ТӘУЕКЕЛ-МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ

Компаниядағы тәуекелдерді басқару стратегиялық және операциялық мақсаттарға қол жеткізуге әсер ететін тәуекел оқиғаларының туындауының алдын алуға және туындаған кезде олардың әсерін шектеуге мүмкіндік береді. Тәуекелдерді басқару Компанияның стратегиялық жоспарлау мен корпоративтік басқару және қаржылық тұрақтылығын қолдау процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

ҚМГ бизнесті жүргізу мен Компанияны басқарудың негізгі процестеріне тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін (ТБКЖ) біріктірді. ТБКЖ Компания құнының өсуі, оның табыстылығы мен тәуекелдері арасындағы оңтайлы балансына қол жеткізуге бағытталған. ТБКЖ барлық маңызды тәуекелдерді уақытылы сәйкестендіруге, бағалауға және мониторингілеуге, сондай-ақ тәуекелдер деңгейін төмендету бойынша уақытылы және барабар шаралар қабылдауға бағытталған корпоративтік басқару жүйесінің негізгі компоненті болып табылады. ҚМГ бен оның ЕТҰ ТБКЖ жөніндегі саясаттың әрекеті Компания қызметінің барлық түрлеріне қолданылады.

ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІ

ТБКЖ ҚМГ қызметіне байланысты тәуекелдерді басқару үшін дәйекті және нақты құрылым ретінде қызмет етуге арналған. Компанияда тәуекелдерді басқарудың сатылы процесі және басқарудың барлық деңгейлерінде, жоғары деңгейден (ҚМГ) желілік деңгейге дейін (ЕТҰ өндірістік құрылымдық бөлімшелері) тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуі қалыптасқан. Әрбір лауазымды тұлға шешім қабылдау кезінде тәуекелдердің лайықты түрде қаралуын қамтамасыз етеді. Тәуекелдер тәуекел туындаған кезде пайда болу ықтималдығы мен әсерін ескеретін сапалық және сандық құралдардың көмегімен бағаланады.

ТБКЖ-НЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІ ҚМГ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫН БАСҚАРУДЫҢ БИЗНЕС-ПРОЦЕСТЕРІНЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕТІ ПРОЦЕСТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ:
  1. мақсат қою (стратегиялық, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау мақсаттарын байланыстыру);
  2. тәуекелдерді/тәуекел-факторларды сәйкестендіру (ҚМГ компаниялар тобы қызметінің барлық түрлерінің, бизнес-процестерінің басталуы жоспарланған мақсаттарға қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін тәуекелдердің әсеріне ұшырауын айқындау;
  3. тәуекелдерді/тәуекел-факторларды бағалау және талдау (бағалау тәуекелдердің/тәуекел-факторлардың ҚНК-ға қол жеткізуге әсер ету дәрежесін айқындау мақсатында жүргізіледі; өндірістік/өндірістік емес тәуекелдер және оларға сәйкес тәуекел-факторлар олардың туындау ықтималдығы (іске асу ықтималдығы) және әсер ету дәрежесі (әлеуетті залал) бойынша талданады);
  4. тәуекелдерді басқару (теріс салдардың және (немесе) тәуекелдердің туындау ықтималдығын және оларға сәйкес келетін тәуекел-факторларды азайтуға немесе ҚМГ компаниялар тобы қызметінің тәуекелдеріне байланысты залалдар туындаған кезде қаржылық өтеу алуға мүмкіндік беретін шараларды әзірлеу және іске асыру процесі);
  5. ақпараттандыру және коммуникация (тәуекелдерді басқару процесіне қатысушыларды тәуекелдер туралы дұрыс және уақытылы ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, тәуекелдер, тәуекелдерге ден қою жөніндегі әдістер мен құралдар туралы хабардар болу деңгейін арттырады;
  6. тиісті ақпарат қызметкерлерге өз функцияларын тиімді орындауға мүмкіндік беретін белгіленген нысанда және мерзімде айқындалады, тіркеледі және ұсынылады);
  7. ішкі орта құру (тәуекелдерді басқару процесінің жоғарыда баяндалған компоненттерін іске асыру тиісті «жоғары деңгейдегі тонды», тәуекелдер туралы, тәуекелдер/тәуекел-факторлар иелерінің жауапкершілігі, тәуекелдерді белсенді басқару және уақытылы есептілік туралы хабардар болудың жоғары деңгейін белгілеуге негізделген ҚМГ компаниялары тобында тәуекел-мәдениеттің дамуына ықпал етеді). ҚМГ тиімді корпоративтік басқаруға ықпал ететін, сәйкестендіру, бағалау, басқару және тәуекелдер бойынша есептілік үшін міндеттерді, өкілеттіктерді және жауапкершілікті тиісінше бөлуді қамтамасыз ететін ТБКЖ-ның барабар ұйымдық құрылымын құруға ұмтылады.
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІМЕН ӨЗАРА ІС-ӘРЕКЕТ

ҚМГ Директорлар кеңесінің қарауына кемінде жылына бір рет мынадай құжаттар ұсынылады:

  • Компанияның тәуекел-аппетиті бойынша ұсыныстар;
  • шоғырландырылған Тәуекелдер тіркелімі;
  • Тәуекелдер картасы;
  • Компанияның тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспары;
  • Тәуекелдерге төзімділік деңгейлері;
  • Негізгі тәуекел көрсеткіштерінің (НТК) тіркелімі.

Бұдан басқа, ҚМГ Директорлар кеңесінің қарауына тоқсан сайын тәуекелдер бойынша есеп (ҚМГ ЕТҰ жабылуын ескере отырып шоғырландырылған) шығарылады, ол тиісті түрде толық көлемде қаралады және талқыланады. Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқарудың және ішкі бақылаудың қолданыстағы жүйелерін Директорлар кеңесі белгілеген қағидаттар мен тәсілдерге сәйкес келтіру үшін тиісті шараларды қабылдайды.

ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ

ТБКЖ жетілдіру және ҚМГ компаниялар тобында тәуекел-мәдениетті жақсарту жөніндегі қызмет ҚМГ корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған егжей-тегжейлі жоспар шеңберінде іске асырылады. Осы жоспар тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі (ТБКЖ) және ішкі бақылау жүйесі (ІБЖ) саласында Компанияның мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге ықпал ететін негізгі іс-шараларды белгілейді.

Компания ТБКЖ үнемі жетілдіріп отырады және тәуекелдерді басқарудың нормативтік-әдістемелік базасын үнемі жақсартып отырады. Компания ТБКЖ-ны үздіксіз дамыту мен жетілдіруге бейілді.

2020 жылы ҚМГ COVID-19 пандемиясы тәуекелдерінің Компанияның қызметіне тигізетін әсеріне жан-жақты талдау жүргізді. Талдау мен қабылданатын шаралар ҚМГ Директорлар кеңесіне ұсынылды. Компания тәуекел-бағытталған мәдениетті дамытуды жалғастыруда. COVID-19 пандемиясы кезеңінде қашықтан жұмыс істеу форматына көшуге байланысты, тәуекелдерді басқару дағдыларын жақсарту үшін, ҚМГ қызметкерлерге арналған онлайн-оқу өткізді.

2021 жылы және кейінгі кезеңде тәуекелдерді басқаруда жоспарланған жақсартуларға келсек, Компания жобалауды басқару, ақпараттық қауіпсіздік шеңберінде тәуекелдерді басқару, орнықты даму, комплаенс, стратегия мен ҚНК бөлігінде кросс-функционалдық өзара іс-әрекет жасауға ниетті. ҚМГ ТБКЖ-ны үнемі жетілдіреді, ТБКЖ саясаты мен Тәуекелдерді басқару процесін ұйымдастыру бойынша үлгі қағидаларды, нормативтік және әдістемелік құжаттарды өзектендіреді.

ТӘУЕКЕЛ-АППЕТИТ

Компанияның тәуекел-аппетиті Компания өзінің стратегиялық және операциялық мақсаттарына қол жеткізе алатын тәуекелді ұстап қалудың өзіндік деңгейін сипаттайды. Ресурстарды бөлуге, процестерді ұйымдастыруға және ұйым ішінде тәуекелді оқиғаларға тиімді мониторинг жүргізу және ден қою үшін қажетті инфрақұрылымды құруға әсер етеді.

ҚМГ Директорлар кеңесі бекіткен Компанияның 2021 жылға арналған тәуекел-аппетиті туралы өтініштен жекелеген үзінді көшірмелер
Қаржы қызметі Операциялық қызмет Инвестициялық қызмет
  • Кредиторлар орнатқан ковенанттарды сақтау.
  • ЕТҰ-дан Компанияның пайдасына жоспарланған дивидендтік ағынның 10%- тен астам төмендеуіне жол бермеу (мұнайдың нарықтық бағасының айтарлықтай төмендеу әсерін қоспағанда).
  • Компанияның кредиттік рейтингінің нашарлауына жол бермеу (ҚР елдік рейтингінің нашарлау әсерін қоспағанда).
  • Беделге, сондай-ақ өндірістік қауіпсіздікке, еңбекті қорғауға және қоршаған ортаға байланысты жағымсыз оқиғаларға жол берілмейді.
  • Қатысатын өңірлерде әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету.
  • Санкциялар туралы заңдарды бұзуға әкелетін транзакцияларға тыйым салу;
  • ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдеріне / кибер-тәуекелдерге қатысты Компания:
    • ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жұмысы бұзылған жағдайда сервистердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
    • ақпараттық ресурстардың, бағдарламалық қамтамасыз етудің және жабдықтардың тұтастығын бұзуға жол бермейді;
    • құпия ақпараттың жоғалуына немесе басқа да рұқсатсыз ашылуына жол бермейді.
  • Сыбайлас жемқорлықтың және іскерлік этиканың бұзылуының кез келген көріністеріне жол берілмейді.
  • «Самұрық-Қазына» АҚ инвестициялық саясатының талаптарын сақтау.
  • Инвестициялық жобаларды қаржыландыруды негізінен меншікті қаражат есебінен жүзеге асыру, қарыз қаражатын тарту кезінде Компаниялар тобының қаржылық тұрақтылығының нашарлауына жол бермеу.
  • Стратегиялық әріптестермен бірлесіп, негізінен кэрри-қаржыландыру шарттарында жер қойнауын пайдалану жөніндегі жобаларды іске асыруды жүргізу.

КОРПОРАТИВТІК САҚТАНДЫРУ

ҚМГ компаниялар тобындағы сақтандыру тәуекелдерді бақылауды және қаржыны басқаруды қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. Сақтандыру ҚМГ мен акционерлердің мүліктік мүдделерін өндірістік қызметте, оның ішінде сыртқы факторлардың салдарынан туындайтын күтпеген шығындардан қорғайды.

Сақтандыру функциясы сақтандыру қорғауды ұйымдастырудың бірыңғай корпоративтік стандартын сақтау мақсатында орталықтандырылған. Бұл үздіксіз сақтандыру өтелімін басқарудағы кешенді тәсілге кепілдік береді.

