ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ
Ішкі аудит қызметі (ІАҚ) ҚМГ Директорлар кеңесіне бағынады және есеп береді және ҚМГ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетіне жетекшілік етеді. ІАҚ өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, ҚМГ ішкі құжаттарын және ішкі аудиттің халықаралық кәсіптік стандарттарын басшылыққа алады.
ІАҚ-тың негізгі мақсаты Директорлар кеңесіне тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару процестерін жетілдіруге жүйелі тәсілді енгізу арқылы ҚМГ мен оның ЕТҰ-ларын тиімді басқаруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпарат беру болып табылады.
Қызметін жылдық аудиторлық жоспарға сәйкес жүзеге асыра отырып, ішкі аудит қызметі мынадай міндеттерді орындайды:
- қолданылатын ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару рәсімдерінің сенімділігі мен тиімділігін бағалау;
- ҚМГ мен оның ЕТҰ-дағы бухгалтерлік есеп жүйесінің дұрыстығын, толықтығын, объективтілігін бағалау және оның негізінде қаржылық есептілікті жасау;
- ҚМГ және оның ЕТҰ ресурстарын пайдаланудың ұтымдылығын және активтердің сақталуын қамтамасыз етудің қолданылатын әдістерін бағалау;
- Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының, корпоративтік нормалар мен операциялық, инвестициялық және қаржылық қызмет ережелерінің сақталуын бақылау.
ІАҚ аудиттерінің нәтижелері бойынша компания қызметін жетілдіруге бағытталған ұсынымдар береді, ұсынымдарды орындау жөніндегі шаралардың әзірленуі мен іске асырылуына мониторингті және бақылауды жүйелі негізде қамтамасыз етеді.
ІШКІ АУДИТ
Ішкі аудитті ҚМГ ішкі аудит қызметі жүзеге асырады.
ІАҚ өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, ҚМГ Жарғысын, ҚМГ органдарының шешімдерін, ІАҚ жұмысын регламенттейтін ішкі құжаттарды, ҚМГ ішкі аудит қызметі туралы ережені және ҚМГ ішкі аудитін ұйымдастыру жөніндегі басшылықты басшылыққа алады.
Ішкі аудиттің жылдық Жоспары ҚМГ-ның негізгі тәуекелдерін, аудит процесінің барлық кезеңдерін және басшылықтың сұрау салуларын ескере отырып әзірленеді және аудит жөніндегі комитет пен басшылықтың арнайы сұрау салулары негізінде түзетіледі.
Аудит жөніндегі Комитет ІАҚ қызметінің нәтижелеріне мониторинг жүргізіп қана қоймай, кәсібилікті дамытуға және оның қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін ашуға назар аударады. Бұл мәселелер ІАҚ есептеріне енгізіледі және аудит жөніндегі комитет тоқсан сайынғы негізде қарайды. Есептерде ішкі аудит қызметінің оқыту мен біліктілікті арттыруға арналған бөлімше бюджетін орындау шеңберінде сертификаттау және тренингтерден/семинарлардан өту сияқты түрлі міндеттерді орындауы көрсетіледі.
ІАҚ қызметкерлерінің кәсібилігі ҚМГ ішкі аудит қызметінің тиімділігінің кепілі болып табылады, сондықтан оқыту және біліктілікті арттыру процесіне маңызды рөл беріледі.
Аудит жөніндегі комитеттің отырыстарында ішкі аудиттің мынадай мәселелері қаралады:
- ІАҚ жылдық есебі;
- ІАҚ тоқсандық есептері, оның ішінде жүргізілген аудиттердің нәтижелері бойынша елеулі қорытындылар, сондай-ақ ішкі аудиторлардың ұсынымдарын орындау мониторингі;
- жылдық аудиторлық жоспар және оған толықтырулар;
- ІАҚ басшысы мен қызметкерлері қызметінің негізгі көрсеткіштері картасының нақты мәндері;
- ІАҚ стратегиялық жоспары;
- ІАҚ бюджеті;
- ІАҚ кадр мәселелері.
СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ЖҮРГІЗУ ПРОЦЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
ІАҚ тұрақты негізде сыртқы аудитормен жұмыс істеуге тартылған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрылымдық бөлімшелері арасында, сондай-ақ аудит жөніндегі комитет мүшелері арасында сыртқы аудитордың жұмысын бағалау бойынша сауалнама жүргізіледі. Бағалау сауалнамалардың нәтижелері бойынша және аудит жөніндегі комитет мүшелерінің және жоғары басшылықтың мүдделі өкілдерінің қатысуымен жеке талқылау қорытындылары бойынша жүргізілді. Осы бағалаудың нәтижелері аудит жөніндегі комитеттің отырысында талқыланып, сыртқы аудитордың назарына жеткізілді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметінің жұмыс сапасын қамтамасыз ету және арттыру бағдарламасының талаптарына сәйкес аудиттелетін тарап әрбір жүргізілген аудиттен кейін ІАҚ жұмысын бағалай отырып, сауалнаманы толтырады. Осы бағалаудың нәтижелері шоғырланады және Аудит жөніндегі комитет мақұлдайтын ІАҚ жылдық есебіне енгізіледі.
2020 жылы ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына сәйкес Ішкі аудит қызметіне тәуелсіз сыртқы бағалау жүргізілді. Үлкен төрттіктің бірі – «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС ашық тендердің жеңімпазы болып танылды, онымен ІАҚ қызметінің тиімділігіне сырттай бағалау жүргізу бойынша қызмет көрсетуге шарт жасалды.
ІАҚ қызметінің ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына, үздік халықаралық практикаларға, ҚМГ Ішкі аудит қызметі туралы ережеге, ҚМГ іскерлік этика кодексіне және ішкі аудит функцияларын реттейтін басқа да қолданылатын сыртқы және ішкі нормативтік актілерге сәйкес келу мәніне тәуелсіз сыртқы бағалау нәтижелері бойынша ІАҚ стандарттар талаптарына сәйкестігі 100%-ті құрады. Осылайша, ҚМГ ішкі аудит қызметінің жұмысы стандарттар талаптарына толығымен сәйкес келеді деп танылды.