КРЕДИТТІК РЕЙТИНГТЕР
ҚМГ кредиттік рейтингтерді инвестициялық деңгейде ұстап тұруға, жоғары кредиттік бейінді сақтауға және Компанияның іскерлік имиджін адал қарыз алушы ретінде қолдауды қамтамасыз етуге ниетті. 2018-2019 жылдары қаржылық орнықтылықты қолдау жөніндегі шаралар Fitch, Moody's пен S&P-ден Компанияның жеке кредит қабілеттілігінің сипаттамаларын (Stand-alone Credit Profile, SACP) анағұрлым жоғары бағалауда көрініс тапты, 2020 жылы қаржылық орнықтылық бойынша жүргізілетін іс-шаралар нәтижесінде жағымсыз сыртқы факторларға қарамастан, ҚМГ кредиттік рейтингтердің сақталуын қамтамасыз ете алды.
ҚМГ рейтингтерінің динамикасы
- Moody's рейтингтік агенттігі 2020 жылы рейтингтердің мерзімді шолуын жариялады. 2020 жылғы 14 желтоқсандағы ҚМГ рейтингтерін мерзімді шолуда Moody's Компанияның айтарлықтай мұнай қорларын және ОПЕК+ келісімінің шеңберінде шектеусіз тұрақты өндіруді, ҚМГ өтімділігінің жоғары көрсеткіштерін және берешекті өтеудің ұзақ мерзімді бейінін көрсетеді.
- 2020 жылғы 27 наурызда Fitch Ratings рейтингтік агенттігі ҚМГ эмитенті дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін "тұрақты" болжаммен "BBB–" деңгейінде растады.
- 2020 жылғы 27 наурызда S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі ҚМГ рейтингтері бойынша болжамдарды "тұрақтыдан" "негатив" деп қайта қарады және ұлттық және шетел валюталарындағы ұзақ мерзімді рейтингтерді "ВВ" деңгейінде растады.
- 2021 жылғы 28 қаңтарда мұнай мен газды барлау, өндіру және өңдеу секторының тәуекелдерін бағалауды қайта қарағаннан кейін S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі ҚМГ-нің кредиттік рейтингтерін "теріс" болжаммен "BB" деңгейінде растады.