ҚМГ-нің корпоративтік сақтандыру бағдарламасы сақтандырудың мынадай негізгі түрлерін қамтиды:

  • Компанияның негізгі өндірістік активтерін сақтандыру;
  • үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілікті сақтандыру;
  • энергетикалық тәуекелдерді сақтандыру

Қайта сақтандыруға Standard & Poor’s шәкілі бойынша «A-» төмен болмайтын кредиттік рейтингі бар қайта сақтандыру компаниялары қабылданады. Мұнай-газ саласының ең үздік деген практикалары ескеріледі, бұл Компанияға сақтандыру мен сақтандырылатын тәуекелдерді басқарудың ең тиімдішарттарына қол жеткізуге жәрдемдеседі.

ІШКІ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ (ІБЖ)

ІАҚ ТБКЖ ажырамас бөлігі болып табылады. ІАҚ COSO моделін қолданады және өзара байланысты бес компоненттен тұрады: бақылау ортасы, тәуекелдерді бағалау, бақылау рәсімдері, ақпарат және коммуникациялар, мониторинг. ІАҚ ҚМГ-нің негізгі үш саладағы мақсатына қол жеткізуде ақылға қонымды сенімділікті қамтамасыз етуге бағытталған:

  • операциялық қызметтің тиімділігін арттыру;
  • толық және сенімді қаржы есептілігін дайындау;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының және ҚМГ ішкі құжаттарының талаптарын сақтау.
COSO моделі: ІБЖ компоненттері

ҚМГ-де ішкі бақылау жүйесінің саясаты бекітілді, онда ІБЖ-нің мақсаттары, жұмыс істеу қағидаттары мен компоненттері белгіленген. Ішкі бақылау жүйесінің саясатын іске асыру мақсатында ішкі бақылау жүйесінің регламенті бекітілді, онда өкілеттіктер мен жауапкершілік, жұмыс істеу тәртібі, ұйымдық құрылым мен нәтижелілік өлшемдері белгіленген.

2020 жылы ІБЖ бойынша ішкі құжаттар бизнес қажеттіліктерін ескере отырып өзектендірілді. Олар тәуекелдерді анықтау мен бағалаудың егжей-тегжейлі сипаттамасын, бизнес-процестегі ішкі бақылаудың жетілуін бағалау шкаласы мен критерийлерін, тәуекел мәдениетін арттыруды, ІБЖ жетілуін бағалауды, ІБЖ субъектілері арасындағы өзара әрекеттесуді қосады.

Жыл сайын ҚМГ-де бизнес-процестердің, сыртқы және ішкі аудиторлардың ұсынымдары негізінде күнтізбелік жоспар-кесте бекітіледі. Күнтізбелік жоспар-кестеде бизнес-процестерді формальдау және бақылау рәсімдерінің дизайнын тестілеу (талдау) мерзімдері көрсетіледі. Формальдау қолданыстағы блок-схемаларды және бизнес-процестер бойынша тәуекелдер мен бақылау матрицаларын әзірлеуден және өзектендіруден тұрады. Бақылау рәсімдерінің дизайнын тестілеу (талдау) негізінде оларды жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірленеді. Ұқсас жұмысты ЕТҰ жүргізеді. ІБЖ бойынша жұмыстардың нәтижелері бизнес-процестердің иелеріне, ІАҚ, сыртқы аудиторға, Басқармаға, Директорлар кеңесіне жеткізіледі.

Жыл сайын ҚМГ және ЕТҰ қызметкерлері үшін ІБЖ бөлігінде кездесулер мен оқыту бағдарламалары ұйымдастырылады, қатысушылар тренингтерден өтеді, тәжірибелерімен бөліседі, проблемалар мен оларды шешу жолдарын талқылайды.

Ішкі бақылау процесінің негізгі субъектілерінің иерархия деңгейлері, рөлдері мен өкілеттіктері тұрғысынан ішкі бақылау жүйесінің моделі:

  • 1-деңгей «Ұйымдастырушылықфункционалдық» – ішкі бақылау жүйесін ұйымдастырумен, оның қатысушыларының өзара әрекеттесу тәртібімен және «жоғарыдан үлгімен» байланысты;
  • 2-деңгей» Корпоративтік бақылау « – ҚМГ немесе құрылымдық бөлімшелер деңгейінде белгіленетін және ҚМГ мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін басқару тетіктерін іске асырумен байланысты, Компания қызметіне тән тәуекелдерге тікелей немесе жанама әсер ете отырып, жалпы бақылау ортасына және бақылау рәсімдерінің тиімділігі мен санына әсер ету есебінен ішкі бақылау жүйесін анағұрлым тиімді құрылымдауға мүмкіндік береді. Корпоративтік деңгейдегі бақылау ҚМГ-ге тұтастай алғанда, әрбір бизнес-процеске әсер етеді және сенімділіктің негізгі сипаттамалары мен критерийлеріне, ұмтылуы қажет кемелдену деңгейіне сәйкестікті бақылаумен байланысты. Мұндай сипаттамалар, өлшемдер мен кемелдену деңгейлері ҚМГ саясатында, ҚМГ ұзақ мерзімді даму бағдарламасында және ҚМГ-нің басқа да тұжырымдамалық-нормативтік құжаттарында бекітілген;
  • 3-деңгей «Процестік бақылау» – бизнес-процестерге және қызметкерлердің ағымдағы қызметіне интеграцияланған және жалпы ҚМГ бақылау ортасына әсер етпейтін бақылау рәсімдерін орындаумен байланысты.

НЕГІЗГІ ТӘУЕКЕЛДЕР

ҚМГ өз қызметін үнемі өзгеріп тұратын ортада жүргізеді. Уақыт өте келе кейбір қауіптер дамуы мүмкін және ішкі және сыртқы факторларға қарай ықтимал әсер мен ықтималдық өзгеруі мүмкін. ҚМГ стратегияны іске асыруға әсер ете алатын негізгі тәуекелдер мен белгісіздіктерді басқарады, қадағалайды және олар туралы хабарлайды.

