ОРНЫҚТЫ ДАМУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Компания өндірістік персоналды ел үшін қиын уақытта қысқартпады және өзіне алған барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындады. Сонымен қатар, Компания қызметкерлер мен олардың отбасыларының денсаулығы мен қауіпсіздігіне бағытталған және COVID-19 таралуын барынша азайту үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.
Сотрудник Компании

Компания орнықты дамуға және ESG факторларының компания қызметіне интеграциялануына ерекше көңіл бөледі. Компанияның 2028 жылға дейінгі Даму стратегиясында ҚМГ орнықты дамуды стратегиялық мақсаттардың бірі ретінде белгіледі. 2020 жылға қарай ҚМГ Директорлар кеңесі корпоративтік ҚНК – ESG-рейтингін шекті 60 балл мән деңгейінде бекітті.

2020 жылы ҚМГ Sustainalytics халықаралық рейтингтік агенттігінің 100-ден 69 балл деңгейінде бағалаудан сәтті өтті. ESG-рейтингінің құрамдас бөлігінде ҚМГ келесі бағаларды алды: экологиялық құраушы 69, әлеуметтік – 70, корпоративтік басқару — 67 деңгейінде.

Сонымен қатар, ҚМГ 34,5 балл деңгейінде ESG-тәуекел-рейтингісін алды, бұл басқарылмайтын ESG-тәуекелінің жоғары деңгейін көрсетеді. Компания тәуекел деңгейі бойынша бес санаттың төртіншісіне кірді ESG тәуекелдерінің рейтингі компанияның экономикалық құны ESG факторларына байланысты тәуекелге ұшырау дәрежесін өлшейді.. Sustainalytics талдаушылары ҚМГ-дегі ESG-тәуекелдерді басқаруды "мықты" деп бағалады. Бұл ретте тәуекелдерге бастапқы ұшырағыштық " жоғары" деп бағаланды. ҚМГ рейтингісінің жоғары мәні негізінен менеджмент бақылай алмайтын салалық тәуекелдермен байланысты.

ҚМГ үшін негізгі ESG сын-тегеуріндері операциялық қызметтен көміртек шығарындылары және Компания өнімін пайдаланудан шығарындылар, сондай-ақ қызметті жүргізу өңірлеріндегі қоғамдастықтармен өзара қарым-қатынастар болып табылады.

ҚМГ орнықты даму қағидаттарын негізгі бизнес-процестерге, операциялық қызметке енгізу және интеграциялау бойынша өзінің бағыттылығын төмендетпей, БҰҰ Жаһандық шартының он қағидатын және орнықты дамудың 17 жаһандық мақсатын (ОДМ) ұстануына қатысты белсенді жұмысын жалғастыруда. 2020 жылы ОДМ-ды Компанияның бизнес-процестеріне интеграциялау процесі басталды. 2025 жылға дейінгі алты басым ОДМ айқындалды, мақсаттардың негізгі кіші тапсырмалары белгіленді.

Орнықты даму мақсаттары Басым міндеттер ҚМГ салымы
Хорошее здоровье и благополучие

Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жастағы барлық адамдар үшін әл-ауқатқа ықпал ету

3.6. 2020 жылға қарай бүкіл әлемде жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім мен жарақат санын екі есе азайту

Компанияда көлік қауіпсіздігін арттыруға бағытталған "Сапарларды басқару" жобасы іске асырылуда. ҚМГ компаниялар тобында жерүсті көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану регламенті және Жерүсті көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану саласындағы саясат өзектендірілді және бекітілді.

3.8. Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуды, оның ішінде қаржы тәуекелдерінен қорғауды, сапалы негізгі медициналық-санитариялық қызметтерге қол жеткізуді және барлығына негізгі қауіпсіз, тиімді, сапалы және арзан дәрілік заттар мен вакциналарға қол жеткізуді қамтамасыз ету

Көптеген жылдар бойы ҚМГ қызметкерлері денсаулықты медициналық сақтандырумен қамтылды. Қызметкерлерді тегін медициналық тексеру және вакцинациялау тұрақты негізде жүргізіледі.

Өндірістік объектілерде еңбек жағдайын жақсарту және кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру жүргізілуде.

"Сауықтыруға 10 қадам" бастамасының және зардап шеккен қызметкерлерге шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыруға, медициналық пункттерді жарақтандыруға және шұғыл медициналық ден қою жоспарының мазмұнына бірыңғай талаптарды белгілейтін шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша Стандарттың іске асырылуын бақылау және оған мониторинг жүзеге асырылады.

