ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ 2020 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫ

Комитеттер қимасында:

  • Стратегия және қоржынды басқару жөніндегі комитет (СҚБК): 5 отырыс, 84 сұрақ;
  • Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитет (ТжСК): 12 отырыс, 88 сұрақ;
  • Аудит жөніндегі комитет (АК): 9 отырыс, 108 сұрақ;
  • Еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму комитеті (ЕҚЕҚОҚОДК): 4 отырыс, 40 сұрақ;
  • Қаржы комитеті ( ҚК): 3 отырыс, 23 сұрақ.

2020 жылы Директорлар кеңесі ҚМГ даму стратегиясын өзектендіру, қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету, инвестициялық жобаларды басқару және орнықты даму проблематикасы, корпоративтік басқаруды жетілдіру, ішкі аудит және тәуекелдерді басқару мәселелері, менеджмент қызметінің негізгі көрсеткіштерін әзірлеу, цифрлық трансформация мәселелері, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіздігі мен әл-ауқаты мәселелеріне ерекше назар аударды.

Отырыстар саны
Қаралған мәселелер саны
 2020  жылы Директорлар кеңесі қараған мәселелер, санаттар бойынша
Есептер Стратегиялық мәселелер Корпоративтік басқару мәселелері Мәмілелер жасасу мәселелері
  • ҚМГ Басқарма төрағасының ҚМГ қызметіндегі негізгі өзгерістер туралы есебі
  • ҚМГ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ақпараты
  • COVID-19 туралы ақпарат
  • ҚМГ қаржы-шаруашылық қызметінің алдын ала нәтижелері жөніндегі есеп
  • ҚМГ компаниялар тобының инвестициялық жобаларын іске асыру мәртебесі туралы ақпарат
  • ҚМГ-нің 2028 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру туралы есеп
  • ҚМГ Директорлар кеңесі комитеттері төрағаларының есептері
  • ҚМГ-нің IPO-ға шығуға дайындық мәселесі бойынша ағымдағы мәртебесі туралы ақпарат
  • Deloitte жедел желісіне түскен өтініштер туралы есеп
  • ҚМГ Басқармасы шешім қабылдаған, жасалуына мүдделілік бар жасалған мәмілелер туралы есеп
  • Тәуекелдер бойынша тоқсан сайынғы есеп
  • ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімдерін/ тапсырмаларын орындау туралы есеп
  • ҚМГ-нің 2020-2024 жылдарға арналған түзетілген шоғырландырылған даму жоспарын бекіту
  • ҚМГ дағдарысқа қарсы стратегиясын әзірлеу
  • ҚМГ қызметінің негізгі корпоративтік көрсеткіштерін және олардың мақсатты мәндерін бекіту
  • ҚМГ орталық аппаратының құрылымын бекіту
  • Инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелер
  • Келісімшарттық аумақтарды немесе олардың бөліктерін белгіленген тәртіппен мемлекетке қайтаруды келісу
  • Басшы қызметкерлер жұмысының негізгі мотивациялық көрсеткіштерінің карталарын және олардың мақсатты мәндерін бекіту
  • ҚМГ мұнай сатып алу, мұнай өнімдерін сатып алу-сату туралы шарттар жасасуы
  • 2019 жылдың қорытындылары бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі қызметінің өзін-өзі бағалау нәтижелері
  • Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің жұмыс жоспарын, Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің отырыстарын өткізу кестесін бекіту
  • Директорлар кеңесі комитеттерінің құрамына өзгерістер енгізу
  • «ҚазМұнайГаз «ҰК АҚ-та корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша 2019- 2020 жылдарға арналған егжей-тегжейлі жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы тұрақты есептерді бекіту
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі 2019- 2020 жылдарға арналған егжей-тегжейлі жоспарға өзгерістер мен толықтыруларды бекіту
  • Акционерлердің «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың және оның лауазымды тұлғаларының 2019 жылғы іс-әрекеттеріне арыздары және оларды қарау қорытындылары
  • ҚМГ-нің 2019 жылғы жылдық есебін бекіту
  • 2019 жылғы ҚМГ-нің орнықты дамуы туралы есепті бекіту
  • Жасалуына мүдделілік бар мәмілелерді жасасу
  • Ірі мәмілелер жасасу
Еншілес және тәуелді ұйымдардың мәселелері Ішкі нормативтік құжаттарды бекіту Кадрлық және сыйақы Директорлар кеңесі бөлімшелерінің мәселелері
  • ЕТҰ байқау кеңестерінің басшыларын, мүшелерін сайлау, олардың өкілеттіктерін тоқтату
  • ЕТҰ Жарғыларына өзгерістер енгізу
  • ЕТҰ қызметінің негізгі корпоративтік көрсеткіштерін келісу
  • ЕТҰ-дағы қатысу үлестерін сатып алу, иеліктен шығару
  • ҚМГ ішкі құжаттарын бекіту және олардың күшін жоюға қою
  • ҚМГ қызметкерлерінің штат санын бекіту
  • ҚМГ Басқарма мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және сайлау, ҚМГ Басқармасының мүшелеріне лауазымдық айлықақылар мөлшерін, еңбекақы төлеу, сыйлықақы беру және әлеуметтік қолдау шарттарын белгілеу
  • ҚМГ-нің 2018-2028 жылдарға арналған кадр саясатын іске асыру барысы туралы
  • 2019 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша ҚМГ басшы қызметкерлеріне сыйақы мөлшерін белгілеу
  • Корпоративтік хатшы қызметінің, комплаенс қызметінің, ішкі аудит қызметінің, омбудсменнің есептері
  • Комплаенс қызметінің, Ішкі аудит қызметінің, омбудсменнің жұмыс жоспарларын бекіту;
  • Корпоративтік хатшы қызметінің, Ішкі аудит қызметінің, Комплаенс қызметінің, омбудсменнің кадрлық мәселелері
  • Ішкі аудит қызметі жұмысының стратегиясын бекіту