Есепті кезеңде кейбір тәуекелдер іске асырылды, бірақ тәуекелдерді митигациялау бойынша қабылданған шаралардың арқасында олардың теріс әсері басқарылды және барынша азайтылды.

Компанияның негізгі тәуекелдері
Тренд (бір жылдағы) Тәуекелдер мен ықтимал салдардың сипаттамасы Тәуекелді азайту және тәуекелді басқару үшін қабылданатын шаралар
Өндіру көлемінің төмендеу қаупі
  • Негізгі операциялық тәуекел ескі кен орындарында өндіру көлемінің төмендеуі.
  • Әлемдік энергия нарықтарындағы қолайсыз жағдайға (пандемияға байланысты), сондай-ақ ОПЕК+ келісімі шеңберіндегі міндеттемелерге байланысты мұнайға деген төмендеуі.
Толығырақ ақпарат «Өндіру» бөлімінде
Жетілген кен орындарында өндіру деңгейін ұстап тұру мақсатында:
  • ұңғымалардың жөндеуаралық кезеңін ұлғайту жөніндегі іс-шаралар, ұңғымаларға жерасты және күрделі жөндеуді уақытылы орындау, сондай-ақ геологиялық-техникалық іс-шаралар;
  • ескірген жабдықтарды жаңғырту бағдарламаларын іске асыру;
  • ескі кен орындарында өндіру деңгейін ұстап тұру үшін жаңа технологияларды енгізу.
Өндіруші активтерді әртараптандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.Шығыстарды қысқарту және оңтайландыру, бұрын жоспарланған іс-шараларды, жоспарлы көрсеткіштерді қайта қарау бойынша сценарийлерді қарау (өндіру рентабельділігін ескере отырып) жүргізіледі.
ОПЕК+ елдерімен мұнай өндіруді ұжымдық қысқарту туралы келісім мәселелерінде Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарымен жедел өзара іс-қимыл жүзеге асырылады.
Өндірістік жарақаттылық тәуекелі
Қызметкерлердің еңбекті қорғау, өндірістік тәртіпті бұзу саласында белгіленген қағидаларды сақтамауы қызметкерлердің өміріне қауіп-қатердің төну мен денсаулығына зиян келтіру көзі болып табылады
Өндірісте жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында Компания ұйымдастырушылық-техникалық шараларды жүзеге асырады:
  • жұмыстарды қауіпсіз жүргізу, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу;
  • оқуды және білімді тексеруді уақытылы жүргізу;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ішкі бақылау;
  • еңбекті механикаландырудың жаңа технологиялары мен құралдарын енгізу;
  • өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру.
«Қорғау» картасын пайдалану арқылы Near Miss салдарсыз оқиғалар бойынша есептілік бағдарламасы іске асырылуда«Қорғау»картасын қолдану қауіпті жағдайды, қауіпті мінез-құлықты, қауіпті іс-әрекетті, қауіпті жағдайды, қауіпті факторды, сондай-ақ жақсы практика мен ұсыныстарды (бастамаларды) анықтауға және олар туралы ақпараттандыруға бағытталған..
Келесі Корпоративтік стандарттар бекітілді:
  • ҚМГ компаниялар тобында еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мердігерлік ұйымдармен өзара әрекеттесу бойынша;
  • ҚМГ компаниялары тобында еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыреттерді қамтамасыз ету;
  • ҚМГ компаниялар тобындағы Денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы.
Өндірістік объектілердегі апаттық жағдайлардың, техногендік апаттар тәуекелі
Компанияның өндірістік қызметі ықтимал қауіпті болып табылады. Авариялық және штаттан тыс жағдайлар, өндірістік объектілердегі техногендік апаттар салдарынан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттері нәтижесінде мүлікке, үшінші тұлғаларға және қоршаған ортаға зиян келтіру қаупі бар
Өндірістік тәуекелдерді барынша азайту мақсатында Компания мыналарды жүзеге асырады:
  • нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді уақытылы жүргізуді қамтамасыз ету;;
  • қайта жаңартуды, жаңғыртуды уақытылы жүргізу;
  • әлеуетті-қауіпті факторларды анықтау және диагностиканы уақытылы жүргізу, сондай-ақ өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жүргізу;
  • операциялық персоналдың техникалық деңгейі мен біліктілігін арттыру.
Компания кезең-кезеңмен қорғаудың, күзетудің және физикалық қауіпсіздіктің заманауи инженерлік-техникалық құралдарын енгізеді.
Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес Компания қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын, сондай-ақ міндетті экологиялық сақтандыру шарттарын жыл сайын жасасады. Бұдан басқа, жыл сайын сақтандыру жағдайының басталу нәтижесінде мүлікті залалдан (кездейсоқ жойылу, жоғалу немесе бүліну тәуекелінен) ерікті сақтандыру шарттары жасалады.
Экологияға және климаттың өзгеруіне теріс әсер ету тәуекелдері
Компания қоршаған ортаға қолайсыз экологиялық әсер ету тәуекеліне және экологиялық заңнама талаптарын сақтамағаны үшін міндеттемелерді қатаңдату тәуекеліне, сондай-ақ климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдерге ұшырағыштығы

