ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕ
Кодекске сәйкес Директорлар кеңесі мен Басқарма Компанияның жылдық есебі мен қаржы есептілігінің дұрыстығына жауап береді.
Директорлар кеңесі және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесі жылдық есеп пен есептілікті дайындау және келісу үшін өз жауапкершілігін сезетінін мәлімдейді және жылдық есеп пен есептілікті тұтастай алғанда әділ, теңдестірілген және түсінікті деп санайды, сондай-ақ акционерлерге Компанияның жағдайын, қызмет нәтижелерін, бизнес-моделін және стратегиясын бағалау үшін қажетті ақпаратты қамтиды.
Директорлар кеңесінің әрбір мүшесі өзінде бар ақпаратты негізге ала отырып, мыналарды растайды:
- ХҚЕС-ке сәйкес дайындалған қаржы есептілігі Компанияның активтері, міндеттемелері, қаржылық жағдайы, қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері, компанияның еншілес кәсіпорындарымен теңгерімі туралы шынайы және сенімді көрініс береді;
- Басқарманың есебі Компания мен оның еншілес кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметінің дамуы мен көрсеткіштері және қаржылық жай-күйі туралы сенімді деректерді, сондай-ақ олар тап болатын аса маңызды тәуекелдер мен белгісіздіктердің сипаттамасын қамтиды.
Кодекске сәйкес Директорлар кеңесі директорлардың тәуелсіздік фактісін анықтады және Уолтон Кристофер Джон, Холланд Филип Малкольм және Миллер Тимоти Глен тәуелсіз сипатта және шешім қабылдауда тәуелсіз деп есептейді. Директорлар кеңесі осы директорлардың тәуелсіз шешімдеріне айтарлықтай әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін қандай да бір қатынастар немесе жағдайлар жоқ екенін анықтады.