СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЕСЕП

Біз үшін 2020 жыл COVID-19 пандемиясының жаһандық сынағымен ерекшеленді және қиын жағдайда командалық жұмыстың беріктігі мен тиімділігін тексеруге айналды. ҚМГ өзінің тұрақтылығын растағанын және біздің барлық стратегиялық маңызды бағыттардағы көпжылдық күш-жігеріміз осы күрделі кезеңде Компанияға жақсы қолдау көрсеткенін сіздерге хабарлауға қуаныштымын. Сондай-ақ, осы жылы бүкіл команданың Компания қызметін халықаралық нарықтар мен ел ішіндегі жағдайда жаңа шынайылықтар пен түзетілген үміттерге бейімдеу бойынша атқарған орасан зор жұмысын атап өткім келеді.
Кристофер Уолтон, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы