады.

Санаттық басқару санаттық сатып алу стратегиясын әзірлеу және бекіту жолымен егжей-тегжейлі талдау арқылы үнемдеу әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл стратегия ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді перспективада пайданы барынша көбейтуге негізделген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың оңтайлы тәсілін анықтайды. Санаттық сатып алу стратегияларында мақсаттар мен міндеттер, ішкі және сыртқы ортаны талдау, сатып алу санаттарын басқару тәсілдері, жеткізушілерді дамытуға қойылатын талаптар, пайданы есептеу және іске асыру жоспары болуы керек.

Санаттық басқару стратегиялық жоспарлауды қолдану, сатып алынатын тауарлар мен қызметтерді егжей-тегжейлі талдау және меншіктің жалпы құнын есептеу арқылы, сондай-ақ бизнестің әртүрлі құрылымдық бөлімшелерімен кросс-функционалды өзара әрекеттесу арқылы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу және пайдалану шығындарын едәуір төмендетеді. Жеткізудің бұл әдісі тиімді, өйткені ол сенімді өндірушілермен және жеткізушілермен жұмыс жасай отырып, сапаны, сондай-ақ анық бағаны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сатып алу санаттарын басқару мыналарды қамтиды:

  • сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді санаттау және сатып алудың басым санаттарын айқындау;
  • басым санаттар бойынша санаттық сатып алу стратегияларын әзірлеу (өзектендіру) және бекіту;
  • санаттық сатып алу стратегияларын іске асыру;
  • санаттық сатып алу стратегияларын іске асыру мониторингі;
  • жеткізушілерді дамыту.

2020 жылы санаттық сатып алу көлемі 36 986,76 млн теңгені құрады. Бұл ретте осы әдісті қолдану басым санаттарға енгізілген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде 6 856,57 млн теңге сомасында экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік берді, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 67%-ке жоғары.

2017-2020 жылдардағы санаттық сатып алу көлемі мен пайдасы
Көрсеткіш 2017 2018 2019 2020
Санаттық сатып алу көлемі, млн теңге 231,88 13 948,38 41 531,68 36 986,76
Санаттық сатып алуды басқару пайдасы, млн теңге 85,07 1 565,01 4 101,81 6 856,57