Толығырақ ақпарат «Орнықты дамуды қамтамасыз ету» бөлімінде
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Компания үшін басым бағыттар:
  • парниктік газдар шығарындыларын басқару және алауда жағуды азайту;
  • су ресурстарын басқару;
  • өндіріс қалдықтарын басқару;
  • жерді қалпына келтіру;
  • энергия тиімділігін арттыру
Қоршаған ортаға қолайсыз экологиялық әсер ету қаупін азайту үшін Компания мыналарды жүзеге асырады:
  • экологиялық көрсеткіштерді жақсарту үшін жобаларды басқаруға және тәуекелге бағытталған тәсілге негізделген маңызды экологиялық аспектілерді алдын ала басқару;
  • ЕТҰ-да шығарындыларды басқару саясатын және су ресурстарын басқару жөніндегі корпоративтік стандартты енгізу мониторингі;
  • IOGP халықаралық есептілігі шеңберінде өндіруші секторда ілеспе мұнай газын (ІМГ) жағудың қарқындылығын тоқсан сайынғы есептер мен талдау;
  • экологиялық мәселелер бойынша мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу;
  • ЕТҰ қалдықтарын кәдеге жарату және қайта өңдеу мақсатында уәкілетті органмен қол қойылған қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру;
  • корпоративтік экологиялық бағытты толыққанды дамыту, сондай-ақ Компанияның жасыл экономика қағидаттарын ұстануын қамтамасыз ету.
Компания уәкілетті органның жаңа экологиялық кодексті әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына белсенді қатысады.
Климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелді азайту шеңберінде:
  • 2020 жылғы тамызда CDP (Carbon Disclosure Project) алаңында Компанияның 2019 жылғы парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындылары бойынша климаттық сауалнама уақытылы орналастырылды;
  • 2018-2020 жылдарға арналған парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар тапшылығы мен профицитінің болжамды балансы есептелді.
Газ тапшылығының тәуекелі
Газ экспортының көлемі ішкі газ тұтынудың ұлғаюы салдарынан, оның ішінде ішкі нарықта газ-химия жобаларын енгізуді, өндіру деңгейін ұстап тұру үшін газды кері айдауға байланысты газ өндірісінің төмендеуін және (немесе) газ өңдеу жөніндегі қуаттардың жетіспеушілігін, сондай-ақ газ өндіру жөніндегі ресурстық базаның жеткіліксіз дамығандығын ескере отырып азаюы мүмкін
Компания ІМГ өңдеу бойынша қуаттарды кеңейту, газды кері айдауды қысқарту және кен орындарында ІМГ жағу жолымен тауарлық газдың ресурстық базасын ұлғайту бойынша бірқатар жобаларды іске асыруды қарастырады. Жаңа перспективалы кен орындарын игеру, сондай-ақ қазіргі бар кен орындарында газ өндіруді арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Геологиялық тәуекел
Жаңа барлау жобаларын іске асыру әрқашан геологиялық құрылымның белгісіздігімен байланысты геологиялық тәуекелдермен байланысты (көмірсутек кен орындарын анықтамау, мұнайдың (газдың) алынатын қорларын растамау немесе төмен бағалау))
Компания мыналарды жүзеге асырады:
  • жұмыстар ауданы және жақын маңдағы ұқсас кен орындары бойынша геологиялық-геофизикалық деректер базасын жинау, талдау, қорыту және толықтыру;
  • көмірсутектерді іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістерін жоспарлау, деректерді зерттеудің, өңдеу мен интерпретациялаудың тиімді әдістерін қолдану;
  • 2D- және 3D-сейсмикалық-барлауды жүргізу;
  • халықаралық компаниялармен (Equionor, LOKOIL, BP) бірлескен өңірлік зерттеулер, озық технологияларды қолдана отырып және шетелдік компаниялардың (Eni) тәжірибесін тарта отырып, өңдеу жөніндегі пилоттық жобалар;
  • сапалы талдау және заманауи геохимиялық және литологиялық талдау әдістемелерін қолдану негізінде өңір мен кен орындарының седиментациялық, геологиялық және бассейндік модельдерін құру;
  • жаңа кен орындарын бірлесіп барлау және игеру үшін, оның ішінде геологиялық тәуекелдердің қаржылық әсерін төмендету үшін carry-қаржыландыру шарттарында стратегиялық әріптестерді тарту
Қатысу өңірлеріндегі әлеуметтік жағдай
Компания санкцияланбаған ереуілдер қаупіне ұшырайды
Әлеуметтік тәуекелдерді төмендету үшін Компанияда мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
  • басшылықтың еңбек ұжымдары және кәсіподақтар өкілдерімен тікелей есептік кездесулерін қоса алғанда, еңбек ұжымдарында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі;
  • ҚМГ объектілерінде қызметті жүзеге асыратын мердігерлік ұйымдармен ЕТҰ-ның өзара іс-қимыл регламенті енгізілуде (мердігерлік ұйымдар қызметкерлері үшін еңбек қатынастары саласында белгіленген кепілдіктерді сақтау мақсатында);
  • ішкі коммуникациялардың бірыңғай жүйесі іске асырылды және қолдау тапты, Компанияның барлық кәсіпорындарында басшылықтың ұжымдармен әлеуметтік, тұрмыстық, өндірістік мәселелерді талқылау және шешімдердің нұсқаларын бірлесіп әзірлеу үшін міндетті кездесулері өткізіледі;
  • жас қызметкерлердің белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруды, жастарды кәсіпорындардың әлеуметтік және өндірістік өміріне тартуды көздейтін бірыңғай жастар саясатының жүйесі құрылады;
  • қатысу өңірлерінде жүйелі түрде сауалнамалар, талдау және қанағаттану мониторингі жүргізіледі.

