ГАЗ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСІ
2020 жылы табиғи және ілеспе газды өндіру көлемі 3,1%- ке, 8 192 млн м3-ге дейін азайды. Бұл ретте 2 463 млн м3 (30%) операциялық активтердің үлесіне және 5 729 млн м3 (70%) мегажобалардың үлесіне тиесілі. Көлемдер құрылымындағы негізгі үлестер Теңіз бен Қарашығанақ мегажобаларына тиесілі.
Операциялық активтер | 2018 | 2019 | 2020 |
---|---|---|---|
"Өзенмұнайгаз" АҚ + ҚазГӨЗ | 558 | 680 | 751 |
"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ | 207 | 116 | 161 |
"Қазгермұнай БК" ЖШС | 205 | 184 | 150 |
"Амангелді Газ" ЖШС | 345 | 346 | 326 |
"Қазақойл Ақтөбе" ЖШС | 173 | 157 | 185 |
"Ембімұнайгаз" АҚ | 154 | 135 | 152 |
"Қазақтүрікмұнай" ЖШС | 143 | 163 | 103 |
"ПетроҚазақстан Инк." АҚ | 68 | 43 | 49,5 |
"Қаражанбасмұнай" АҚ | 0 | 0 | 0 |
Операциялық активтер бойынша барлығы | 1 853 | 1 823 | 1 877 |
Мегажобалар | 2018 | 2019 | 2020 |
Теңіз | 1 837 | 1 894 | 1 735 |
| 949 | 911 | 899 |
Қашаған | 301 | 293 | 287 |
Мегажобалар бойынша барлығы | 3 087 | 3 099 | 2 921 |
Газ өндіру бойынша мәндер өндірілген газдың нақты көлемін құрайды, оның ішінде резервуарға және өз қажеттіліктеріне қайта айдау. Газды кері айдау мұнай өндірудің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін қабаттық қысымды ұстап тұру үшін қолданылады.
2020 жылы тауарлық газ өндірісінің көлемі 4 798 млн м3 құрады, оның ішінде операциялық активтер есебінен 1 877 млн м3 және мегажобалар есебінен 2 921 млн м3. 2019 жылмен салыстырғанда ҚМГ тауарлық газ өндірісі жиынтықта 124 млн м3 немесе 2,5%-ке азайды.
ҚазГӨЗ өзі өндірген шикізатты қайта өңдеумен қатар тауарлық газды өз бетінше өндірмейтін ҚМГ-нің басқа операциялық активтерінен алынған шикізат негізінде тауарлық газ өндіреді.