ОПЕРАЦИЯЛЫҚ АКТИВТЕРДЕ МҰНАЙ ӨНДІРУ

ҚМГ операциялық активтеріндегі ұңғымалар саны, бірл.
Көрсеткіші 2018 2019 2020
Жаңа ұңғымалар 604 581 518
Ұңғымалардың ауыспалы қоры, 11 667 12 235 11 961
оның ішінде тұрып қалған 495 462 616
Айдау 3 495 3 748 3 338
ҚМГ операциялық активтері бойынша жиыны 15 766 16 564 15 817
Лифтинг шығындары
Нэтбектер, АҚШ долл. барр. үшін

ҚМГ мұнай-газ саласында бір ғасырдан астам тарихы мен мұрасы бар, өндірілетін активтер қоржынына негізінен ескі кен орындары кіреді. Осыған байланысты ҚМГнің негізгі басымдығы өндіру тиімділігін арттыру болып табылады. ҚМГ өз қызметінде энергия үнемдеу саясатын ұстанады, үздіксіз өндірістік процестерді оңтайландыруға және жақсартуға, сондай-ақ мұнай өндіру коэффициентін арттыруға ұмтылады.

Бүгінгі таңда компанияның операциялық активтерінде мұнай өндірудің шамамен 85%-ті негізгі жеті кен орнына тиесілі: Өзен және Қарамандыбас ("Өзенмұнайгаз" АҚ), Қаламқас пен Жетібай ("Маңғыстаумұнайгаз" АҚ), С.Нұржанов пен Шығыс Молдабек ("Ембімұнайгаз" АҚ) және Қаражанбас ("Қаражанбасмұнай" АҚ).

2020 жылдың 11 желтоқсанында Шығыс Өріктау кен орнында екі ұңғыма тәжірибелік пайдалануға берілді. Бірінші кезең табысты аяқталса және экономикалық конъюнктура қолайлы болған жағдайда Өріктау кен орындары тобының 58 ұңғымасын пайдалануды, сондай-ақ бірқатар өндірістік объектілерді салуды көздейтін екінші фазаны іске асыру мүмкіндігі қаралатын болады. Жобаны толық ауқымды іске асыру жағдайында күтілетін өндіру жыл сайын 1,5 млрд м3 газ бен 500 мың тонна мұнайға жетуі мүмкін.

2020 жылы мұнай өндіру көлеміндегі ҚМГ үлесі 1 363 мың тоннаға азайып, 14 113 мың тонна (немесе тәулігіне 279 мың баррель) құрады. Бұл ескі кен орындарындағы өндіріс деңгейінің табиғи төмендеуін және ОПЕК+ келісімі бойынша қол жеткізілген келісімдердің орындалуын көрсетеді.

2020 жылы операциялық басқарумен ұңғымалардың жалпы қоры 15 817 бірлікті құрады, оның 11 961 бірлігі ауыспалы ұңғымалар қорына тиесілі. Мұнай мен конденсатты өндіру көлемінің көп бөлігі ұңғымалардың ауыспалы қорынан өндіруге келеді.

Газопровод