Әлеуметтік тұрақтылық рейтингісін зерттеу нәтижелері бойынша алаңдататын аймақтарды барынша азайту және әлеуметтік тұрақтылық деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жоспарлары әзірленуде
Өтімділік және қаржылық орнықтылық тәуекелдері
Компания үшін негізгі тәуекелдердің болуы өтімділік пен қаржылық тұрақтылықпен байланысты тәуекелдер болып табылады

Толығырақ ақпарат «Стратегиялық басымдықтар» бөлімінде
Сонымен қатар, осы тәуекелдерді еңсеру үшін, борышқорлық жүктемені басқару және өтімділік тапшылығына жол бермеу жөніндегі іс-шаралармен қатар, Компания операциялық қызметтің тиімділігін арттыруға, күрделі шығындардың нақты басымдығына, қаржылық тәртіпті сақтауға, Компанияның активтері мен жобаларының қоржындарын ұтымды етуге, жобаларды қоржындық басқаруға көшуге баса назар аударды
Комплаенс-тәуекелдер
Жеке пайда мен мүліктік мүдделерді, оның ішінде үшінші тұлғалар үшін, алуға бағытталған сыбайлас жемқорлық сипатындағы қасақана іс-әрекеттер. Қаржылық залалдың мөлшеріне қарамастан, кез келген сыбайлас жемқорлық белгілерінің фактілері Компанияның қызметінде мүлдем қолайсыз болып табылады.
Компания ішкі бақылау жүйесін енгізу және күшейту, үшінші тұлғалар тарапынан, сондай-ақ Компания қызметкерлері тарапынан заңсыз және жосықсыз әрекеттердің алдын алудың бірыңғай саясатын белгілеу, қызметкерлер тарапынан заңға қарама-қайшы және жосықсыз әрекеттер жасау фактілері бойынша ішкі тергеулер жүргізу тәртібін белгілеу бойынша дәйекті жұмыс жүргізеді.
Компания жетекші әлемдік тәжірибені, сондай-ақ міндеттемелерді ескере отырып, саясат пен стандарттарды қабылдады:
  • ішкі және комплаенс-бақылау жүйелерін жетілдіру және күшейту бойынша;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу;
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қызметкерлер арасында ықтимал бұзушылықтар мен шаралар туралы алдын алу іс-шараларын және түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • шешімдер қабылдау рәсімдерінің есептілігін және ашықтығын қамтамасыз ететін ұйымдық-құқықтық тетіктерді белгілеу;
  • іскерлік этика нормаларын қабылдау және сақтау;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру;
  • сыбайлас жемқорлық факторларын анықтауға арналған ішкі құжаттардың жобаларын сараптау;
  • мүдделер қақтығысын болдырмау;
  • Аудит жөніндегі комитетке және Директорлар кеңесіне есеп бере отырып, жедел желіге келіп түскен өтініштерді өңдеу
Мұнай бағасының жоғары құбылмалылығы
Компания энергия көздері бағасының құбылмалылық тәуекеліне бейім.

