Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл

ҚМГ өзінің экономикаға, экологияға және қоғамға әсерінің маңыздылығын түсінеді және мүдделі тараптар мүдделерінің балансын сақтауға ұмтылады. Компания мүдделі тараптармен жауапты, ойластырылған және ұтымды өзара іс-қимыл тәсілін қолданады.

ҚМГ-де тәуелділікті (тікелей немесе жанама), міндеттемелерді, жағдайды (жоғары тәуекел аймақтарына назар аудара отырып), әсерді, әртүрлі (алуан түрлі) перспективаларды ескере отырып, тәуекелдер мен саралауды көрсететін мүдделі тараптардың картасы бекітіледі. Компанияда мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспарлары тиімді іске асырылуда. ҚМГ AA1000SES Stakeholder Engagement Standard сияқты халықаралық стандарттарды қоса алғанда, мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың ең үздік тәжірибесін қолданады.

Компания тартымды еңбек жағдайларын жасау және мүдделі тараптармен тиімді диалог құру арқылы мүдделі тараптардың ниеттестігін арттыруға ниетті, бұл клиенттер, акционерлер, инвесторлар, мемлекеттік органдар, жергілікті тұрғындар, қоғамдық ұйымдар тарапынан түсіну мен қолдау есебінен ҚМГ қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жөніндегі негізгі іс-шаралар
Мүдделі тараптар тобы Берілетін ақпарат түрі Методы коммуникации
Акционерлер Бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын Компанияның қызметі, корпоративтік оқиғалар туралы ақпарат
  • Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету

  • ПҚМГ Директорлар кеңесінде акционерлердің мүдделерін білдіру

  • Корпоративтік сайтта жариялау

  • Қазақстандық қор биржасының сайтында жариялау

  • Қаржы есептілігі депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты ашу

ЕТҰ Компанияның қызметі, стратегиялық даму жоспарлары, енгізілетін корпоративтік басқару тетіктері, өзара іс-қимыл әдістері, ЕТҰ мүдделерін қозғайтын корпоративтік оқиғалар туралы ақпарат
  • Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету

  • Корпоративтік сайтта жариялау

  • Акционерлердің/қатысушылардың жалпы жиналыстарында, сондай-ақ директорлар кеңестерінде / байқау кеңестерінде акционердің мүдделерін білдіру

  • Кеңестер, консультациялық панельдер, конференц-қоңыраулар өткізу

  • Комитеттерге, жұмыс топтарына қатысу

  • Тренингтер, семинарлар ұйымдастыру

Компанияның қызметкерлері мен олардың кәсіби одақтары Компанияның даму жоспарлары, еңбек жағдайлары, мансаптық өсу, әлеуметтік-еңбек құқықтарын сақтау, ҚМГ қызметкерлерінің мүдделерін қозғайтын корпоративтік оқиғалар туралы ақпарат
  • Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету

  • Корпоративтік сайтта жариялау

  • Басшылықтың еңбек ұжымдарымен кеңестерін, жиналыстарын, есептік кездесулерін өткізу

  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі кеңестер мен комитеттер

  • Тренингтер, семинарлар ұйымдастыру

  • Хабарламаларды ішкі тарату

  • Ішкі байланыс арналары арқылы материалдарды тарату

  • Сауалнама, анкеталар

  • Конкурстар

Іскерлік серіктестер, жеткізушілер, тұтынушылар

Толығырақ ақпарат «Инвесторлармен өзара іс-қимыл» бөлімінде

Өзара тиімді ынтымақтастық шарттарына әсер ете алатын басшылықтың шешімдері, серіктестердің, жеткізушілердің, клиенттердің мүдделерін қозғайтын корпоративтік оқиғалар туралы ақпарат
  • Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету

  • Корпоративтік сайтта жариялау

  • Жиналыстар, кездесулер, конференц-қоңыраулар өткізу

  • Шағымдармен және өтініштермен жұмысты қамтамасыз ету

  • Серіктестер/жеткізушілер күндерін ұйымдастыру

  • Хабарламаларды тарату

  • Аудиттер

Инвесторлар

Толығырақ ақпарат «Инвесторлармен өзара іс-қимыл» бөлімінде

Компанияның қызметі, инвесторлар мен жалпы инвестициялық қоғамдастықтың мүдделерін қозғайтын корпоративтік оқиғалар туралы ақпарат
  • Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету

  • корпоративтік сайтта, оның ішінде «Инвесторлар» бөлімінде жариялау (www. ir.kmg.kz

  • Қазақстандық қор биржасының сайтында жариялау

  • Инвесторлар үшін және басқа да көпшілік іс-шаралар шеңберінде көшпелі тұсаукесерлер (роуд-шоу) ұйымдастыру

  • Кездесулер, конференц-қоңыраулар өткізу

  • Электрондық пошта арқылы сұраулармен жұмыс істеуді қамтамасыз ету (ir@kmg.kz), телефон консультациялары

  • Баспасөз релиздерін орналастыру

Мемлекеттік органдар Мемлекеттің, халықтың мүдделерін қозғайтын әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және салалық сипаттағы ақпарат
  • Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету

  • Корпоративтік сайтта жариялау

  • Жиналыстар, кездесулер, конференц-қоңыраулар өткізу

  • БАҚ жариялау

  • Деректерді электрондық жүйеге енгізу

  • Байланыс құралдары арқылы хабарлау

  • Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыс топтары

Қаржы институттары Қаржы институттарының мүдделерін қозғайтын қаржылық сипаттағы ақпарат, Компанияның қаржылық орнықтылығы туралы мәселелер
  • Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету

  • Корпоративтік сайтта жариялау

  • БАҚ жариялау

Жергілікті қоғамдастықтар Халықты жұмыспен қамту, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, экологиялық қауіпсіздік және табиғатты қорғау қызметіне қатысты ақпарат
  • Корпоративтік сайтта жариялау

  • Халықпен кездесулер өткізу

  • Қоғамдық тыңдауларға қатысу

  • БАҚ-та жариялау

  • Азаматтарды қабылдау

  • Шағымдармен және өтініштермен жұмысты ұйымдастыру

  • Жергілікті органдардың жұмысына және жергілікті қоғамдастықтардың жобаларына қатысу

  • Жергілікті қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен көпшілік іс-шаралар өткізу

Бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан Республикасының заңнамасына және ҚМГ ішкі құжаттарына сәйкес құпия ақпараттан басқа кез келген ақпарат
  • Компанияның сайтында және БАҚ баспасөз релиздерді, ақпараттық хабарламаларды, мақалаларды жариялау

  • Баспасөз релиздерді тарату

  • БАҚ сұрауларына жауап беру

  • Баспасөз конференцияларын, брифингтер, баспасөз турларын, форумдар, инфосессиялар және басқа да медиа іс-шараларын өткізу

Қоғамдық ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына және ҚМГ ішкі құжаттарына сәйкес құпия ақпараттан басқа кез келген ақпарат
  • Қауымдастықтарға мүшелік

  • Халықаралық бастамалар

  • Салалық форумдарға, конференцияларға қатысу

  • Әлеуметтік және экологиялық мәселелер бойынша жұмыс топтарына мүшелік

  • Сауалнамалар мен зерттеулер

  • Сұраулармен жұмыс