КОРПОРАТИВТІК БАҚЫЛАУ
Корпоративтік қақтығыстар туындаған жағдайда қатысушылар компания мен мүдделі тараптардың мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында оларды келіссөздер арқылы шешу жолдарын іздейді.
Корпоративтік жанжалдардың алдын алу және реттеу жөніндегі жұмыстың тиімділігі, ең алдымен, осындай жанжалдарды барынша толық және жедел анықтауды және Компанияның барлық органдарының іс-қимылын нақты үйлестіруді көздейді.
Директорлар кеңесінің төрағасы Корпоративтік хатшының көмегімен корпоративтік жанжалдарды қарайды. Егер корпоративтік жанжалға Директорлар кеңесінің төрағасы тартылса, мұндай жағдайларды тағайындау және сыйақы комитеті қарайды.