Толығырақ ақпарат «Нарықты шолу» және «СOVID19 әсері және дағдарысқа қарсы шаралар» бөлімдерінде
Қаржы жағдайын тұрақтандыру мақсатында Компания 2021 жылдың соңына дейін мұнай-газ саласында қалыптасқан дағдарыстың салдарын жою бойынша шараларды қарастыратын дағдарысқа қарсы стратегияны әзірледі. 2020 жыл ішінде мынадай іс-шаралар іске асырылды:
  • жаңартылған макроөлшемдермен, шығыстарды қысқартумен және оңтайландырумен ҚМГ-ның түзетілген даму жоспары бекітілді;
  • 2020 жылға арналған инвестициялық жобалар қоржыны оңтайландырылды, жобалық басқару жүйесі енгізілуде;
  • сыйлықақылар мен бонустар алынып тасталды, бизнес-процестерді оңтайландыру жүргізілді;
  • Дағдарысқа қарсы тұжырымдаманы, сондай-ақ басшы қызметкерлердің мотивациялық ҚНК картасын және олардың 2020 жылға арналған мақсатты мәндерін цифрландыруды ескере отырып, қызметтің негізгі корпоративтік көрсеткіштері (ҚНК) бекітілді;
  • ҚМГ орталық аппаратының саны оңтайландырылды;
  • басқару деңгейлерін қысқарта отырып, ұйымдық құрылым бекітілді, топ-менеджерлер мен басшы қызметкерлердің жалақысын төмендетуді ескере отырып, жалақы жүйесі қайта қаралды;
  • қосымша теріс әсер етуі мүмкін тәуекелдерді/тәуекел факторларын көздейтін тәуекел-менеджмент бағдарламасы бекітілді.
Компания тұрақты негізде баға серпініне, мұнай мен мұнай өнімдеріне деген сұранысқа мониторинг пен талдауды жүзеге асырады, сондай-ақ. Мұнай бағасының айтарлықтай төмендеуінен қорғау үшін қаржы құралдарын сатып алу ықтималдығы болуы мүмкін. ОПЕК+ келісімі, ішкі нарықты тұрақтандыру және мұнай өнімдерінің экспортын ынталандыру жөніндегі шараларды іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ өз міндеттемелерін орындау үшін ішкі резервтері бар
Елдік тәуекел пен санкциялар тәуекелі
Компания шет мемлекеттерде операцияларды жүзеге асырады. Реципиент елдің экономикалық және саяси жағдайындағы кез келген елеулі теріс өзгерістер Компанияның қызметіне әсер етуі мүмкін. Кейбір елдерге қатысты санкциялар, соның ішінде салалық санкциялар Компанияның қызметіне әсер етуі және перспективалық жобаларға әсер етуі мүмкін
Компания реципиент елді (экономикалық, саяси, стратегиялық, әлеуметтік және өзге тараптардан) талдау негізінде елдік лимиттерді белгілеу арқылы елдік тәуекелдер деңгейін шектейді.
Компания экономикалық санкциялардың Компанияның қызметіне әсерін және ықтимал жауап шараларын талдады. Ресейлік ұйымдармен бірлескен жобалар / маңызды транзакциялар қарастырылды, ықтимал операциялық және қаржылық тәуекелдер зерттелді.
Компанияның перспективалық жобаларына нақты әсер ете алатын санкциялардың ықтимал кеңеюін ескере отырып, Компания теріс әсер мен салдарды азайту үшін қолданыстағы санкцияларға мониторингті жүзеге асырады. Тәуекелдерді төмендету мақсатында Компания санкциялық режимді күшейткен жағдайда жобалардан шығу немесе оларды дербес іске асыру тетіктерін көздейд
Кибертәуекелдер
Қашықтан жұмыс істеу, қашықтан қосу және Компаниядағы өндірістік және цифрландырудың басқарушылық процестерге тиетін әсердің күшею жағдайында Компанияның ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің тұтастығын, қолжетімділігі мен құпиялылығын бұзу мақсатында оның жария етілу ықтималдығы артады
Компания келесі шараларды іске асырады:
  • сыртқы және ішкі қауіп-қатерлердің автоматтандырылған мониторингін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық жүйені қорғауға бағытталған ұйымдастырушылық-практикалық іс-шараларды бақылауды қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздіктің мамандандырылған аппараттық-бағдарламалық құралдары енгізілуде;
  • жүйенің сыртқы шабуылдарға осалдығын тестілеу, ақпараттық технологиялар инфрақұрылымының қауіпсіздігін талдау, желілік компоненттердің аудиті, операциялық жүйелердің қауіпсіздігін уақытылы бақылау, бұзушылықтарды анықтау және бұғаттау тұрақты негізде жүргізіледі;
  • Компанияның ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесінің (АҚМЖ) қолданыстағы халықаралық стандарттарға сәйкестігін қолдау жүргізіледі;
  • Компанияның ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бөлімшелерінде АҚБЖ үшін жауаптыларды оқыту;
  • кибергигиена қағидаларын сақтау
Беделдік тәуекел
Компания іскерлік беделге және инвесторлармен, контрагенттермен, серіктестермен және басқа да мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынасқа әсер ететін беделдік тәуекелге ұшырайды
Компания БАҚ-тағы жарияланымдарды, брифингтер, баспасөз конференцияларын ұйымдастыруды, Компания қызметінің түрлі аспектілерін жариялап-көрсету және мүдделі тараптардың хабардар болуын арттыру мақсатында басшылықтың сөз сөйлеуін қоса алғанда, осы тәуекелді басқару жөніндегі шаралар кешенін жүргізеді. Күн сайын Компания қызметі туралы жарияланымдарға мониторинг және БАҚ пен әлеуметтік желілердегі расталмаған ақпаратқа (қауесеттерге) жедел ден қою жүргізіледі.
2020 жылы жұртшылықты ҚМГ қызметі туралы уақытылы хабардар ету және жағымсыз жарияланымдардың алдын алу мақсатында Дағдарысқа қарсы шараларды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі коммуникациялық жоспар әзірленді және іске асырылды. Байланыс жоспары аясында басшылықтың дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру, кәсіпорындарда COVID-19- бен күресу және оны таратпау бойынша қабылданған шаралар бойынша Компания қатысатын өңірлерге жұмыс сапарлары ұйымдастырылды. Баспасөз хабарламалары жарияланып, тиісті брифингтер өткізілді, аталған іс-шаралар БАҚ-та (теледидарда, газеттерде, интернет-басылымдарда, корпоративтік сайттарда) кеңінен жарияланды. Компанияда жедел желі жұмыс істейді, сондай-ақ шағымдар мен наразылықтардың себептерін жою мақсатында оларға жедел ден қою жөніндегі процесс ұйымдастырылды
Валюталық тәуекел
Валюталық тәуекел – валюта бағамдарының ауытқуына байланысты Компанияның қаржы көрсеткіштерінің ықтимал қолайсыз өзгеруі
Түсім мен міндеттемелердің валюталық құрылымын ескере отырып, Компания өз қызметінде валюталық тәуекелге де ұшырайды. Осы тәуекелді басқару стратегиясы табиғи (экономикалық) хеджирлеуді қолдану мүмкіндігін ескеретін кешенді тәсілді пайдалануды көздейді. Шетелдік валютада номиналданған активтер мен міндеттемелердің арақатынасы қамтамасыз етіледі, түсім валюталық тәуекелдің әсерін ескере отырып есептеледі
Салықтық тәуекел
Салық заңнамасының өзгеруі және оны әркелкі түсіндіру тәуекелдері, сондай-ақ салық ауыртпалығының ұлғаюы мен салық жеңілдіктерін қолдану құқығынан айрылу тәуекелдері сақталуда
Компания салық заңнамасының өзгерістеріне тұрақты мониторинг жүргізеді, олардың Компания қызметіне ықтимал әсер ету дәрежесін бағалайды және болжайды, құқық қолдану практикасының үрдістерін бақылайды, өз қызметінде заңнаманың өзгерістерін ескереді. Компания мамандары салық заңнамасы саласындағы заң жобаларын әзірлеу бойынша әртүрлі жұмыс топтарына үнемі қатысады; салықтық тәуекелдерді азайту мақсатында Компания салықтық әкімшілендіру процестерін жақсартады, салықтық аудиттер жүргізеді
Екінші деңгейдегі банктердің проценттік мөлшерлемелерінің және өтімділігінің өзгеру тәуекелі
Әлемдік проценттік мөлшерлемелердің өсуі мен банк секторының қаржылық орнықтылығының әлсіреуі қарыз алу құнына және уақытша бос ақша қаражатын орналастыруға теріс әсер етуі мүмкін.
Осы тәуекелдерді барынша азайту үшін Компания қазынашылық қоржынның берілген өлшемдерінде қаржы құралдарына орналастыруды әртараптандыруды және ҚМГ компаниялар тобы бойынша ақша қаражатының орналастырылуына тұрақты мониторингті жүзеге асырады.
ҚМГ кірісінің негізгі бөлігі АҚШ долларымен генерацияланады, ал негізгі қарыз алу көзі халықаралық кредиттеу нарығы болып табылады. Осы себептер бойынша ҚМГ борышқорлық қоржынының басым бөлігі АҚШ долларымен номиналданған. Осы несиелердің бір бөлігіне қызмет көрсету бойынша пайыздық мөлшерлеме банкаралық несие ставкаларына негізделген, мөлшерлемелердің өсуі Компанияның қарызына қызмет көрсетудің қымбаттауына әкеп соғуы мүмкін
Инвестициялық (жобалық) тәуекелдер
Компания сыртқы және ішкі факторларға байланысты елеулі тәуекелдерге ұшырауы мүмкін көмірсутектерді барлау, өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу саласындағы бірқатар жобаларды іске асырады. Мұндай тәуекелдердің іске асуы жобаларды іске асырудың табыстылығына айтарлықтай әсер етуі мүмкін
Компания қажет болған жағдайда жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарларға уақытылы өзгерістерді енгізе отырып, қатысу өңірлерінде жобаларды іске асыру мәртебесіне тұрақты мониторинг жүргізеді. Жобалардың мерзімдеріне, бюджетіне және сапасына әсер ете алатын тәуекелдер туындаған жағдайда іс-шаралар мүдделі тараптармен келіссөздер жүргізуді, операциялық шығындарды қысқартуды, инвестициялық бағдарламаны оңтайландыруды және т. б. қамтуы мүмкін.
Қолданылатын заңнаманың өзгеру тәуекелі, сондай-ақ сот талап-арыздары мен төрелік талқылаулар тәуекелі
Компания қызметінің нәтижелеріне қолданылатын заңнамадағы өзгерістер, оның ішінде жер қойнауын пайдалану саласындағы нормалау, салықтық, валюталық, кедендік реттеу және т. б., сондай-ақ соттардың Компания тартылған сот және төрелік даулар бойынша теріс шешімдер қабылдау тәуекелі әсер етуі мүмкін
Компания заңнаманың өзгерістеріне тұрақты мониторинг жүргізеді, ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарының қызметіне олардың әсер ету дәрежесін бағалайды және болжайды.
Компания заңнаманың әртүрлі салаларындағы заң жобаларын әзірлеу және талқылау жөніндегі жұмыс топтарына үнемі қатысады.
Компания сот және құқық қолдану практикасының мониторингін тұрақты негізде жүзеге асырады, қызметті жүзеге асыру процесінде туындайтын құқықтық мәселелер мен дауларды шешу кезінде үздік тәжірибені белсенді түрде қолданады
Пандемия тәуекелі (COVID-19)
COVID-19 індеті қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығына теріс әсер етті, еңбекке уақытша жарамсыздық пен өлімге әкелді, бүкіл адамзатқа азап пен шектеулер әкелді, бүкіл әлемде сұраныс пен өндірістің негізгі факторларына әсер етіп, экономикалық күйзелісті тудырды

