КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ ЖӘНЕ ПАРНИКТІК ГАЗДАР ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫ
Басқару
ҚМГ-нің ұзақ мерзімді даму стратегиясында климаттық аспектілер бойынша мынадай басым бағыттар белгіленді:
- парниктік газдар шығарындыларын басқару;
- ілеспе мұнай газын тұрақты алауда жағуды қысқарту;
- өндірілген өнім көлеміне шығарындылардың қарқындылығы бойынша көрсеткіштерді жақсарту және энергия тиімділігін арттыру.
ҚМГ мемлекет қабылдаған декарбонизация бағытын қолдайды. Климаттың өзгеруі мәселелері стратегиялық деңгейде бақыланады: Директорлар кеңесі, ҚМГ Директорлар кеңесінің Еңбек қауіпсіздігі, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму комитеті.
2020 жылы ЕҚЕҚОҚОДК отырыстарында келесі негізгі тақырыптар егжей-тегжейлі талқыланды:
- ілеспе мұнай газының пайдалы қолданылуын арттыру;
- су ресурстарын басқару;
- климаттың өзгеруі мәселелері.
Тәуекелдер мен мүмкіндіктер
Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі корпоративтік басқару жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге теріс әсер етуі мүмкін ықтимал тәуекел оқиғаларын уақытылы сәйкестендіруге, бағалауға, мониторинг жүргізуге және азайтуға бағытталған. Осы тәуекелдерді барынша азайту мақсатында Компания іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. Тәуекелдер жөніндегі есеп Директорлар кеңесіне тоқсан сайынғы негізде ұсынылады.
Ақпаратты ашу
Қатарынан екі жыл көміртек белгілері есептелуде. 2020 жылғы тамызда ҚМГ CDP (Carbon Disclosure Project CDP - 2002 жылдан бастап инвесторлардың атынан көміртегі шығарындылары мен климаттың өзгеруі туралы ақпарат жинайтын тәуелсіз коммерциялық емес ұйым. Әлемдегі ең ірі экономикаларды ұсынатын мыңдаған ұйымдар өздерінің көміртегі шығарындыларын есепке алады және CDP көмегімен экологиялық сипаттағы ақпаратты ашады. Компанияларға олар ұсынған есептерді бағалау нәтижелері бойынша берілетін CDP Климаттық рейтингтерін жетекші ақпараттық-талдау агенттіктері (Thomson Reuters, Google Finance) қаржылық ақпаратпен қатар жариялайды және активтерді және олармен байланысты тәуекелді бағалау кезінде инвесторлар ескереді.) Климаттық сауалнамасы шеңберінде парниктік газдардың Неғұрлым егжей-тегжейлі ақпаратты ҚМГ жарияланған есептерінен алуға болады, олар ашық қолжетімділікте: ҚМГ компаниялар тобындағы парниктік газдар шығарындылары бойынша 2019 жылғы есепте, CDP Климаттық сауалнамада тікелей және жанама шығарындыларының көлемі туралы деректерді, парниктік газдар шығарындыларын басқару мәселелерін, Румыния мен Грузиядағы халықаралық активтерді қоса алғанда, ҚМГ-нің барлық активтері бойынша негізгі тәуекелдер мен мүмкіндіктерді қамтитын 2019 жылғы парниктік газдар шығарындылары жөніндегі есепті жариялады.
Есепке көмірқышқыл газы (CO2), метан (CH4), азот оксиді (N2O) кіреді. Осы есепке сәйкес 2019 жылдың нәтижелері бойынша көмірқышқыл газының тікелей шығарындыларының көлемі 9,7 млн тоннаны (2018 жылы – 9,3 млн тонна) құрады. Шығарындылардың ұлғаюы газ тасымалдау көлемінің өсуіне және жаңа көздердің қосылуына байланысты. Метан мен азот шала тотығының мәндерін СО2 эквивалентінің тоннасына ауыстыру кезінде шығарындылардың жаһандық коэффициенттерінің ағымдағы мәндері пайдаланылады (метан – 28, азоттың шала тотығы – 256).
Парниктік газдардың тікелей шығарындылары жөніндегі деректер әрбір ЕТҰ бойынша аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың қорытындыларымен расталған. 2020 жылға арналған ақпарат CDP есебінде 2021 жылдың 3-тоқсанында ашылады. Ақпаратты ашу кезінде ҚМГ дәйектілік және салыстырмалылық қағидатын ұстанады, ақпаратты толық ашуды арттыру және үшінші деңгейдегі жанама шығарындылар бойынша есептілік аясын кеңейту бойынша жұмысты үздіксіз жүргізеді.
Ілеспе мұнай газын ұтымды пайдалану
Парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша біздің маңызды міндеттеріміздің бірі ілеспе мұнай газын (ІМГ) пайдалы пайдалануды және кәдеге жаратуды арттыру, алауда жағуды барынша азайту болып табылады. Шикі газды дамыту және қайта өңдеу бағдарламаларының орындалған іс-шараларының нәтижесінде жылу және электр энергиясын өндіру үшін ІМГ өз қажеттіліктеріне пайдалану артты.
Ілеспе мұнай газын кәдеге жарату 2020 жылы 98%-ті құрады, газды жағу көрсеткіші өндірілген КСС 1 мың тоннасына 2,2 тонна деңгейінде (2018 жылы – 6, 2019 жылы – 2,95), бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 24%-ке және IOGP орташа салалық көрсеткішінен 79%-ке төмен.
Көрсеткіші | 2017 | 2018 | 2019 | 2020 |
---|---|---|---|---|
Шикі газды алауда жағудың жалпы көлемі, млн м3 | 315,8 | 148,9 | 80,2 | 57,6 |
Шикі газдың пайдалы қызмет деңгейі, % | 85 | 93 | 97 | 98 |
Шикі газды жағу қарқындылығы, өндірілген 1 мың КСШ-ға шаққанда тонна. | 11 | 6 | 2,95 | 2,2 |
Компания шикі газды жағу көлемін барынша азайтуға тырысады. 2015 жылы ҚМГ Дүниежүзілік Банктің "2030 жылға қарай ілеспе мұнай газын тұрақты жағуды толық кәдеге жарату" бастамасын қолдады. Осы бастама шеңберінде шикі газды жағу көлемдері бойынша есептілік жыл сайынғы негізде тапсырылады.