КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫ

Корпоративтік хатшының негізгі міндеті ҚМГ мен акционерлердің, акционерлер мен Директорлар кеңесінің, Ішкі аудит қызметінің, ҚМГ Басқармасы мен өзге де органдарының, ҚМГ мен оның негізгі еншілес және тәуелді ұйымдарының арасындағы жүйелі коммуникациялардың сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Корпоративтік хатшының негізгі міндеттері Директорлар кеңесінің тарапынан корпоративтік шешімдердің уақытылы және сапалы қабылдануына жәрдемдесуді, Директорлар кеңесі мүшелерінің қызметі мен ҚМГ Корпоративтік басқару кодексінің ережелерін қолданудың барлық мәселелері бойынша Директорлар кеңесінің мүшелері үшін кеңесшінің ролін орындауды, сондай-ақ Кодекстің іске асырылуына мониторинг жүргізуде қамтиды. Корпоративтік хатшы ҚМГ-де корпоративтік басқару практикасын жетілдіру процесі үшін жауап береді. Корпоративтік хатшы өз міндеттерін тәуелсіз негізде жүзеге асыратын және Директорлар кеңесіне есеп беретін Компания қызметкері болып табылады.


Азаматтығы:

Қазақстан Республикасы

Туған күні:

1980 жылғы 22 қаңтар.

Білімі:
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, мамандығы – «халықаралық құқық»;
  • Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресейлік халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, «Іскерлік әкімшіліктендіру шебері» бағдарламасы (MBA), мамандығы – «менеджмент»;
  • сертификатталған Корпоративтік хатшы; корпоративтік хатшылар үшін корпоративтік басқару саласындағы сертификатталған тренер; «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті» ЖМ тренері.
Жұмыс тәжірибесі

2001 жылдан бастап 2007 жылға дейін Атырау облысындағы Теңіз кен орнында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2007 жылдан бастап 2012 жылға дейін «Қазақстанның даму банкі» АҚ-та; 2012-2014 жылдарда ҚМГ мен «ҚазТрансГаз» АҚ-та әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2015 жылдың 5 қаңтарынан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Корпоративтік хатшысы болып табылады.

2019 жылғы 1 ақпаннан бастап, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының жанындағы корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңестің корпоративтік хатшылар комитетінің құрамына сайланды, ал 2019 жылғы 16 желтоқсаннан бастап «Ұлттық корпоративтік хатшылар бірлестігі» қауымдастығының (Ресей Федерациясы) құрамына кірді.

Шәріпов Д.В.

Шәріпов Д.В.