ТИІМДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ

Компания қызметінің тиімділігін бағалау жүйесі стратегиялық мақсаттар мен табыстың негізгі факторларын қызметтің негізгі көрсеткіштеріне ыдыратуды және оларды жоғарыдан төменге каскадтауды көздейді.

Тиімділік көрсеткіштерінің жүйесі мыналарды қамтиды:

  • Компания басшыларына ортақ болып табылатын корпоративтік ҚНК, олардың тізбесі стратегиялық көрсеткіштер мен өзгеретін сыртқы орта жағдайында стратегиялық міндеттерді қайта қараудан туындай отырып қалыптастырылады;
  • Компанияның нақты басшысының стратегиялық сипаттағы міндеттеріне негізделген функционалдық ҚНК.

ҚМГ Басқармасы мүшелерінің тиімділік көрсеткіштерінің тізбелері мен мақсатты мәндері Директорлар кеңесінің шешімімен белгіленеді. Басқарма мүшелерінің 2020 жылға арналған ҚНК тізбесі операциялық және күрделі шығындарды оңтайландыру бойынша көрсеткіштер және қаржылық орнықтылық көрсеткіштері сияқты дағдарысқа қарсы қабылданған шараларды көрсету ескеріле отырып қалыптастырылды, сондай-ақ "ESG-рейтинг" көрсеткішімен толықтырылды. ҚНК мәндері Компанияның шоғырландырылған Бизнес-жоспарының негізгі қаржы-экономикалық және салалық көрсеткіштері мен дивизиондар көрсеткіштерінің негізінде қалыптастырылды.

Басшыларға сыйлықақы беру мақсаттары үшін көрсеткіштердің орындалуын бағалау Компания қызметінің қорытындылары шығарылғаннан кейін жүзеге асырылады.

Жекелеген қаржы көрсеткіштері бойынша қорытынды нәтижелілікті жүргізу кезінде қызметкердің Компания қызметінің көрсеткіштеріне тигізетін әсерін айқындау мақсатында валюта бағамдары және мұнай бағасы сияқты бақыланатын және бақыланбайтын факторларды бөле отырып, ҚНК-ны қалыпқа келтіру көзделген.

2020 жылы қызметтің корпоративтік негізгі көрсеткіштерін орындау
Атауы Өлшем бір. 2018 2019 2020ҚМГ Директорлар кеңесінің 2020 жылға арналған көрсеткіштердің нақты мәндерін түпкілікті бекітуі 2021 жылғы маусымда күтіледі, осыған байланысты кестеде көрсетілген мәндер аздап түзетілуі мүмкін. 2020 жылы орындауға түсініктеме
1 ROACEROACE = (бір жылдағы пайда + салық төлемдеріне түзетілген сыйақы шығындары) / орташа капитал. % 8,1 11,5 2,9 Бекітілген мәндерден жоғары деңгейде орындалды
2 Операциялық және күрделі шығындарды азайтуКөрсеткіш компанияның 2020 жылға арналған бекітілген Бизнес-жоспарымен салыстырғанда бақыланатын операциялық және күрделі шығындардың төмендеуін көрсетеді. млрд теңге Қолданылмайды Қолданылмайды 173
3 Қарыз/EBITDA"Самұрық-Қазына" АҚ-тың бекітілген әдістемесіне сәйкес . коэф. 2,5 2,1 3,8
4 Қорлар (А + В + С1) млн тонна 668,14 680,66 666 Жоспар деңгейінде орындалды
5 ESG-рейтинг рейтинг Қолданылмайды Қолданылмайды 69 Жоспар деңгейінде орындалды
6 ҚМГ компаниялар тобының тауарларындағы, жұмыстарындағы және қызметтеріндегі жергілікті қамту үлесі бойынша нысаналы индикаторларды орындауҚМГ компаниялар тобының тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алуда жергілікті қамту үлесі бойынша индикаторлардың орындалуын көрсететін композиттік көрсеткіш % Қолданылмайды Қолданылмайды 125 Жоспар деңгейінде орындалды
Басқарма мүшелерінің қорытынды нәтижелілігінде корпоративтік және функционалдық ҚНК үлестерін бөлу
Қызметкердің мәртебесі Корпоративтік ПӘК, % Функционалды ПӘК, %
Басқарма төрағасы 100 0
Басшы қызметкер (Басқарма төрағасын қоспағанда) 70 30