3.9. 2030 жылға қарай қауіпті химиялық заттардың, ауаның, судың және топырақтың ластану мен улану салдарынан өлім мен аурудың санын едәуір қысқарту

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша рәсімдер мен бастамаларды тұрақты түрде қайта қарау және жақсарту жүргізілуде.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау бойынша қызметкерлердің көшбасшылығы және ұстанушылығы кодексі енгізілуде және іске асырылуда.

Салдары жоқ оқиғалар бойынша есептілік бағдарламасы (Near Miss) іске асырылуда.

" Қорғау" картасы қолданылады, ол қауіпті жағдайды / қауіпті мінез-құлықты / қауіпті іс-әрекетті / қауіпті факторды анықтауға және олар туралы хабардар етуге бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Толығырақ ақпарат " Тәуекел-менеджмент және ішкі бақылау" және "ДС, ӨҚ және ҚОҚ" бөлімдерінде.

Недорогостоящая и чистая энергия

Барлық адамдар үшін арзан, сенімді, орнықты және заманауи энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету

7.1. 2030 жылға қарай арзан, сенімді және заманауи энергиямен жабдықтауға жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету

2017 жылдан бастап ҚМГ-де ҚМГ-нің еншілес және тәуелді ұйымдарының, оның ішінде бірлесіп бақыланатын ұйымдары мен бірлескен кәсіпорындарының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған жол картасы қолданылуда.

Энергия үнемдеу жөніндегі Жол картасының мақсаттары:

  • жоғары басшылықтың жауапкершілігін арттыру, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі үшін жауапты басшыларға энергия тиімділігі бойынша ҚНК енгізу;
  • энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
  • энергия үнемдеу іс-шараларын жүргізудің энергетикалық тиімділігін арттыру есебінен төлем жүктемесін азайту.
  • тиімділігін арттыру есебінен төлем жүктемесін азайту.

ҚМГ компаниялар тобының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары – технологиялық жабдықты жаңғырту, энергия үнемдеу технологияларын енгізу, жылу энергиясын өндіру мен тұтынуды оңтайландыру, сондай-ақ жеке, оның ішінде ІМГ пайдалана отырып, генерациялау көздерін дамыту.

2017-2020 жылдары энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша 263 іс-шара орындалды.

2019-2020 жылдары ҚМГ кәсіпорындарында энергетикалық аудит жүргізілді, энергетикалық аудиттердің нәтижелері бойынша келесі бес жылда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды енгізу ұсынылатын болады.

7.b. 2030 жылға қарай дамушы елдерде, атап айтқанда неғұрлым төмен дамыған елдерде, шағын аралдық дамушы мемлекеттерде және теңізге шыға алмайтын дамушы елдерде олардың тиісті қолдау бағдарламаларын ескере отырып, барлығын заманауи және орнықты энергиямен жабдықтау үшін инфрақұрылымды кеңейту және технологияларды жаңғырту

ҚМГ Компанияның өндірістік активтеріне жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) элементтерін енгізу мүмкіндіктерін зерделеуде.

Толығырақ ақпарат "ДС, ӨҚ және ҚОҚ"бөлімінде.

Достойная работа и экономический рост

Ұдайы, жан-жақты және орнықты экономикалық өсуге, толық және өнімді жұмыспен қамтуға және барлығына лайықты жұмыс істеуге жәрдемдесу

8.5. 2030 жылға қарай барлық әйелдер мен ерлер, оның ішінде жастар мен мүгедектер үшін толық және өнімді жұмыспен қамтуды және лайықты жұмысты және құндылығы бірдей еңбек үшін тең ақы төлеуді қамтамасыз ету

Қызметкерлерді үздіксіз оқыту және қызметкерлердің қанағаттанушылығы мен өнімділігін арттыру "Әзірлеу инженері", "Кәсіби шебер" және т. б. техникалық құзыреттерді дамыту бағдарламасын қоса алғанда, әрқашан ҚМГ-нің басты назарында болады.

8.6. 2020 жылға қарай жұмыс істемейтін, оқымайтын және кәсіби дағдыларға ие болмайтын жастардың үлесін едәуір қысқарту

Компания корпоративтік мәдениет деңгейін жақсарту және әлеуметтік тұрақтылық пен өндірістік қатынастар деңгейін арттыру бойынша жоспарларды іске асырады.