2020 ЖЫЛҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕССИЯ

2020 жылғы 20 қарашада Стратегиялық сессия (Компанияның Даму стратегиясы бойынша Директорлар кеңесінің жеке отырысы) өткізілді, оның барысында өзгерген сыртқы орта мен дағдарысқа қарсы шараларды ескере отырып, 2018 жылы бекітілген ҚМГ-нің 2028 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыруға байланысты мәселелер қаралды. ҚМГ-нің Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелері арасында ең өзекті тақырыптар бойынша сындарлы пікірталас өтті. Атап айтқанда, ҚМГ-нің қолданыстағы Даму стратегиясы, ағымдағы құн тізбегі, ҚМГ қызметінің тиімділігін арттыру және трансформациясы, активтер қоржыны және бизнесті ықтимал әртараптандыру, ҚМГнің перспективалық және орнықты дамы мәселелері қозғалды.


КОМПАНИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ

ҚМГ-нің стратегиялық бастамаларына бақылауды жүзеге асыру және уақытылы түзету шараларын қабылдау мақсатында Директорлар кеңесі қызметінің негізгі өзгерістері бойынша ҚМГ Басқарма төрағасының есебін, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ақпаратты, қаржы-шаруашылық қызметтің алдын ала нәтижелері бойынша есепті, жасалуына мүдделілік бар, олар бойынша Басқарма шешім қабылдаған мәмілелер туралы есепті, стратегияны, ҚНК-ны және инвестициялық жобаларды орындау мәртебесіне шолуды, ҚМГ-нің шоғырландырылған Даму жоспарын іске асыру туралы есепті, тәуекелдер жөніндегі есепті, Директорлар кеңесі комитеттері төрағаларының есептерін, Директорлар кеңесі шешімдерінің орындалуы туралы есепті, сондай-ақ Директорлар кеңесіне есеп беретін қызметтердің жұмысы туралы есептерді тұрақты түрде тыңдайды.

Директорлар кеңесінің Стратегия және қоржынды басқару жөніндегі комитеті әрбір отырыста ірі мұнай-газ жобаларын (Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз кен орындарында) іске асыру, трансформация, жекешелендіру туралы есептерді қарайды және талқылайды.

