ӨНДІРУ

Өндіру

2020 жылы ҚМГ, бүкіл әлемдегі барлық мұнай-газ компаниялары сияқты, COVID-19 пандемиясынан туындаған жаһандық дағдарысқа, сондай-ақ Қазақстанның ОПЕК+ келісімі бойынша өз міндеттемелерін орындауы шеңберінде өндірудің қысқаруына байланысты мұнай бағасының күрт төмендеуіне тап болды. Сенімділік пен тұрақтылықтың болмауына қарамастан, ҚМГ өндірістік қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз етуге және бизнесті жүргізудің жаңа шарттарына бейімделуге қол жеткізді.

Мұнай мен газ өндіруді ҚМГ-нің операциялық активтері, сондай-ақ ҚМГ-нің қатысу үлестері бар, бірақ өндірістік процеске тартылмаған мегажобалар жүзеге асырады.

ҚМГ Қазақстандағы мұнай мен конденсат өндіру бойынша барлық ірі жобалар: Теңізге, Қарашығанақ пен Қашағанға, тиісінше, 20, 10 және 8,44%-тік үлестермен қатысады.

ҚМГ әлемдегі ең ірі мұнай алыптары: Chevron Corp, Exxon Mobil Corp, Royal Dutch Shell PLC, Eni SpA, TOTAL SA, Inpex Corp, China National Petroleum Corp (CNPC), ЛУКОЙЛ компанияларымен бірлесіп, мегажобаларда мұнай өндіру бойынша әріптестік ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Өндіруші активтер ҚМГ үлесі, %
Операциялық активтер
"Өзенмұнайгаз" АҚСондай-ақ КазГПЗ ЖШС (конденсат) кіреді. 100
"Ембімұнайгаз" АҚ 100
"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ 50
"Қаражанбасмұнай" АҚ 50
"Қазгермұнай БК" ЖШС 50
"ПетроҚазақстан Инк." АҚ 33
"Қазақтүрікмұнай" ЖШС 100
"Қазақойл Ақтөбе" ЖШС 50
"Амангелді Газ" ЖШС (конденсат) 100
Операциялық емес активтер (мегажобалар)
Теңіз ("Теңізшевройл"ЖШС) 20
Қашаған ("Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.") 8,44
Қарашығанақ ("Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В.") 10