ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН ҚАУІПСІЗДІК
Жыл | Шығарындылардың қарқындылығы SOx | Шығарындылардың қарқындылығы NOx | ІМГ жану қарқындылығы | ІМГ кәдеге жарату деңгейі, % |
---|---|---|---|---|
2016 | 0,39 | 0,24 | 12 | 86 |
2017 | 0,32 | 0,25 | 11 | 85 |
2018 | 0,25 | 0,20 | 6 | 93 |
2019 | 0,20 | 0,21 | 2,95 | 97 |
2020 | 0,23 | 0,22 | 2,2 | 98 |
ӨҚ, ЕжҚОҚ мәселелерін басқару жөніндегі мақсаттар Компанияның даму стратегиясымен тікелей байланысты. ҚМГ-нің 2028 жылға дейінгі Даму стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) экологиялық жауапкершілікті арттыру жөніндегі стратегиялық бастамаларды көздейді. Компания үшін қоршаған ортаны қорғау бөлігіндегі басым бағыттар парниктік газдар шығарындыларын басқару және газды алауда жағуды қысқарту, су ресурстарын, өндіріс қалдықтарын басқару, жерді қалпына келтіру және энергия тиімділігін арттыру болып табылады.
Стратегия басымдықтарына сәйкес ӨҚ, ЕжҚОҚ жөніндегі саясат 2020 жылы Директорлар кеңесі бекіткен ӨҚ және ЕҚ жөніндегі және Экологиялық саясат болып, жеке-жеке саясатқа бөлінді. ҚМГ мен оның ЕТҰ басшылығы қоршаған ортаның ластануына байланысты шығындар мен залалдарға қатысты нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады.
2015 жылы ҚМГ Дүниежүзілік Банктің 2030 жылға қарай ілеспе мұнай газын тұрақты жағуды толық тоқтату жөніндегі бастамасын қолдады. Жоғарыда аталған бастаманы іске асыру шеңберінде 2019 жылы ҚМГ-дегі шығарындыларды басқару саясаты бекітілді. Негізгі сегіз қағидаттан тұратын саясат, олардың алтауы климаттың өзгеруіне тікелей қатысты, тұрақты алауды толығымен тоқтатуға бағытталған.
2020 жылы алғаш рет ҚМГ компаниялары тобының еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау менеджмент жүйесі жөніндегі басшылығының бөлігі болып табылатын қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі корпоративтік стандарт әзірленді және Басқарма шешімімен мақұлданды. Стандарт көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау процесінің корпоративтік қағидаттарын айқындайды, ҚМГ компаниялары тобының, ҚМГ компаниялары тобы қызметкерлері мен мердігерлерінің, оның ішінде қызметі техникалық құжаттаманы және қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарын әзірлеумен, қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдары бойынша қоғамдық пікірді есепке алуды ұйымдастырумен және жүргізумен, сондай-ақ эмиссияларға рұқсат алумен байланысты жобалау ұйымдарының қызметін регламенттейді.
Рейтинг әдістемесі корпоративтік практикада сыналды және екінші жыл қатарынан "Интергаз Орталық Азия" АҚ басқарған ҚМГ ЕТҰ арасында ішкі рейтинг жүргізілуде, сондай-ақ көшбасшылар үштігіне "Ембімұнайгаз" АҚ мен "ҚазТрансОйл" АҚ кірді.
Компания экологиялық жауапты бизнес жолымен жүруді жалғастырады, қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін дамытады, осы мәселе бойынша барлық мүдделі тараптармен диалог жүргізеді, сол арқылы Компанияның экологиялық саясатында көрсетілген өз міндеттемелерін орындайды.
Баку қаласында 2020 жылғы 14 қыркүйекте "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы, BP Exploration (Caspian Sea) Limited, Equinor Apsheron AS және TOTAL E&P Absheron B. V. арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бастаманың негізгі мақсаттары қоршаған ортаны қорғау және аймақта жұмыс істейтін халықаралық мұнай компанияларын бірлесіп зерттеу үшін алғашқы платформа құру болып жарияланды. Қатысушы компаниялардың қызметі Каспий өңірінің экологиялық орнықтылығына қатер төндіретін климаттың өзгеруі проблемасын шешу және қоршаған ортаға парниктік газдар мен зиянды заттар шығарындыларының алдын алу мақсатында бірлескен белсенді күш-жігерге бағытталатын болады. Бұдан басқа, CEPI шеңберіндегі ынтымақтастық қоршаған ортаны қорғау саласындағы озық әдістерді, стандарттар мен технологияларды зерттеуді және қолдауды, климаттың өзгеруіне қарсы күрес бойынша бірлескен профилактикалық шараларды әзірлеуді және іске асыруды, ақпараттық-ағартушылық және насихаттық науқандарды ұйымдастыруды, өңірдегі мүдделі тұлғаларды және реттеуші органдарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысуға тартуды және т. б. көздейді.