ҚМГ компаниялар тобында жас мамандарды ротациялаудың "Жас Өркен" бағдарламасы қолданылып жатыр. Оның мақсаты – Қазақстанның дарынды жастарын дамыту.

Дарынды жастарды ақпараттық технологиялар мен цифрландыру бағытында дамыту мақсатында 2018 жылы " Цифрлық жаз" бағдарламасы іске қосылды, оның міндеті – жас мамандарды цифрландыру жобаларына тарту.

8.8. Еңбек құқықтарын қорғау және еңбекші көшіп-қонушыларды қоса алғанда, барлық еңбекшілер, әсіресе көшіп-қонушы әйелдер мен тұрақты жұмыспен қамтылмаған адамдар үшін сенімді және қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге жәрдемдесу

ҚМГ ЕТҰ қызметкерлерін әлеуметтік қолдау олардың ұжымдық шарттарында және әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларында белгіленеді. ҚМГ компаниялар тобының барлық кәсіпорындары бойынша әлеуметтік қолдау түрлері мен нормаларын біріздендіру мақсатында ҚМГ ЕТҰ қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің үлгілік қағидалары қабылданды.

Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі бойынша үздік тәжірибелер белсенді енгізілуде.

Толығырақ ақпарат " Персоналды дамыту" және "ДС, ӨҚ және ҚОҚ"бөлімдерінде.

Индустриализация, инновации и инфраструктура

Берік инфрақұрылым құру, барлығын қамтитын және тұрақты индустрияландыру мен инновацияларға жәрдемдесу

9.1. Экономикалық даму мен адамдардың әл-ауқатын қолдау мақсатында, баршаға арналған арзан және тең құқылы қолжетімділікті қамтамасыз етуге ерекше назар аудара отырып, өңірлік және трансшекаралық инфрақұрылымды қоса алғанда, сапалы, сенімді, орнықты және берік инфрақұрылымды дамыту

ҚМГ қызметкерлердің еңбек және тұрмыс жағдайын жақсарту үшін өндірістік (база, шеберханалар және т.б.) және өндірістік емес мақсаттағы (жатақхана, асхана) объектілердің құрылысын және күрделі жөндеуді жүргізеді. Бұл ретте қатысу өңірлерінде инфрақұрылымды дамытуға маңызды көңіл бөлінеді.

9.b. Дамушы елдердегі отандық технологиялар саласындағы әзірлемелерді, зерттеулер мен инновацияларды, оның ішінде өнеркәсіпті әртараптандыруға және шикізат салаларында қосылған құнды ұлғайтуға қолайлы саяси ахуал жасау арқылы қолдау

ҚМГ цифрлық трансформация бағдарламасы ғылыми зерттеулерді кеңейтуге, өнеркәсіптік секторлардың технологиялық мүмкіндіктерін жетілдіруге ықпал етеді. ҚМГ ғылыми зерттеулерге және осы саладағы жергілікті әлеуетті арттыруға қомақты қаражат инвестициялайды. Өнеркәсіптік әртараптандыруды қамтамасыз ету үшін отандық технологиялық қуаттарды дамыту елдегі климаттық жағдайға да оң әсер етеді.

Толығырақ ақпарат "Персоналды дамыту", "Трансформация және цифрландыру"бөлімдерінде.

Борьба с изменением климата

Климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдау

13.2. Климаттың өзгеруіне ден қою шараларын ұлттық деңгейдегі саясатқа, стратегияларға және жоспарлауға енгізу

ҚМГ шығарындыларды азайту, энергия тиімді инвестициялар бағдарламасын құру, оның прогресін бағалау және басқа әлемдік компаниялармен озық тәжірибе алмасу арқылы климаттық тәуекелдерді басқаруға ұмтылады.

Компанияда шығарындыларды басқару саясаты бекітілді. Негізгі сегіз қағидаттан тұратын саясат, олардың алтауы климаттың өзгеруіне тікелей қатысты, тұрақты алауды толығымен тоқтатуға бағытталған.

ҚМГ 2019 жылдан бастап көміртек пен су ізінің есебін жүргізеді. ҚМГ көміртек ізін есептейді және Carbon Disclosure Project (CDP) алаңында Климаттық сауалнаманы орналастырады. Алғаш рет 2020 жылы ҚМГ компаниялар тобы бойынша су ізі есептеліп, халықаралық есептілік шеңберінде Су қауіпсіздігі жөніндегі сауалнама орналастырылды.