Компания COVID-19 пандемиясымен байланысты жағымсыз қауіп факторларын азайту үшін барлық мүмкін шараларды қабылдады, мысалы:
  • COVID-19/пневмонияның таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты мониторингі;
  • қызметкерлердің жүріп-тұруы бойынша шектеу шараларын (іссапарлар, конференциялар, оқыту), әлеуметтік алыстау шараларын енгізу, қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстыру;
  • байланыстарды азайту үшін қызметкерлердің тұруына, тамақтануына, тасымалдауға және қайта вахталауға ерекше режим енгізу;
  • объектілерде және кеңселерде (мердігерлік ұйымдарды қоса алғанда) санитариялық-дезинфекциялық, маскалық режимді қатаң сақтау, термометрияны жүзеге асыру және рұқсат беру кезінде қызметкерлердің симптомдарының болуына пікіртерім жүргізу;
  • жедел штабтар мен дағдарыстық жағдайларды басқару жөніндегі команданың жұмысын жандандыру, мемлекеттік органдармен және медициналық ассистенттермен өзара іс-қимыл жасау;
  • ахуал нашарлаған жағдайда ҚМГ мен оның ЕТҰ қызметінің әзірлігін және үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін бекітілген алгоритмдерге сәйкес іс-шаралар кешенін іске асыру;
  • маусымдық грипп ауруына қарсы вакцинациялау және алғашқы медициналық-санитариялық көмек қызметтерінің дайындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ қажет болған жағдайда зертханалық тексеруді ұлғайту және COVID-19 вакцинациясын ұйымдастыру мәселелерін пысықтау;
  • жеке қорғану құралдарының (медициналық маскалар, респираторлар, биялайлар), мөлшерлегіштердің, антисептиктер мен дезинфекциялық ерітінділердің, сондай-ақ өмір және денсаулық сақтау үшін ең аз қажетті тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету мүлкінің, оның ішінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың резервтерін жасау.ских изделий.
Пандемияның жаңа ошақтарына дайындық, аурулардың алдын алу және COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында Компания келесі іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыруда:
  • COVID-19 таралу қаупін азайту бойынша бұрын енгізілген алгоритмдерді (бірінші толқынның тәжірибесін ескере отырып түзетілген) сақтау және эпидемияға қарсы режимді, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды қолдау;
  • сыни бизнес-процестерді анықтау және оларды қалпына келтіру нұсқаларын әзірлеу, сондай-ақ сыни қызметкерлерді, жеткізушілерді, материалдар мен жабдықтарды айқындау; сыни бизнес-процестердің үздіксіздігін қамтамасыз ету және АТ-жүйелерін авариялық қалпына келтіру жоспарларын әзірлеу