2020 жылы Директорлар кеңесі мүшелерінің Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің отырыстарына қатысуы
Директорлар кеңесінің мүшесі 2020 жылдағы отырыстар Бірінші цифр Директорлар кеңесінің мүшесі қатысқан отырыстардың санын, екіншісі - Директорлар кеңесінің мүшесі қатыса алатын отырыстардың жалпы санын көрсетеді.
Директорлар кеңесі Аудит жөніндегі комитет Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитет Стратегия және қоржынды басқару жөніндегі комитет Қаржы комитет Еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму комитеті
Уолтон Кристофер Джон 16/16 3/3 12/12 5/5 3/3 4/4
Уайт Стивен ДжеймсҚМГ Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігін 2020 жылғы 28 маусымда тоқтатты. 7/7 6/6 8/8 3/3 3/3 2/2
Дайер Филип ДжонҚМГ Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігін 2020 жылғы 28 маусымда тоқтатты. 7/7 6/6 8/8 3/3 3/3 2/2
Виана Палья да Силва Луис МарияҚМГ Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігін 2020 жылғы 28 маусымда тоқтатты. 7/7 6/6 8/8 3/3 3/3 2/2
Грюал Балжит КаурҚМГ Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігін 2020 жылғы 28 маусымда тоқтатты. 7/7 3/3 3/3
Карабалин Узакбай Сулейменович 16/16 8/8 5/5 4/4
Саткалиев Алмасадам Маиданович 16/16
Эспина Энтони 16/16 12/12 5/5 3/3
Айдарбаев Алик Серикович 16/16
Холланд Филип МалкольмИзбран в качестве члена Совета директоров ҚМГ 17 августа 2020 года. 9/9 3/3 4/4 2/2
Миллер Тимоти ГленИзбран в качестве члена Совета директоров ҚМГ 17 августа 2020 года. 9/9 3/3 2/2 2/2

Директорлар кеңесінің төрағасы мен оның ролі

Директорлар кеңесінің төрағасы Директорлар кеңесіне жалпы басшылық үшін жауап береді, Директорлар кеңесінің өзінің негізгі функцияларының толық және тиімді іске асырылуын және Директорлар кеңесінің мүшелері, ірі акционерлер мен Басқарма арасында конструктивтік диалогтың құрылуын қамтамасыз етеді. Тәуелсіз директор Директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады.


Тәуелсіз директорлар мен олардың ролі

Тәуелсіз директорлар тәуелсіздіктің барлық заңнамалық критерийлеріне, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларының директорлар кеңесінің құрамдарын қалыптастыру қағидаларына және Кодекске сәйкес келеді. АО «Самрук- Қ азына» и Кодексу.

Ең үздік халықаралық практикаларды ұстана отырып, Компания өзінің тәуелсіз директорларының жоғары стандарттарға сәйкес келуіне ұмтылады және директордың тәуелсіздігін нашарлата алатын немесе нашарлатты деп көрінетін өзге мән-жайлардың жоқ екенін мәлімдейді. Директорлар кеңесінің жұмысында Директорлар кеңесінің комитеттерінде көпшілікті құрайтын және олардың төрағалары болып табылатын тәуелсіз директорларға маңызды роль бөлінген.


Директорлар кеңесінде сабақтастықты жоспарлау, лауазымға кіру және біліктілікті арттыру

Компания Директорлар кеңесі мүшелерінің сабақтастығын қамтамасыз ету саясаты мен сабақтастық жоспарын әзірледі, бұл ретте Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитеттің отырысы шеңберінде Директорлар кеңесінің қызметін бағалауды ескере отырып, осы құжаттарды қайта қарау туралы шешім қабылданды.

ҚМГ-де Директорлар кеңесі 2017 жылы бекіткен ҚМГ Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелері үшін лауазымға енгізу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) қолданылады. 2020 жылғы маусымда Бағдарлама Директорлар кеңесінің шешімімен Компанияның функционалдық блоктарының басшыларымен кездесулер, сондай-ақ Директорлар кеңесі комитеттерінің төрағаларымен кездесулер өткізу қажеттілігі туралы тармақпен толықтырылды. Корпоративтік хатшы Бағдарламаның орындалуына, яғни Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерінің онда көзделген барлық іс-шаралардың іс жүзінде өтуіне мониторинг жүргізеді. 2020 жыл ішінде Бағдарламаға сәйкес лауазымға енгізу рәсімінен ҚМГ Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелері Ф.М. Холланд және А. Г. Миллер өтті, олар сұрау салу бойынша ҚМГ функционалдық блоктарының басшыларымен кездесулер ұйымдастырды. Директорлар кеңесінің төрағасы К.Д.Уолтон сондай-ақ Бағдарламаның өтуін ұйымдастыру мәселелерін талқылау мақсатында Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерімен конференц-қоңырау өткізді.

Директорлар кеңесінің мүшелері өз біліктілігін үздіксіз жетілдіріп отырады және өткен тренингтер туралы мәліметтерді ұсынады, олар туралы ақпарат Компанияның веб-сайтында орналастырылады.