Корпоративтік " жасыл" бағыт белсенді дамып келеді және қалдықтарды бөлек жинауды енгізу, кеңселік үй-жайларда суды және энергияны үнемдеу және т. б. сияқты " жасыл кеңсе" қағидаттары кезең-кезеңімен енгізілуде.

13.3. Білім беруді, ақпарат таратуды және адамдар мен мекемелердің климаттың өзгеру өткірлігін жұмсарту және салдарын әлсірету, оларға бейімделу және ерте алдын алу бойынша мүмкіндіктерін жақсарту

2020 жылғы тамызда ҚМГ Румыния мен Грузиядағы ЕТҰ-ны қоса алғанда, барлық ҚМГ активтері бойынша парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындыларының көлемі туралы деректерді қамтитын CDP Климаттық сауалнамасы шеңберінде 2019 жылғы парниктік газдар шығарындылары бойынша есеп жариялады.

ҚМГ Қазақстан Республикасының су ресурстарын сақтауға өз үлесін қосуға ниетті екенін ресми түрде мәлімдеді. 2020 жылы су ресурстарын басқару жөніндегі деректер 2019 жылдың қорытындысы бойынша су қауіпсіздігі жөніндегі сауалнама шеңберінде CDP алаңында жарияланды.

Толығырақ ақпарат "ДС, ӨҚ және ҚОҚ"бөлімінде.

Сохранение экосистем суши

Құрлықтың экожүйелерін қорғау, қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, ормандарды ұтымды басқару, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің тозу процесін тоқтату мен кері бұру және биологиялық әртүрлілікті жоғалту процесін тоқтату

15.3. 2030 жылға қарай шөлейттенуге қарсы күрес жүргізу, шөлейттену, құрғақшылық және су тасқыны әсер еткен жерлерді қоса алғанда, тозған жерлер мен топырақты қалпына келтіру және бүкіл әлемде жердің жағдайын нашарлатпауға ұмтылу

ҚМГ ластаушы заттардың төгінділерін азайтуға және табиғи көздерден су алуды азайтуға бағытталған жобалар іске асырылуда:

  • АМӨЗ " Тазалық" ластаушы заттардың төгінділерін қысқарту және суды үнемдеу жөніндегі жоба;
  • КБМ тұщыландыру зауытының құрылысы.

Суды қайта пайдалану және айналмалы сумен жабдықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Тарихи мұнай қалдықтарын қалпына келтіру, сондай-ақ мұнаймен ластанған жерлерді қалпына келтіру жобаларын іске асыру.

15.5. Табиғи мекендеу ортасының тозуын тежеу жөнінде маңызды шараларды дереу қабылдау, биологиялық әртүрліліктің жоғалуын тоқтату және 2020 жылға қарай жойылып кету қаупі төнген түрлердің сақталуын және жойылуын болдырмауды қамтамасыз ету

Қатысатын өңірлерде биоәртүрлілікті қолдау бойынша басым салалар айқындалды.

Жануарлар мен өсімдіктер әлеміне ықтимал теріс әсерді азайту бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Толығырақ ақпарат "ДС, ӨҚ және ҚОҚ"бөлімінде.

2021 жылы орнықты даму саласындағы бастамаларды бекіту және іске асыру бойынша мақсатты жұмыс жоспарлануда. Бастамалар орнықты даму саласындағы нәтижелілікті жоспарлы жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған.

элементтері мен қағидаттарын енгізуге, сондай-ақ Компанияда орнықты даму жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін жүйелі бағалауға мүмкіндік береді. Орнықты даму жүйесін қалыптастырумен қатар орнықты даму мәдениетін арттыруға үлкен көңіл бөлінеді. Корпоративтік орталық пен ЕТҰ қызметкерлері үшін тұрақты негізде орнықты даму бойынша оқу курстары өткізіледі. Орнықты даму саласындағы басқару жүйесін қалыптастыруды жалғастыра отырып, 2020 жылы ҚМГ Директорлар кеңесі ҚМГ компанияларының тобында орнықты даму саласындағы басқару жүйесі жөніндегі басшылықты бекітті. Осы Басшылық орнықты дамудың

ҚМГ мүдделі тараптармен белсенді диалог қағидатын іске асыра отырып, өз қызметінің ашықтығы мен айқындығының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ұмтылады. Жыл сайын GRI халықаралық стандарттарына сәйкес орнықты даму туралы есепте Компания жұмысының барлық елеулі аспектілері туралы ақпарат ашылады. Бұл қызметтің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілері арасындағы тепетеңдікті сақтауға мүмкіндік береді.